Q0860UM_EU(Kk)01_cover.fm Page 1 Thursday, December 26, 2013 5:40 PM Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дəйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды. САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы Жасап шығарушы : Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз жəне өнім туралы соңғы мəліметтерді жаңартып отырыңыз.
Фотокамераны пайдаланудың толық нұсқаулығын алу үшін Анықтамалық нұсқаулықты қараңыз (0 iv). Фотокамераның мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін осы Қолданушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз жəне оны өнімді қолданатын барлық адамдар оқитын жерде сақтаңыз. Таңбалар жəне шартты белгілер Қажет ақпаратты табуды оңайырақ ету үшін келесі таңбалар мен шартты белгілер пайдаланылған: D Бұл белгіше сақтандыруларды таңбалайды; фотокамераға зақым келтірмеу үшін пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
Қаптама құрамы Қаптама құрамында төмендегі заттар бар екеніне көз жеткізіңіз: DK-25 резеңке көзүсті қалқаны BF-1B корпус қақпағы D3300 фотокамерасы EN-EL14а қайта зарядталмалы литий-ионды батареясы (түйіспе тұс қақпағы бар) MH-24 зарядтау құрылғысы (қажет елдерде немесе аймақтарда ашалы адаптер қамтамасыз етіледі; пішіні сатылған елге байланысты) AN-DC3 мойын бауы UC-E17 USB кабелі EG-CP14 дыбыс/бейне кабелі ViewNX 2 ықшам дискісі Қолданушы нұсқаулығы (осы кітапша) Объектив жинағы опциясын сатып алушыла
Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы D3300 фотокамерасымен жұмысты жылдам бастау үшін осы қадамдарды орындаңыз. 1 Фотокамера бауын тағыңыз (0 11). Мойын бауын көрсетілгендей тағыңыз. Екінші тесік үшін қайталаңыз. 2 Батареяны зарядтаңыз (0 11). 3 Батареяны жəне жад картасын салыңыз (0 12). 4 Объективті бекітіңіз (0 13).
Фотокамераны қосыңыз (0 14). 6 Тілді таңдаңыз жəне фотокамера сағатын орнатыңыз (0 15). 7 Фотосуретті жақтауға алыңыз (0 24). 8 Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (0 24). 9 Суретке түсіріңіз (0 25).
Анықтамалық нұсқаулық Nikon фотокамерасын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін фотокамераның Анықтамалық нұсқаулығының pdf пішіміндегі көшірмесін төменде берілген веб-сайттан жүктеңіз. Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Reader, я болмаса Adobe Acrobat Reader 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасын пайдаланып көруге болады. 1 Компьютерде веб-шолғышты іске қосып, келесі сайтты ашыңыз: http://nikonimglib.com/manual/ 2 Тілді таңдаңыз жəне Анықтамалық нұсқаулықты жүктеңіз. 3 Жүктелген файлды екі рет басыңыз.
Мазмұны Қаптама құрамы......................................................................... i Қауіпсіздік шаралары ........................................................... viii Ескертпелер ............................................................................ xii Кіріспе 1 Фотокамерамен танысу .......................................................... Фотокамера корпусы ............................................................... Режимді таңдау дискі........................................
Параметрлерді нысанға немесе жағдайға сəйкес ету (көрініс режимі) k Portrait (Портрет) ........................................................... l Landscape (Пейзаж) ...................................................... p Child (Бала).................................................................... m Sports (Спорт) ................................................................ n Close up (Жақыннан түсіру) .......................................... o Night Portrait (Түнгі портрет) ...................
Фотокамера мəзірлері 75 Мəзір параметрлері................................................................ 76 Фотокамера мəзірлерін пайдалану ...................................... 79 ViewNX 2 ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасын орнату ............. ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасын пайдалану ...... Суреттерді компьютерге көшіру ........................................... Суреттерді қарау....................................................................
Қауіпсіздік шаралары Nikon өніміне зақым немесе өзіңізге немесе басқаларға жарақат келтірмеу үшін осы жабдықты пайдаланудан бұрын келесі сақтық шараларын толық оқып шығыңыз. Осы сақтық нұсқауларын өнімді пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз. Осы бөлімде берілген сақтық шараларын ескермеуден болуы мүмкін салдарлар келесі таңбамен белгіленген: белгіше ескертулерді білдіреді. Жарақат алып қалмау үшін осы A Бұл Nikon өнімін пайдаланудан бұрын барлық ескертулерді оқыңыз.
A Бөлшектемеңіз Өнімнің ішкі бөлшектерін ұстау жарақатқа əкелуі мүмкін. Дұрыс істемеген кезде өнімді білікті маман ғана жөндеуі тиіс. Құлап қалу немесе басқа себепке байланысты өнім шашылып қалса, батареяны жəне/немесе айнымалы ток адаптерн суырыңыз, содан кейін өнімді тексерту мақсатында Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз. A Бауды сəбидің немесе баланың мойнына аспаңыз Камера бауын сəбидің немесе баланың мойнына асу қылғынуға əкелуі мүмкін.
A Батареяларды пайдаланған кезде тиісті сақтық шараларын сақтаңыз Дұрыс пайдаланылмаса, батареялар ағуы немесе жарылуы мүмкін. Осы өнім үшін пайдалану мақсатында батареяларды пайдаланған кезде мына сақтық шараларын орындаңыз: • Осы жабдықта пайдалану үшін құпталған батареяларды ғана пайдаланыңыз. • Батареяны қысқа тұйықтап немесе бөлшектеп алмаңыз. • Батареяны ауыстырмас бұрын өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Егер айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз, оның суырылғанына көз жеткізіңіз.
A Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз Кабельдерді кіріс жəне шығыс ұяшықтарына жалғаған кезде, өнімнің талаптарымен қарамақайшылықтың болмауы үшін Nikon тарапынан берілген немесе сатылған кабельдерді ғана пайдаланыңыз. A Ықшам дисктер Дыбыстық ықшам дискке арналған жабдықта бағдарлама немесе нұсқаулықтар жазылған ықшам дисктер ойнатылмаы тиіс. Дыбыстық ықшам диск ойнатқышында ықшам дисктерді ойнату есту қабілетінің жойылуына немесе жабдықтың зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Ескертпелер • Nikon компаниясы осы өнімді • Осы өніммен бірге келген пайдаланудан болған қандай да бір нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon зақымға жауап бермейді. компаниясының жазбаша • Осы нұсқаулықтардағы мəліметтің рұқсатынсыз қандай да бір жолмен дұрыс жəне толық болуына бар күшқайта көшіруге, таратуға, қайта жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға да бір қателерді немесе немесе кез-келген түрде басқа бір ескерілмеген тұстарды байқаған тілге аударуға рұқсат етілмейді.
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген маериалға иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз.
Деректерді сақтау құрылғыларын лақтыру Кескіндерді өшіру немесе жад карталарын немесе өзге де деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы ескін мəліметін толық өшірмейтінін ескеріңіз. Өшірілген файлдарды кейде еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен лақтырылған сақтау құрылғыларынан шығарып алуға болады, бұл жеке суреттерді арам пиғылда пайдалануға əкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету қолданушының өз жауапкершілігі болып табылады.
D Тек Nikon компаниясының шынайы керек-жарақтарын пайдаланыңыз Nikon тарапынан Nikon сандық фотокамерасында пайдалану үшін сертификатталған Nikon компаниясының зауыттық үлгіге сай керекжарақтары ғана оның жұмыстық параметрлеріне жəне қауіпсіздік талаптарына сай келеді. ӨЗГЕ КОМПАНИЯЛАР ШЫҒАРҒАН КЕРЕКЖАРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ФОТОКАМЕРАНЫ ЗАҚЫМДАУЫ ЖƏНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫН ТОҚТАТУЫ МҮМКІН.
Кеден Одағының мəлімдемесі(декларация) үшін ақпарат/ сертификат Жасап шығарушы: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Өндіруші: Никон Корпорейшн Шин-Юракучо Билдинг, 12-1, Юракучо 1-тёме, Тийода-ку, Токио 100-8331, Жапония Телефон: +81-3-3214-5311 Импортер: жшқ «Никон» Ресей Федерациясы, Мəске, 105120, 2-шi Сыромятнический тар көш, уй 1 Телефон: +7 (495) 663-77-64 D3300 Шығарушы ел: Жапония Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме: ТС № RU Д-JP.АЯ46.B.60830 Жарамдылық мерзімі: 24.07.2013 бастап 22.07.
