Желі нұсқаулығы

55
Wireless (Сымсыз)
Келесі сымсыз желі параметрлерін өңдеңіз:
SSID: хост компьютер немесе FTP сервер
орналасқан желінің атауын (SSID) енгізіңіз.
Communication mode (Байланыс
режимі): Сымсыз желіге қатынасу нүктесі
арқылы сымсыз байланыс үшін
Infrastructure (Инфрақұрылым)
параметрін, фотокамераны FTP серверге немесе компьютерге
тікелей қосылған болса, Ad hoc (Нүкте-нүкте байланысы)
параметрін таңдаңыз.
Channel (Арна): арнаны таңдаңыз (тек нүкте-нүкте байланысы;
инфрақұрылым режимінде
арна автоматты түрде таңдалады).
Authentication (Аутентификация): желіде пайдаланылатын
аутентификация. Ашық жүйе, ортақ кілт, WPA-PSK жəне WPA2-
PSK (infrastructure) немесе ашық жүйе жəне ортақ кілт (нүкте-
нүкте байланысы) арасынан таңдаңыз.
Encryption (Шифрлау): желіде пайдаланылатын шифрлау.
Қол жетімді параметрлер пайдаланылатын аутентификацияға
байланысты:
Open (Ашу): жоқ; 64 немесе 128 биттік WEP
Shared (Ортақ): 64 немесе 128 биттік WEP
WPA-PSK: TKIP; AES
WPA2-PSK: AES
Encryption key (Шифрлау кілті): егер желі шифрлауды
пайдаланса, желі кілтін енгізіңіз. Қажет таңбалар саны
пайдаланылатын кілт түріне байланысты:
Key index (Кілт индексі): Encryption (Шифрлау) үшін WEP64
немесе WEP128 таңдалған болса, қатынасу нүктесі немесе
хост компьютер пайдаланатын сəйкес кілт индесін таңдаңыз.
No encryption (Шифрлаусыз) параметрі таңдалған болса, кілт
индексі қажет емес.
WEP
(64 биттік)
WEP
(128 биттік)
TKIP, AES
Таңбалар саны (ASCII) 5 13 8–63
Таңбалар саны
(он алтылық)
10 26 64