Желі нұсқаулығы

19
Фотокамераны басқару
Бұл параметрді фотокамераны Camera Control Pro 2 (бөлек
сатылады) бағдарламасы орнатылған компьютерден басқару
жəне фотосуреттерді фотокамераның жад картасының орнына
тікелей компьютердің қатты дискіне сақтау үшін таңдаңыз
(бейнефильмдер фотокамераның жад картасына сақталады;
бейнефильмдерді түсіру алдында жад картасын слыңыз).
Фотокамера фотокамераны басқару режимінде болғанда
фотокамераның күту режимінің таймері аяқталмайтынын
ескеріңіз.
1 Желілік профильдерді көрсетіңіз.
Профильдер тізімін көрсету үшін баптау
мəзірінде Network (Желі) > Network
settings (Желі параметрлері) тармағын
таңдаңыз. Фотокамераны басқару
профильдері L белгішесімен
көрсетіледі. Профильді белгілеңіз, сөйтіп
белгіленген профильді таңдау жəне желі
мəзіріне оралу үшін J түймешігін
басыңыз.
2 Network connection (Желілік
қосылым) тармағын таңдаңыз.
Network connection (Желілік
қосылым) тармағын белгілеп, 2
түймешігін басыңыз.