Кіріспе Фотокамерамен танысу Фотокамераның басқару тетіктерімен жəне дисплейлерімен асықпай танысып алыңыз. Нұсқаулықтың өзге бөлімдерін оқу барысында осында қайта оралу үшін осы бөлімге бетбелгі қою пайдалы болуы мүмкін. Фотокамера корпусы 1 Бейнефильмді жазу түймешігі ...37 8 Басқару дискі 2 Қуат ажыратқышы.......................14 9 Режимді таңдау дискі....................4 3 Ысырманы босату түймешігі ..............................................24, 25 10 A/L түймешігі ...........................
14 АФ қосымша шамы Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы Қызыл көз əсерін азайту шамы 23 Микропроцессор түйіспелері 15 Кірістірілген жарқыл ................... 29 26 Корпус қақпағы 16 M/ Y түймешігі ........................... 68 27 Қосымша керек-жарақ жалғағышы................................. 94 17 Микрофон ................................... 39 18 Жалғағыш қақпағы 19 Fn түймешігі................................ 77 25 Объектив жиектемесі .................
31 Резеңке көзүсті қалқан 43 O түймешігі ..................................28 32 Көріністапқыш окуляры ..........7, 17 44 Жад картасына қатынасу шамы ....................................................25 33 Диоптрияны реттеу тетігі ...........17 34 K түймешігі .................................26 35 G түймешігі ..............................75 36 X түймешігі ..................................26 37 W/Q түймешігі .......................26, 79 38 P түймешігі...................................
Режимді таңдау дискі Фотокамера келесі суретке түсіру режимдерін жəне g режимін ұсынады: P, S, A жəне M режимдері Фотокамера баптауларын толық басқару үшін осы режимдерді таңдаңыз. • P—Бағдарламаланған автоматты режим (0 68, 69) • S—Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим (0 68, 69) • A—Апертура басымдығы бар автоматты режим (0 68, 70) • M—Қол режимі (0 68, 71) g режимі (0 44) Экрандық анықтаманың көмегімен суреттерді түсіріңіз, көріңіз жəне өңдеңіз, əрі параметрлерді реттеңіз.
Арнайы əсерлер режимдері Суретке түсіру кезінде арнайы əсерлерді пайдаланыңыз.
I (E/#) түймешігі Ысырманы босату əдісін (суретке түсіру режимі) таңдау үшін I (E/#) түймешігін басыңыз, содан кейін қажет параметрді белгілеңіз жəне J түймешігін басыңыз. I (E/#) түймешігі Режим 8 I J E " # 6 Сипаттама Single frame (Əр кадр бойынша): ысырманы босату түймешігі басылған сайын фотокамера бір фотосурет түсіреді. Continuous (Үздіксіз): ысырманы босату түймешігі басылып тұрған кезде фотокамера фотосуреттер түсіреді.
Көріністапқыш 1 Фокустау нүктелері .....................24 2 Фокустау индикаторы .................24 3 Автоэкспозиция (АЭ) құлпының индикаторы 4 Ысырма жылдамдығы ................72 5 Апертура (f саны)........................72 6 Арнайы əсерлер режимінің индикаторы ................................52 7 Төмен батарея заряды туралы ескерту .......................................18 8 Қалған кадрлар саны..................16 Жад буфері толғанға дейін қалған түсірілімдер саны.......................
Ақпараттық дисплей Көру параметрлері: ақпараттық дисплейді көру үшін R түймешігін басыңыз. R түймешігі 1 Суретке түсіру режимі i автоматты/ j автоматты (жарқыл сөндірулі)............................ 22 Көрініс режимдері ................. 50 Арнайы əсерлер режимі....... 52 P, S, A жəне M режимдері .... 68 5 Жарқылды басқару индикаторы Қосымша жарқыл бөліктеріне арналған жарқыл түзетілімінің индикаторы 2 Eye-Fi байланысының индикаторы 8 Суретке түсіру режимі ..................
10 Апертура (f саны)........................72 Апертура дисплейі......................72 11 Ысырма жылдамдығы ................72 Ысырма жылдамдығының индикаторы ................................72 12 Автоэкспозиция (АЭ) құлпының индикаторы 13 АФ аумағын автоматты түрде таңдау индикаторы 3D бақылау индикаторы Фокустау нүктесі .........................24 14 Батарея индикаторы ..................18 15 ISO сезімталдық..........................
Параметрлерді өзгерту: дисплейдің төменгі жағындағы параметрлерді өзгерту үшін P түймешігін басыңыз, содан кейін мульти селекторды пайдаланып элементтерді белгілеңіз жəне белгіленген элементтің параметрлерін көру үшін J түймешігін басыңыз. 1 Ақ түс балансы 2 Кескін өлшемі 3 Кескін сапасы 4 Жарқыл режимі 5 ISO сезімталдық 6 Экспозиция түзетілімі 7 Жарқыл түзетілімі 8 Өлшеу P түймешігі Жарықтандырудың əр түрлі түрлері үшін параметрлерді реттеңіз. Жаңа фотосуреттердің өлшемін таңдаңыз.
Алғашқы қадамдар Батареяларды немесе жад карталарын салу немесе алудан бұрын фотокамераны əрдайым өшіріңіз. 1 Мойын бауын тағыңыз. Мойын бауын көрсетілгендей тағыңыз. Екінші тесік үшін қайталаңыз. 2 Батареяны зарядтаңыз. Ашалы адаптер жинақпен бірге келсе, қабырғадағы розеткаға тығылатын ашаны көтеріп, ашалы адаптерді төменде сол жақта көрсетілгендей жалғап, ашаның толық салынғанына көз жеткізіңіз. Батареяны салып, зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз.
3 Батареяны жəне жад картасын салыңыз. Сарғылт түсті батарея ілмегін бір жаққа басылған күйде ұстау үшін батареяны пайдалана отырып, батареяны көрсетілген бағытта салыңыз. Батарея толық салынған кезде ілмек батареяны орнында құлыптайды. Батарея ілмегі Жад картасын орнына шырт етіп түскенше сырғытыңыз.
4 Объективті бекітіңіз. Объектив немесе корпус қақпағы алынған кезде шаңтозаңның фотокамераға кіруіне жол бермеу үшін сақ болыңыз. Фотокамераның корпус қақпағын алыңыз Объективтің артқы қақпағын алып тастаңыз Бекіту таңбасы (фотокамера) Бекіту таңбаларын туралаңыз Бекіту таңбасы (объектив) Объективті орнына шырт етіп түскенше бұраңыз. Суреттер түсіру алдында объектив қабын алыңыз.
5 Фотокамераны қосыңыз. Тілді таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі. A Қуат ажыратқышы Фотокамераны қосу үшін қуат ажыратқышын көрсетілгендей бұраңыз. Фотокамераны өшіру үшін қуат ажыратқышын көрсетілгендей бұраңыз. A Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешіктері бар объективтер Фотокамераны пайдаланбай тұрып масштабтау сақинасының құлпын ашыңыз жəне оны ұзартыңыз. Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешігін басып тұрып (q), масштабтау сақинасын көрсетілгендей бұраңыз (w).
6 Тілді таңдаңыз жəне Меңзерді жоғары жылжыту фотокамера сағатын орнатыңыз. Тілді таңдау жəне фотокамера сағатын орнату үшін мульти селекторды жəне J түймешігін пайдаланыңыз.
7 Батарея қуатының деңгейін жəне қалған кадрлар санын тексеріңіз. R түймешігін басып, батарея қуатының деңгейін жəне қалған кадрлар санын тексеріңіз. Қалған кадрлар саны жағдайында 1000-нан асатын мəндер «k» əрпімен көрсетілетін мыңдықтармен көрсетіледі.
