Желі нұсқаулығы
15
Кескіндерді тасымалдау
Кескіндерді тасымалдау фотокамераның жад картасынан
компьютерге фотосуреттерді жəне бейнефильмдерді кеі жүктеу
үшін пайдаланылады. Келесі түсіндірмеде бар суреттер
пайдаланылады деп есептеледі.
1 Желілік профильдерді көрсетіңіз.
Профильдер тізімін көрсету үшін баптау
мəзірінде Network (Желі) > Network
settings (Желі параметрлері) тармағын
таңдаңыз. Кескіндерді тасымалдау
профильдері K белгішесімен
көрсетіледі. Профильді белгілеңіз, сөйтіп
белгіленген профильді таңдау жəне желі
мəзіріне оралу үшін J түймешігін
басыңыз.
2 Network connection (Желілік
қосылым) тармағын таңдаңыз.
Network connection (Желілік
қосылым) тармағын белгілеп, 2
түймешігін басыңыз.
3 Enable (Қосу) параметрін
таңдаңыз.
Enable (Қосу) параметрін белгілеңіз,
сөйтіп желіге қосылу жəне желі мəзіріне
оралу үшін J түймешігін басыңыз.
Қосылым орнатылғанда профиль
атауы жасыл түспен көрсетіледі.










