Желі нұсқаулығы
29
Дисплей
тақтасы
Экспозиция индикаторын қамтиды, əрі батарея
зарядының деңгейі мен қалған кадрлар санын
көрсетеді.
Фотокамера
параметрлері
Ысырма жылдамдығы, апертура, экспозиция түзетілімі,
ISO сезімталдық, ақ түс балансы, өлшеу, АФ
аумағының режимі, фокустау режимі, кескін аумағы (тек
тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру), микрофон
сезімталдығы (те бейнефильм тікелей көрінісі) жəне
фотосуреттің кескін сапасы жəне өлшемі немесе
бейнефильмнің сапасы жəе кадр өлшемі/кадр
жылдамдығы параметрлерін көрсетеді. Қосымша
ақпаратты фотокамера нұсқаулығынан
қараңыз.
Параметрлерді фотокамераның параметрлер
панелінде белгішелерді басу арқылы реттеуге болады.
Ысырма
түймешігі
Фотосурет түсіру немесе бейнефильм жазуды бастау
жəне аяқтау. Фокустау үшін көріністапқыш аумағында
қажет нысанды басыңыз.
Сынау
түймешігі
Сынақ фотосуретті түсіріңіз жəне фотокамераның жад
картасына жазбастан көріністапқышта көрсетіңіз.
Бейнефильм тікелей көрінісінде қол жетімді емес.