8 Көріністапқышты фокустаңыз. Объектив қабын алғаннан кейін диоптрияны реттеу тетігін фокустау нүктелері анық фокуста болғанша бұраңыз. Көзіңізді көріністапқышқа жақындатып көріністапқышты пайдаланған кезде, көзіңізге саусақтарды немесе тырнақтарды кіргізіп алмаңыз. Фокустау нүктелері Көріністапқыш фокуста емес Көріністапқыш фокуста D Зарядталу барысында Зарядтау кезінде зарядтау құрылғысын қозғамаңыз немесе батареяны ұстамаңыз.
D Батареяны зарядтау Осы нұсқаулықтың viii–xi жəне 97–101 беттерінде берілген ескертулер мен сақтық жазбаларын оқып, оларды орындаңыз. Батареяны іште 5 °C–35 °C қоршаған орта температураларында зарядтаңыз. Батареяны 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз; осы сақтық шарасы қолданылмаса, батарея зақымдалуы немесе оның өнімділігі нашарлауы мүмкін. 0 °C–15 °C жəне 45 °C–60 °C батарея температураларында сыйымдылық төмендеуі жəне зарядтау уақыты артуы мүмкін.
A Батареяны алу Батареяны алу үшін фотокамераны өшіріп, батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батарея ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта басып, батареяны босатыңыз да, батареяны қолмен алыңыз. A Жад карталарын пішімдеу Жад картасын фотокамерада алғаш пайдаланып жатсаңыз немесе жад картасы басқа құрылғыда пішімделген болса, картаны пішімдеу үшін баптау мəзіріндегі Format memory card (Жад картасын пішімдеу) пəрменін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз (0 77).
A Жад карталарын алу Жад картасына қатынасу шамының өшкеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріп, жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз жəне шығару үшін картаны басыңыз (q). Осыдан кейін жад картасын қолмен суыруға болады (w). A Жазудан қорғау ажыратқышы B 16G SD жад карталары деректердің кездейсоқ жоғалуына жол бермеу үшін жазудан қорғау ажыратқышымен жабдықталған.
A Объективті шешіп алу Объективтерді алған немесе ауыстырған кезде фотокамераны өшіруді ұмытпаңыз. Объективті алу үшін объективті босату түймешігін (q) басып, ұстап тұрыңыз да, объективті сағат тілі бағытында бұраңыз (w). Объективті алғаннан кейін объектив қаптарын жəне фотокамера корпусының қақпағын орындарына салыңыз.
«Бағытта да, түсір» режимдері (i жəне j) Бұл бөлімде параметрлердің көпшілігін суретке түсіру жағдайларына сай фотокамера басқаратын i жəне j режимдерінде, автоматты «бағытта да, түсір» режимдерінде фотосуреттерді жəне бейнефильмдерді қалай түсіру керектігі сипатталады. Жалғастырмай тұрып фотокамераны қосыңыз жəне режимді таңдау дискін i немесе j режиміне бұрыңыз (бұл екеуінің арасындағы жалғыз айырмашылық j режимінде жарқыл жанбайды).
Көріністапқыштағы фотосуреттерді жақтау ішіне алу 1 Фотокамераны дайындаңыз. Фотосуреттерді көріністапқышта жақтауға алған кезде, қол тұтқасын оң қолыңызбен ұстап, камераның корпусын немесе объективті сол қолмен тіреңіз. Фотосуреттерді портреттік (тік) бағдарда жақтауға алған кезде фотокамераны оң жақта көрсетілгендей ұстаңыз.
2 Фотосуретті жақтауға алыңыз. Негізгі нысанды 11 фокустау нүктесінің кемінде біреуінде болып, көріністапқышта фотосуретті жақтауға алыңыз. Фокустау нүктесі 3 Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (егер нысанға аз жарық түсіп Фокустау күйінің Буфер тұрса, жарқыл шығып, АФ сыйымдылығы индикаторы қосымша шамы жануы мүмкін).
4 Суретке түсіріңіз. Фотосуретті түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін ақырын басыңыз. Жад картасына қатынасу шамы жанады жəне фотосурет мониторда бірнеше секундқа көрсетіледі. Шам өшкенге жəне жазу аяқталғанға дейін жад картасын шығармаңыз я болмаса қуат көзін алып тастамаңыз немесе ажыратпаңыз. Жад картасына қатынасу шамы A Ысырманы босату түймешігі Фотокамераның екі кезеңді ысырманы босату түймешігі бар. Фотокамера ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокустайды.
Фотосуреттерді көру K түймешігін басу суретті мониторда көрсетеді. K түймешігі Қосымша суреттерді қарау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. ❚❚ Сурет нобайын қарау Кескіндерді төрт, тоғыз немесе 72 кескіннен тұратын «суреттерді шолу қағаздарында» көрсету (сурет нобайын қарау) үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Мульти селекторды немесе басқару дискін пайдаланып кескіндерді белгілеңіз жəне белгіленген кескінді толық өлшемде көрсету үшін J түймешігін басыңыз.
❚❚ Күнтізбені қарау Таңдалған күнде түсірілген кескіндерді Күндер тізімі көру үшін (күнтізбені қарау), 72 кескін көрсетілген кезде W (Q) түймешігін басыңыз. Күндер тізімі жəне таңдалған күн үшін сурет нобайларының тізімі арасында ажырата қосу үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Мульти селекторды пайдаланып күндер тізімінде күндерді белгілеңіз немесе Сурет нобайларының сурет нобайлары тізімінде суреттерді тізімі белгілеңіз. 72 кадрлық қарауға оралу үшін меңзер күндер тізімінде болғанда X түймешігін басыңыз.
Қажет емес суреттерді өшіру Өшіру керек фотосуретті көрсетіңіз. K түймешігі O түймешігін басыңыз; растау тілқатысу терезесі көрсетіледі. O түймешігі Суретті өшіру үшін O түймешігін қайта басыңыз.
A Күту режимінің таймері Шамамен сегіз секунд бойы ешбір əрекеттер орындалмаса, көріністапқыш пен ақпараттық дисплей батарея қуатының жұмсалуын азайту үшін өшеді. Дисплейді қайтадан қосу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Күту режимінің таймері аяқталғанға дейінгі уақыт ұзақтығын баптау мəзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) параметрін пайдаланып автоматты түрде таңдауға болады (0 77).
Монитордағы фотосуреттерді жақтау ішіне алу 1 a түймешігін басыңыз. Объективтегі көрініс фотокамераның мониторында көрсетіледі (тікелей көрініс). a түймешігі 2 Фотокамераны дайындаңыз. Қол тұтқасын оң қолда ұстаңыз жəне фотокамераның корпусын немесе объективті сол қолмен тіреңіз. Фотосуреттерді портреттік (тік) бағдарда жақтауға алған кезде фотокамераны оң жақта көрсетілгендей ұстаңыз.
3 Фокустаңыз. Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фотокамера фокустап тұрған кезде фокустау нүктесі жасыл болып жыпылықтайды. Фокустау нүктесі Егер фотокамера фокустай алса, фокустау нүктесі жасыл болып көрсетіледі; егер фотокамера фокустай алмаса, фокустау нүктесі қызыл болып жыпылықтайды. 4 Суретке түсіріңіз. Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Жазу барысында монитор өшеді жəне жад картасына қатынасу шамы жанады.
A Көріністі автоматты таңдау (Scene Auto Selector) Егер i немесе j режимінде тікелей көрініс таңдалса, фотокамера нысанды автоматты түрде талдайды жəне автофокус қосылған кезде тиісті суретке түсіру режимін таңдайды. Таңдалған режим мониторда көрсетіледі.
D Тікелей көрініс режимінде түсіру Ақырғы суретте көрінбейтініне қарамастан фотокамера көлденеңінен панорамаланса немесе кадр ішінде нысан жоғары жылдамдықпен қозғалса, бұрмалану көрінуі мүмкін. Фотокамераның панорамалануы кезінде қатты жарық көздері мониторда қалдық кескіндерді қалдыруы мүмкін. Жарық нүктелер де көрінуі мүмкін.
Фотосуреттерді көру K түймешігін басу суретті мониторда көрсетеді. K түймешігі Қосымша суреттерді қарау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз.
