Желі нұсқаулығы

v
Ескертулер
Nikon компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз кез келген
түрде, кез келген құрал арқылы бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігінің
көшірмесін жасауға, оны таратуға, транскрипциялауға, шығарып алу
жүйесінде сақтауға немее кез келген тілге аударуға болмайды.
Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдық пен
бағдарламалық жасақтаманың техникалық сипаттамалаын кез келген
уақытта жəне алдын ала ескертусіз өзгерту
құқығын сақтап қалады.
Nikon компаниясы осы өнімді пайдалану нəтижесінде болуы мүмкін
барлық шығындарға жауап бермейді.
Осы нұсқаулықтағы ақпараттың дəл жəне толық болуын қамтамасыз
ету үшін бар күш салынғанымен қандай да бір қателер туралы сіздің
аумақтағы Nikon өкіліне (мекенжай бөлек берілген) хабарласыңыз, біз
мұны бағалаймыз.
Көшіруге тыйым салуға қатысты ескерту
Сканер, сандық
фотокамера немесе басқа құрылғы арқылы сандық
жолмен көшірілген материалға ие болудың өзі аңмен қудалануы мүмкін
екенін ескеріңіз.
Заң бойынша көшіруге тыйым салынған нəрселер
Тіпті көшірмелерде «Үлгі» мөрі болса да, қағаз ақшаның, тиындардың,
құнды қағаздардың, мемлекеттік облигациялардың немесе жергілікті
мемлекеттік облигациялардың көшірмелерін жасамаңыз.
Шет елде айналымда жүрген қағаз ақшаның, тиындардың немесе
құнды
қағаздардың көшірмелерін жасауға тыйым салынған.
Үкіметтен алдын ала рұқсат алынбаса, үкімет шығарған
пайдаланылмаған пошталық маркалардың немесе ашықхаттардың
көшірмелерін жасауға тыйым салынған.
Үкімет шығарған мөрлердің жəне куəліктендірілген құжаттардың
көшірмелерін жасауға тыйым салынған.