Қолданушы нұсқаулығы

230
t
2 Аралықты таңдаңыз.
Interval (Аралық) параметрін
белгілеп, 2 түймешігін
басыңыз, содан кейін
минуттарды немесе
секундтарды белгілеу үшін
4 немесе 2 түймешігін
басыңыз жəне өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
Болжалды ең баяу жылдамдықтан ұзағырақ аралықты
таңдаңыз. Даралап фотосурет түсіру мəзіріне оралу үшін
J түймешігін басыңыз.
3 Суретке түсіру уақытын
таңдаңыз.
Shooting time (Суретке түсіру
уақыты) параметрін белгілеп,
2 түймешігін басыңыз, содан
кейін сағаттарды немесе
минуттарды белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз
жəне өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Ең көп
суретке түсіру уақыты — 7 сағат жəне 59 минут. Даралап
фотосурет түсіру мəзіріне оралу үшін J түймешігін басыңыз.
4 Экспозицияны тегістеуді
қосу-қоспауды таңдаңыз.
Exposure smoothing
(Экспозицияны тегістеу)
параметрін белгілеп, 2
түймешігін басыңыз, содан
кейін 1 немесе 3 түймешігін басып параметрді белгілеңіз
жəне J түймешігін басып таңдаңыз. On (Қосулы) күйін
таңдау фотокамераға экспозицияны e, f жəне g
режимдеріндегі əр сериядағы бірінші түсірілімге
сəйкестендіруге мүмкіндік береді (h режимінде ISO
сезімталдықты басқару қосулы болса ғана экспозицияны
тегістеу қолданылатынын ескеріңіз).