Қажет емес суреттерді өшіру Өшіру керек фотосуретті көрсетіңіз. K түймешігі O түймешігін басыңыз; растау тілқатысу терезесі көрсетіледі. O түймешігі Суретті өшіру үшін O түймешігін қайта басыңыз.
Бейнефильмдерді жазу Бейнефильмдерді тікелей көрініс режимінде жазуға болады. 1 a түймешігін басыңыз. Объективтегі көрініс мониторды көрсетіледі. D 0 белгішесі 0 белгішесі бейнефильмдерді жазуға болмайтынын білдіреді. a түймешігі 2 Фотокамераны дайындаңыз. Қол тұтқасын оң қолда ұстаңыз жəне фотокамераның корпусын немесе объективті сол қолмен тіреңіз. 3 Фокустаңыз. Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
4 Жазуды бастаңыз. Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз. Жазу индикаторы жəне қол жетімді уақыт мониторда көрсетіледі. Бейнефильмді жазу түймешігі Жазу индикаторы Қалған уақыты 5 Жазуды аяқтаңыз. Жазуды аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайта басыңыз. Ең үлкен ұзақтыққа жеткенде, жад картасы толғанда немесе басқа режим таңдалғанда жазу автоматты түрде аяқталады. Тікелей көріністен шығу үшін a түймешігін басыңыз.
A Ең көп ұзақтығы Жекелеген бейнефильм файлдарының ең үлкен өлшемі — 4 ГБ; ең көп ұзақтық төменде көрсетілгендей суретке түсіру мəзіріндегі Movie settings (Бейнефильм параметрлері) > Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) жəне Movie quality (Бейнефильм сапасы) (0 76) үшін таңдалған параметрлерге қарай өзгеріп отырады. Жад картасының жазу жылдамдығына байланысты суретке түсіру осы ұзақтыққа жетпей тұрып аяқталуы мүмкін.
D Бейнефильмдерді жазу Жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану мониторда жəне ақырғы бейнефильмде флюоресцентті, сынапты немесе натрийлі шам жарығы астында немесе фотокамера көлденеңінен панорамаланғанда немесе кадрдағы нысан жылдам қозғалғанда көрінуі мүмкін (жыпылықтауды жəне жолақтарды Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) арқылы азайтуға болады; 0 77). Фотокамераның панорамалануы кезінде қатты жарық көздері қалдық кескіндерді қалдыруы мүмкін.
D Кері санақ индикаторы Кері санақ индикаторы тікелей көріністің автоматты түрде аяқталуына 30 с қалғанда көрсетіледі. Суретке түсіру жағдайларына қарай таймер бейнефильмді жазу басталған кезде бірден пайда болуы мүмкін. Қол жетімді жазу уақытының мөлшеріне қарамастан тікелей көрініс таймер тоқтаған кезде автоматты түрде аяқталады. Бейнефильмді жазуды жалғастырмас бұрын ішкі схемалардың салқындауын күтіңіз.
Бейнефильмдерді қарау K түймешігін басып ойнатуды бастаңыз, содан кейін бейнефильм (1 белгішесімен көрсетіледі) көрсетілгенше суреттер арасында жүгіртіңіз. K түймешігі Ойнатуды бастау үшін J түймешігін басыңыз; ағымдағы орын бейнефильмнің орындалу барысының жолағымен көрсетіледі.
Келесі əрекеттерді орындауға болады: Мақсат Пайдалану Кідірту Ойнатуды кідірту. Бейнефильм кідіртілген кезде немесе кері/алға айналдыру барысында ойнатуды жалғастырыңыз. Жылдамдық əрбір басумен 2×, 4×, 8×, 16× аралығында артады; бейнефильмнің басына немесе аяғына өту үшін басып ұстап тұрыңыз (бірінші кадр монитордың жоғарғы оң жақ бұрышындағы h арқылы, соңғы кадр i арқылы көрсетіледі).
Қажет емес бейнефильмдерді өшіру Өшіру керек бейнефильмді көрсетіңіз (бейнефильмдер 1 белгішелерімен көрсетіледі). K түймешігі O түймешігін басыңыз; растау тілқатысу терезесі көрсетіледі. O түймешігі Бейнефильмді өшіру үшін O түймешігін қайта басыңыз.
Анықтама режимі Анықтама Анықтама режимі əр түрлі жиі пайдаланылатын жəне пайдалы функцияларға қатынасты береді. Анықтаманың жоғарғы деңгейі режимді таңдау дискі g күйіне бұралғанда көрсетіледі. Батарея индикаторы (0 18) Қалған кадрлар саны (0 16) Суретке түсіру режимі: суретке түсіру режимінің белгішесінде анықтама режимінің индикаторы көрсетіледі. Келесі элементтердің арасынан таңдаңыз: Shoot (Суретке түсіру) Суреттерді түсіру. Retouch (Өңдеу) Суреттерді өңдеу.
Анықтама режимінің мəзірлері Бұл мəзірлерге қатынасу үшін Shoot (Суретке түсіру), View/ delete (Көру/өшіру), Retouch (Өңдеу) немесе Set up (Реттеу) пəрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
«Суретке түсіруді бастау» Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.
❚❚ Retouch (Өңдеу) Trim (Кадр шеттерін кесу) Filter effects (cross screen) (Сүзгі əсерлері (бүкіл экранда)) Filter effects (soft) (Сүзгі əсерлері (жұмсақ)) Photo illustration (Фотоиллюстрация) Miniature effect (Миниатюра əсері) Selective color (Таңдамалы түс) ❚❚ Set Up (Реттеу) Image quality (Кескін сапасы) Image size (Кескін өлшемі) Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) Print date (Күнді басып шығару) Display and sound settings (Дисплей жəне дыбыс параметрлері) Monitor brightness (Монитор жарықтығы)
Анықтаманы пайдалану Анықтама көрсетіліп тұрғанда мына əрекеттерді орындауға болады: Мақсат Пайдалану Анықтаманың жоғарғы деңгейіне оралу Мониторды қосу Мəзірді белгілеу Сипаттама Мониторды қосу немесе анықтаманың жоғарғы деңгейіне оралу үшін G түймешігін басыңыз. G түймешігі Мəзірді белгілеу үшін 1, 3, 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Мəзірлердегі параметрлерді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
Мақсат Пайдалану Сипаттама Алдыңғы дисплейге оралу үшін 4 түймешігін басыңыз. Болдырмау жəне төменде көрсетілгендей дисплейлерден алдыңғы дисплейге оралу үшін & пəрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Алдыңғы дисплейге оралу Егер монитордың төменгі сол жақ бұрышында d белгішесі көрсетілсе, анықтаманы W (Q) түймешігін басу арқылы көрсетуге болады. Қазіргі уақытта таңдалған параметрдің сипаттамасы түймешік басылып тұрғанда көрсетіледі. Дисплейді жүгірте көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
Параметрлерді нысанға немесе жағдайға сəйкес ету (көрініс режимі) Фотокамера бірнеше «көрініс» режимдерін ұсынады. Көрініс режимі таңдалғанда параметрлер таңдалған көрініске сай автоматты түрде оңтайландырылып, шығармашыл фотосурет түсіру 22-бетте сипатталғандай режимді таңдау, суретті жақтауға алу жəне суретке түсіру сияқты оп-оңай болады.
m Sports (Спорт) Жоғары ысырма жылдамдықтары динамикалық спорт түсірілімдерінде қозғалысты қатырып, негізгі нысанды бөлектеп анық көрсетеді. Ескертпе: кірістірілген жарқыл мен АФ қосымша шамы өшеді. n Close up (Жақыннан түсіру) Гүлдерді, жəндіктерді жəне өзге де кішігірім нысандарды жақыннан түсіру үшін пайдаланыңыз (өте жақын жерден фокустау үшін макрообъективті пайдалануға болады).
Арнайы əсерлер Арнайы əсерлерді кескіндерді жазу кезінде пайдалануға болады.
% Night Vision (Түнгі көрініс) Қараңғы жағдайларда жоғары ISO сезімталдықтарда монохромды кескіндерді жазу үшін пайдаланыңыз. Ескертпе: суреттерге кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар түріндегі бұрмалану əсер етуі мүмкін. Автофокус тек тікелей көріністе қол жетімді; фотокамера фокустай алмаса, қолмен реттелетін фокусты пайдалануға болады. Кірістірілген жарқыл мен АФ қосымша шамы өшеді.
' Toy Camera Effect (Ойыншық фотокамера əсері) Ойыншық фотокамерамен түсірілгендей көрінетін фотосуреттерді жəне бейнефильмдерді жасаңыз. Əсерді тікелей көріністе реттеуге болады (0 59). ( Miniature Effect (Миниатюра əсері) Диорамалардың суреттері болып көрінетін фотосуреттерді жасаңыз. Жоғарғы ыңғайлы тұстан түсірілген фотосуреттерде ең жақсы нəтиже береді.
3 Low Key (Қою реңкті сурет) Жарық аумақтары бөлектелген күңгірт, қою түсті кескіндер жасау үшін күңгірт көріністерде пайдаланыңыз. Ескертпе: кірістірілген жарқыл өшеді. ) HDR Painting (HDR сурет) Фотосурет түсірілген сайын фотокамера əр түрлі экспозициялармен екі кадр түсіреді жəне кішігірім элементтер мен түске ерекше көңіл бөлетін көркем сурет əсерін беру үшін оларды біріктіреді. Ескертпе: əсерді тікелей көріністе алдын ала қарау мүмкін емес.
A Бұлдыратуды болдырмау Ысырманың баяу жылдамдықтарындағы фотокамераның дірілі тудыратын бұлдыратуды болдырмау үшін штативті пайдаланыңыз. A NEF (RAW) NEF (RAW) жазу %, S, T, U, g, ', (, 3, ) жəне I режимдерінде қол жетімді емес. Осы режимдерде NEF (RAW) немесе NEF (RAW) + JPEG fine параметрі таңдалып түсірілген суреттер JPEG пішіміндегі кескіндер ретінде жазылады. Бұл параметрлермен жасалған JPEG пішіміндегі кескіндер жоғары сапалы кескіндер түрінде жазылады.
Тікелей көріністе қол жетімді параметрлер ❚❚ U Photo Illustration (Фотоиллюстрация) 1 Тікелей көріністі таңдаңыз. a түймешігін басыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі. a түймешігі 2 Контур қалыңдығын реттеңіз. Оң жақтағы параметрлерді көрсету үшін J түймешігін басыңыз. Контурларды қалыңырақ немесе жұқарақ ету үшін 2 немесе 4 түймешігін басыңыз. 3 J түймешігін басыңыз. Параметрлерді орнату аяқталған кезде шығу үшін J түймешігін басыңыз. Тікелей көріністен шығу үшін a түймешігін басыңыз.
❚❚ g Color Sketch (Түрлі-түсті сызба) 1 Тікелей көріністі таңдаңыз. a түймешігін басыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі. a түймешігі 2 Параметрлерді реттеңіз. Оң жақтағы параметрлерді көрсету үшін J түймешігін басыңыз. Vividness (Жандылық) немесе Outlines (Контурлар) параметрін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз жəне өзгерту үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз.
❚❚ ' Toy Camera Effect (Ойыншық фотокамера əсері) 1 Тікелей көріністі таңдаңыз. a түймешігін басыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі. a түймешігі 2 Параметрлерді реттеңіз. Оң жақтағы параметрлерді көрсету үшін J түймешігін басыңыз. Vividness (Жандылық) немесе Vignetting (Виньеттеу) параметрін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз жəне өзгерту үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз.
❚❚ ( Miniature Effect (Миниатюра əсері) 1 Тікелей көріністі таңдаңыз. a түймешігін басыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі. a түймешігі 2 Фокустау нүктесін орнатыңыз. Мульти селекторды пайдаланып фокустау нүктесін фокуста болатын аумаққа орналастырыңыз, содан кейін фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Миниатюра əсері параметрлерін дисплейден уақытша тазалау жəне дəл фокустау үшін мониторда көріністі ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз.
4 Параметрлерді реттеңіз. Фокуста болатын аумақтың бағдарын таңдау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, содан кейін оның енін реттеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. 5 J түймешігін басыңыз. Параметрлерді орнату аяқталған кезде шығу үшін J түймешігін басыңыз. Тікелей көріністен шығу үшін a түймешігін басыңыз. Таңдалған параметрлер күшінде қалып, көріністапқышпен түсірілген фотосуреттерге қолданылады.
❚❚ 3 Selective Color (Таңдамалы түс) 1 Тікелей көріністі таңдаңыз. a түймешігін басыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі. a түймешігі 2 Параметрлерді көрсетіңіз. Таңдамалы түс параметрлерін көрсету үшін J түймешігін басыңыз. 3 Түсті таңдаңыз. Таңдалған түс Соңғы кескінде қалатын түс ретінде нысан түсін таңдау үшін нысанды дисплейдің ортасындағы ақ шаршы ішіне жақтауға алып, 1 түймешігін басыңыз (фотокамераға қанық емес түстерді анықтау қиын болуы мүмкін; қанық түсті таңдаңыз).
4 Түс ауқымын таңдаңыз. Түс ауқымы Соңғы кескінде болатын ұқсас реңктер ауқымын арттыру немесе азайту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. 1 жəне 7 аралығындағы мəндерден таңдаңыз; жоғары мəндерде басқа түстерден реңктер болуы мүмкін екенін ескеріңіз. 5 Қосымша түстерді таңдаңыз. Қосымша түстерді таңдау үшін дисплейдің жоғарғы жағындағы үш түс жолағының біреуін белгілеу үшін басқару дискін бұраңыз жəне басқа түсті таңдау үшін 3- жəне 4-қадамдарды қайталаңыз. Қажет болса, үшінші түс үшін қайталаңыз.
I Easy Panorama (Оңай панорама) Панорамаларды түсіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1 Тікелей көріністі таңдаңыз. a түймешігін басыңыз. Жақтауға алу торы жəне объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі. a түймешігі 2 Фокустаңыз. Панораманың басын жақтауға алыңыз жəне ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. 3 Суретке түсіруді бастаңыз. Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз да, саусақты түймешіктен алыңыз.
4 Фотокамераны панорамалаңыз. Фотокамераны төменде көрсетілгендей жоғары, төмен, солға немесе оңға баяу панорамалаңыз. Суретке түсіру фотокамера панорамалау бағытын анықтағанда басталады жəне дисплейде орындалу барысының индикаторы көрсетіледі. Панораманың соңына жеткенде суретке түсіру автоматты түрде аяқталады. Орындалу барысының индикаторы Төменде фотокамераны панорамалау əдісінің мысалы көрсетілген. Орынды өзгертпестен, фотокамераны көлденеңінен немесе тігінен тұрақты қисық сызықпен панорамалаңыз.
A Панорамалар Панорама өлшемін суретке түсіру мəзіріндегі Image size (Кескін өлшемі) элементін пайдаланып таңдауға болады; Normal panorama (Қалыпты панорама) жəне Wide panorama (Кең панорама) арасынан таңдаңыз (0 76). Фотокамера тым тез немесе тұрақты емес панорамаланса, қате туралы хабар көрсетіледі.
❚❚ Панорамаларды көру Панораманы көру үшін толық өлшемде қарау режимінде көрсетіп (0 26), J түймешігін басыңыз. Панораманың басы дисплейді толтыратын ең шағын өлшемділікпен көрсетіледі, содан кейін фотокамера суретте бастапқы панорамалау бағытында жүгіртеді. Ағымдағы орныңыз шарлау терезесі арқылы көрсетіледі. Шарлау терезесі Анықтама Келесі əрекеттерді орындауға болады: Мақсат Пайдалану Кідірту Ойнату Алға/кері айналдыру Толық өлшемде қарау режиміне оралу Сипаттама Ойнатуды кідірту.
P, S, A жəне M режимдері P, S, A жəне M режимдері ысырма жылдамдығы мен апертураны басқарудың əр түрлі дəрежелерін ұсынады: Режим Сипаттама Лездік суреттер жəне фотокамера Бағдарламаланған параметрлерін реттеуге уақыт аз болатын P автоматты режим басқа жағдайларда ұсынылады. Фотокамера (0 69) оңтайлы экспозиция үшін ысырма жылдамдығы мен апертураны орнатады. Қозғалысты қатырып тастау немесе Ысырманы ұстап бұлдырату үшін пайдаланыңыз.
P (Бағдарламаланған автоматты режим) режимі Бұл режим лездік суреттер немесе фотокамераны ысырма жылдамдығына апертураға жауапты етіп қалдыру қажет кезде ұсынылады. Фотокамера ысырма жылдамдығы мен апертураны жағдайлардың көпшілігінде оңтайлы экспозицияға қол жеткізу үшін автоматты түрде реттейді.
A (Апертура басымдығы бар автоматты режим) режимі Апертура басымдығы бар автоматты режимде сіз апертураны таңдайсыз, ал фотокамера оңтайлы экспозицияны беретін ысырма жылдамдығын автоматты түрде таңдайды. Басқару дискін үлкенірек апертуралар (төменірек f сандары) үшін солға, кішірек апертуралар (жоғарырақ f сандары) үшін оңға бұраңыз.
M (Қол режимі) режимі Қол режимінде ысырма жылдамдығы мен апертураны басқарасыз. Экспозиция индикаторын тексеріп (0 72), ысырма жылдамдығы мен апертураны реттеңіз. Ысырма жылдамдығы басқару дискін бұрау арқылы таңдалады (жылдамырақ жылдамдықтар үшін оңға, баяуырақ жылдамдықтар үшін солға). Апертураны реттеу үшін E (N) түймешігін басып тұрып, басқару дискін бұраңыз (үлкенірек апертуралар/төменірек f сандары үшін солға жəне кішірек апертуралар/жоғарырақ f сандары үшін оңға).
A Ысырма жылдамдығы мен апертура Ысырма жылдамдығы мен апертура көріністапқышта жəне ақпараттық дисплейде көрсетіледі. Ысырма жылдамдығы Апертура Жоғары ысырма жылдамдықтары (осы мысалда 1/1600 с) қозғалысты қатырады. Ысырманың баяу жылдамдықтары (мұнда 1 с) қозғалысты бұлдыратады. Үлкен апертуралар (мысалы, f/5.6; f саны неғұрлым төменірек болса, апертура соғұрлым үлкенірек болатынын есте сақтаңыз) негізгі нысанның алдындағы жəне артындағы кішігірім элементтерді бұлдыратады.
Экспозиция түзетілімі (тек P, S, A, M, % жəне I режимдері) Экспозиция түзетілімі фотокамера ұсынған мəн беретін экспозицияны өзгерту үшін пайдаланылады, бұл суреттерді жарығырақ немесе күңгірттеу етеді (0 109).
Экспозиция түзетілімі үшін мəнді таңдау үшін E (N) түймешігін басып тұрыңыз жəне басқару дискін көріністапқышта немесе ақпараттық дисплейде қажет мəн таңдалғанша бұраңыз. Қалыпты экспозицияны жарқыл түзетілімін ±0 мəніне орнату арқылы қалпына келтіруге болады. Экспозиция түзетілімі фотокамера өшірілген кезде қалпына келмейді. + E (N) түймешігі Басқару дискі –0,3 ЭМ A Ақпараттық дисплей Сондай-ақ, экспозиция түзетілімінің параметрлеріне ақпараттық дисплейден қатынасуға болады (0 10).
Фотокамера мəзірлері Суретке түсіру, қарау жəне баптау параметрлерінің көпшілігіне фотокамера мəзірлері арқылы қол жеткізуге болады. Мəзірлерді көру үшін G түймешігін басыңыз. G түймешігі Қойындылар Келесі мəзірлердің арасынан таңдаңыз: • D: Playback (Ойнату) (0 76) • N: Retouch (Өңдеу) (0 78) • C: Shooting (Суретке түсіру) (0 76) • m: Recent settings (Соңғы параметрлер) (0 78) • B: Setup (Баптау) (0 77) Ағымдағы параметрлер белгішелермен көрсетіледі.
Мəзір параметрлері ❚❚ D Ойнату мəзірі: кескіндерді басқару Delete (Өшіру) Playback folder (Ойнату қалтасы) Playback display options (Ойнату дисплейінің параметрлері) Image review (Кескінді тексере қарау) Rotate tall (Тік суреттерді бұру) Slide show (Слайд көрсетілімі) DPOF print order (DPOF баспа реті) Rating (Баға) Select to send to smart device (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау) ❚❚ C Суретке түсіру мəзірі: суретке түсіру параметрлері Reset shooting menu (Суретке түсіру мəзірін қалпына келтіру) Image q
❚❚ B Баптау мəзірі: фотокамера параметрлерін орнату Reset setup options (Баптау параметрлерін қалпына келтіру) Format memory card (Жад картасын пішімдеу) Monitor brightness (Монитор жарықтығы) Info display format (Ақпаратты көрсету пішімі) Auto info display (Автоматты ақпараттық дисплей) Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтерілген күйде құлыптау) Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіругу арналған сурет үлгісі) Flicker reduction (
❚❚ N Өңдеу мəзірі: өңделген көшірмелер жасау D-Lighting Red-eye correction (Қызыл көз əсерін түзету) Trim (Кадр шеттерін кесу) Monochrome (Монохромды) Filter effects (Сүзгі əсерлері) Color balance (Түс балансы) Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) Resize (Өлшемін өзгерту) Quick retouch (Жылдам өңдеу) Straighten (Түзу ету) Distortion control (Бұрмалануды басқару) Fisheye (Балық көзі түріндегі объектив) Color outline (Түс жиегі) Photo illustration (Фотоиллюстрация) Co
Фотокамера мəзірлерін пайдалану Фотокамера мəзірлерін шарлау үшін мульти селектор жəне J түймешігі пайдаланылады. Меңзерді жоғары жылжыту J түймешігі: белгіленген элементті таңдау Болдырмау жəне алдыңғы Белгіленген элементті мəзірге оралу таңдау немесе қосымша мəзірді көрсету Меңзерді төмен жылжыту Мəзірлерді шарлау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1 Мəзірлерді көрсетіңіз. Мəзірлерді көрсету үшін G түймешігін басыңыз.
2 Ағымдағы мəзірдің белгішесін белгілеңіз. Ағымдағы мəзірдің белгішесін белгілеу үшін 4 түймешігін басыңыз. 3 Мəзірді таңдаңыз. Қажет мəзірді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. 4 Меңзерді таңдалған мəзір үстіне қойыңыз. Меңзерді таңдалған мəзір үстіне қою үшін 2 түймешігін басыңыз. 5 Мəзір элементін белгілеңіз. Мəзір элементін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
6 Параметрлерді көрсетіңіз. Таңдалған мəзір элементінің параметрлерін көрсету үшін 2 түймешігін басыңыз. 7 Параметрді белгілеңіз. Параметрді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. 8 Белгіленген элементті таңдаңыз. Белгіленген элементті таңдау үшін J түймешігін басыңыз. Таңдау жасамай шығу үшін G түймешігін басыңыз. Келесіні ескеріңіз: • Сұр түспен көрсетілген мəзір элементтері қазіргі уақытта қол жетімді емес.
ViewNX 2 ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасын орнату Компьютерге көшірілген фотосуреттер мен бейнефильмдерді көрсету жəне өңдеу үшін бірге берілген бағдарламалық жасақтаманы орнатыңыз. ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасын орнатпас бұрын компьютер 84-беттегі жүйелік талаптарға сай келетінін тексеріңіз.
2 Орнатқышты іске қосыңыз. Install (Орнату) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Install (Орнату) түймешігін басыңыз 3 Орнатқыштан шығыңыз. Windows Mac Yes (Иə) түймешігін басыңыз OK түймешігін басыңыз 4 CD-ROM жетегінен орнатқыш ықшам дискін алып тастаңыз.
A Жүйелік талаптар Windows Mac • Фотосуреттер: Intel Celeron, • Фотосуреттер: Intel Core Pentium 4, Core сериясы; немесе Xeon сериялары 1,6 ГГц немесе жоғары • Бейнефильмдер (ойнату): Core Duo 2 ГГц немесе жоғары; • Бейнефильмдер (ойнату): 1280 × 720 немесе одан Pentium D 3,0 ГГц немесе жоғары кадр өлшеміндегі жоғары; 1280 × 720 немесе бейнефильмдерді 30 кадр/сек одан жоғары кадр өлшеміндегі немесе одан жоғары кадр бейнефильмдерді 30 кадр/сек жылдамдығында немесе немесе одан жоғары кадр Микропроцессор 1920
ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасын пайдалану Суреттерді компьютерге көшіру Жалғастыру алдында берілген ViewNX 2 ықшам дискіндегі бағдарламалық жасақтаманы орнатқаныңызға көз жеткізіңіз (0 82). 1 USB кабельді жалғаңыз. Фотокамераны өшіру жəне жад картасы салынғанын тексеруден кейін қамтамасыз етілген USB кабельді көрсетілгендей жалғаңыз, содан кейін фотокамераны қосыңыз. 2 ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасының Nikon Transfer 2 құрамдасын іске қосыңыз.
3 Start Transfer (Тасымалдауды бастау) түймешігін басыңыз. Əдепкі параметрлерде жад картасындағы суреттер компьютерге көшіріледі. Start Transfer (Тасымалдауды бастау) A Тасымалдау кезінде Көшіру əрекеті жүріп жатқанда камераны өшірмеңіз немесе USB кабельді ажыратпаңыз. 4 Қосылымды тоқтатыңыз. Тасымалдау аяқталғанда фотокамераны өшіріп, USB кабельді ажыратыңыз.
Суреттерді қарау Көшіру аяқталған кезде суреттер ViewNX 2 бағдарламасында көрсетіледі. A ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасын қолмен іске қосу • Windows: жұмыс үстеліндегі ViewNX 2 таңбашасын екі рет басыңыз. • Mac: ендірмедегі ViewNX 2 белгішесін басыңыз. ❚❚ Фотосуреттерді өңдеу Суреттерді кесу жəне анықтығы жəне түс реңкі деңгейлерін реттеу сияқты тапсырмаларды орындау үшін ViewNX 2 құралдар тақтасындағы Edit (Өңдеу) түймешігін басыңыз.
❚❚ Суреттерді басып шығару ViewNX 2 құралдар тақтасындағы Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз. Компьютерге жалғанған принтерде суреттерді басып шығару мүмкіндігін беретін тілқатысу терезесі көрсетіледі. A Қосымша ақпарат алу үшін ViewNX 2 бағдарламалық жасақтамасын пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін желідегі анықтаманы қараңыз.
Техникалық жазбалар Үйлесімді керек-жарақтар, фотокамераны тазарту мен сақтау жəне фотокамераны пайдаланған кезде қате туралы хабар көрінсе немесе ақауларға кезіксеңіз не істеу қажеттігі туралы мəлімет алу үшін осы тарауды оқыңыз. Үйлесімді объективтер Бұл фотокамера тек AF-S жəне AF-I кірістірілген микропроцессоры бар объективтерде автофокусқа қолдау көрсетеді. AF-S объективтерінің атаулары AF-S деп басталады, AF-I объективтерінің атаулары AF-I деп басталады.
4 Жылжыту немесе еңкейту кезінде пайдалану мүмкін емес. 5 Объектив максималды апертурада болса жəне объектив жылжытылмаса немесе еңкейтілмесе ғана оңтайлы экспозицияға жетуге болады. 6 AF-S немесе AF-I объективі қажет. 7 f/5.6 мəніне тең максималды тиімді апертура немесе одан да жылдамырақ. 8 AF 80–200 мм f/2.8, AF 35–70 мм f/2.8, AF 28–85 мм f/3.5–4.5 (жаңа) немесе AF 28–85 мм f/3.5–4.
Басқа керек-жарақтар Жазылу уақытында мына керек-жарақтар D3300 үшін қол жетімді болған. Қуат көздері • EN-EL14a қайта зарядталмалы литий-ионды батареясы (0 11): қосымша EN-EL14а батареялары жергілікті сауда орындарында жəне Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілдерінде сатылады. EN-EL14 батареяларын да пайдалануға болады. • MH-24 зарядтау құрылғысы (0 11): EN-EL14a жəне EN-EL14 батареяларын зарядтаңыз.
• DK-5 окуляр қақпағы: бұл көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың фотосуретте көрінуіне немесе экспозицияға кедергі келтіруіне жол бермейді. • DK-20C окулярды түзету линзалары: фотокамераның диоптрияны реттеу тетігі бейтарап күйде (–1м–1) болған кезде объективтер –5, –4, –3, –2, 0, +0,5, +1, +2 жəне +3 м–1 диоптриялармен қол жетімді болады. Окулярды түзету линзаларын кірістірілген диоптрияны реттеу тетігімен қажетті фокусқа қол жеткізу мүмкін болмағанда ғана (–1,7–+0,5 м–1 аралығында) пайдаланыңыз.
Корпус қақпағы Керекжарақтарға арналған құрылғы қақпақтары BF-1B корпус қақпағы/BF-1A корпус қақпағы: корпус қақпағы объектив орнында жоқ кезде айнаны, көріністапқыш экранын жəне кескін сенсорын шаңнан сақтайды. BS-1 керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы: керек-жарақтарға арналған құрылғыны қорғайтын қақпақ. Керек-жарақтарға арналған құрылғы қосымша жарқыл бөліктері үшін пайдаланылады.
Микрофондар ME-1 стерео микрофоны D3300 WR-1 жəне WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөліктеріне (0 93), MC-DC2 қашықтан Қосымша басқару сымдарына жəне керек-жарақ GP-1/GP-1A GPS жалғағышының бөліктеріне арналған (олар керекқосымша керек-жарақ жарақтары жалғағышының жанындағы 2 тураланған 4 таңбасымен қосылады) қосымша керек-жарақ жалғағышымен жабдықталған (жалғағыш пайдаланылмаған кезде жалғағыш қақпағын жабыңыз).
Рұқсат етілген жад карталары Мына SD жад карталары сынақтан өткен жəне D3300 фотокамерасында пайдалануға рұқсат етілген. 6 сыныбындағы немесе жазу жылдамдықтары жоғары карталарды бейнефильмдерді жазу үшін пайдаланған жөн. Жазу жылдамдықтары баяуырақ карталар пайдаланылған кезде жазу күтпеген жерден тоқтап қалуы мүмкін.
Фотокамераға күтім жасау Сақтау Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде батареяны алып тастап, оны түйіспе тұс қақпағымен салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Өңезді немесе зеңді болдырмау үшін фотокамераны құрғақ, желдетілетін жерде сақтаңыз.
Фотокамераға жəне батареяға күтім жасау: сақтық шаралары Фотокамераға күтім жасау Түсіріп алмаңыз: қатты соққы немесе діріл əсер етсе, өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Құрғақ күйде ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса немесе оған жоғары ылғалдылық деңгейлері əсер етсе, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң мен ұлпаны ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз түйірлерін аздап таза суға малынған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін фотокамераның толық кебуін күтіңіз. Объектив пен айна тез зақымдалады. Тозаң мен ұлпаны ақырын ғана ауа үргішпен кетіру қажет.
Монитор туралы ескертпелер: монитор өте жоғары дəлдікпен жасалған; нүктелердің кемінде 99,99% істейді, ең көбі 0,01% жетіспейді немесе ақаулы болып табылады. Бұл дисплейлердің құрамында үнемі жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе үнемі өшірулі (қара) болу мүмкін нүктелер болғандықтан, бұл ақаулық емес жəне құрылғымен жазылатын кескіндерге əсер етпейді. Монитордағы суреттерді қатты жарық астында көру қиын болуы мүмкін. Мониторды күшпен баспаңыз, себебі зақымдалуына немесе ақауына əкелуі мүмкін.
Батареяға күтім жасау Дұрыс пайдаланылмаса, батареялар ағуы немесе жарылуы мүмкін. Батареяларды пайдаланған кезде мына сақтық шараларын сақтаңыз: • Осы жабдықта пайдалану үшін құпталған батареяларды ғана пайдаланыңыз. • Батареяны отқа салмаңыз немесе шамадан тыс ыстық əсеріне душар етпеңіз. • Батареяның шеттерін таза күйде ұстаңыз. • Батареяны ауыстырудан бұрын өнімді өшіріңіз. • Пайдаланбаған кезде батареяны фотокамерадан немесе зарядтау құрылғысынан шығарыңыз жəне түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз.
• Бөлме температурасында пайдаланған кезде толық зарядталған батареяның белгілі бір уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа EN-EL14а батареясын сатып алыңыз. • Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Маңызды шараларда фотосуреттер түсірген кезде қосалқы EN-EL14а батареясын дайын жəне толық зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан жеріңізге қарай қосалқы батареяларды тез арада сатып алу қиынға соғуы мүмкін. Салқын күндері батареяның сыйымдылығы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Қате туралы хабарлар Бұл бөлімде көріністапқышта жəне мониторда пайда болатын индикаторлар жəне қате туралы хабарлар көрсетілген. A Ескерту белгішелері Монитордағы d немесе көріністапқыштағы s жыпылықтауы W (Q) түймешігін басып мониторда ескертуді немесе қате туралы хабарды көрсетуге болатынын білдіреді. Индикатор Монитор Көріністапқыш Шешімі Lock lens aperture ring at minimum aperture (largest f/-number).
Индикатор Монитор Initialization error. Turn camera off and then on again. (Баптандыру қатесі. Фотокамераны өшіріңіз де, қайта қосыңыз.) Battery level is low. Complete operation and turn camera off immediately. (Батарея зарядының деңгейі төмен. Əрекетті аяқтаңыз жəне фотокамераны бірден өшіріңіз.) Clock not set (Сағат орнатылмаған) No memory card inserted (Жад картасы салынбаған) Memory card is locked. Slide lock to “write” position. (Жад картасы құлыпталған. Құлыпты «жазу» күйіне сырғытыңыз.
Индикатор Монитор Көріністапқыш Шешімі • Төмендеу ISO сезімталдықты пайдаланыңыз. • Коммерциялық ND сүзгісін пайдаланыңыз. • Мына режимде: Subject is too bright (Нысан тым жарық) S Ысырма жылдамдығын арттырыңыз A Кішілеу апертура мəнін (жоғарырақ f саны) таңдаңыз s (жыпылықтайды) % Басқа түсіру режимін таңдау • Жоғарырақ ISO сезімталдықты пайдаланыңыз. • Жарқылды пайдаланыңыз.
Индикатор Монитор Көріністапқыш Шешімі • Жарқылды пайдаланыңыз. • Нысанға дейінгі қашықтықты, апертураны, жарқыл ауқымын немесе N/s — ISO сезімталдықты өзгертіңіз. (жыпылықтайды) • Объективтің фокустық қашықтығы 18 мм-ден аз: ұзындау фокустық қашықтықты пайдаланыңыз. Error. (Қате.) Press shutter Ысырманы босатыңыз. Егер қате release button again. (Қате. туралы хабар жоғалмаса немесе жиі Ысырманы босату пайда бола берсе, Nikon түймешігін қайтадан компаниясының қызмет көрсету өкіліне басыңыз.) хабарласыңыз.
Техникалық сипаттамалары ❚❚ Nikon D3300 сандық фотокамерасы Түрі Түрі Объектив жиектемесі Тиімді көрініс бұрышы Бір объективті, айналы сандық фотокамера Nikon F бекіткіші (АФ түйіспелерімен) Nikon DX пішімі; фокустық қашықтық шамамен 1,5× FX пішімінің көрініс бұрышымен Тиімді нүктелер саны Тиімді нүктелер 24,2 миллион саны Кескін сенсоры Кескін сенсоры Жалпы нүктелер саны Тозаңды азайту жүйесі Сақтау Кескін өлшемі (нүктелер) Файл пішімі 106 23,5 × 15,6 мм CMOS сенсоры 24,78 миллион Кескін сенсорын таза
Сақтау Picture Control жүйесі Сақтау орталары Файлдық жүйе Көріністапқыш Көріністапқыш Кадр ауқымы Ұлғайту Қарау нүктесі Диоптрияны реттеу Фокустау экраны Шағылыстырғыш айна Объектив апертурасы Объектив Үйлесімді объективтер Стандартты, бейтарап, жанды, монохромды, портрет, пейзаж; таңдалған Picture Control режимін өзгертуге болады SD (Secure Digital) жəне UHS-I үйлесімді SDHC жəне SDXC жад карталары DCF 2.0, DPOF, Exif 2.
Ысырма Түрі Жылдамдық Жарқылды синхрондау жылдамдығы Босату Суретке түсіру режимі Кадрдың ілгері жылжу жиілігі Өздігінен түсіруді реттейтін таймер Экспозиция Өлшеу режимі Өлшеу əдісі Ауқым (ISO 100, f/1.
Экспозиция Режим Автоматты режимдер (i автоматты; j автоматты, жарқыл өшірулі); икемді бағдарламасы бар бағдарламаланған автоматты режим (P); ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим (S); апертура басымдығы бар автоматты режим (A); қол режимі (M); көрініс режимдері (k портрет; l пейзаж; p бала; m спорт; n жақыннан түсіру; o түнгі портрет); арнайы əсерлер режимдері (% түнде көру; S супер жарқын; T поп; U фотоиллюстрация; g түрлітүсті сызба; ' ойыншық фотокамера əсері; ( миниатюра əсері; 3 таңдамалы
Фокустау Объективтің электр жетегі Фокустау нүктесі АФ аумағының режимі Фокустау құлпы Жарқыл Кірістірілген жарқыл Жарқылдың жетекші саны Жарқылды басқару Flash mode (Жарқыл режимі) 110 • Автофокус (АФ): əр кадр бойынша бақылағыш АФ (AF-S); үздіксіз бақылағыш АФ (AF-C); AF-S/ AF-C автоматты таңдау (AF-A); болжалды бақылағыш фокустау нысан күйіне қарай автоматты түрде іске қосылады • Қолмен реттелетін фокус (MF): электрондық қашықтықты өлшегішті пайдалануға болады 11 фокустау нүктесінен таңдауға болады
Жарқыл Жарқыл түзетілімі Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор Керек-жарақтарға арналған құрылғы Nikon шығармашыл жарықтандыру жүйесі (CLS) Синхрондау ұяшығы Ақ түс балансы Ақ түс балансы –3–+1 ЭМ, 1/3 ЭМ қадамдарымен Кірістірілген жарқыл немесе қосымша жарқылы бөлігі толық зарядталған кезде жанады; жарқыл толық шығысында жанғаннан кейін жыпылықтайды Синхрондау мүмкіндігі жəне деректер түйіспелері мен қауіпсіздік құлпы бар ISO 518 керек-жарақтар кебісі SB-910, SB-900, SB-800 немесе SB-700 негізгі жарқ
Бейнефильм Өлшеу Негізгі кескін сенсоры арқылы TTL экспозициясын өлшеу Өлшеу əдісі Матрица Кадр өлшемі • 1920 × 1080, 60 p (ретті)/50p/30p/25p/24p, (нүктелер) жəне ★ жоғары/қалыпты кадр жиілігі • 1280 × 720, 60p/50p, ★ жоғары/қалыпты • 640 × 424, 30p/25p, ★ жоғары/қалыпты Бейне режим үшін NTSC таңдалған кезде 30p (бейнефильм түсіру кезіндегі нақты кадр жылдамдығы 29,97 кадр/сек) жəне 60p (бейнефильм түсіру кезіндегі нақты кадр жылдамдығы 59,94 кадр/сек) қол жетімді болады.
Интерфейс USB Бейнесигнал шығысы HDMI шығыс сигналы Қосымша керекжарақ жалғағышы Дыбыстың кіріс ұяшығы Жоғары жылдамдықты USB NTSC, PAL C типті мини-өзекті HDMI жалғағышы Сымсыз қашықтан басқару бөліктері: WR-1, WR-R10 (бөлек сатылады) Қашықтан басқару сымдары: MC-DC2 (бөлек сатылады) GPS құрылғылары: GP-1/GP-1A (бөлек сатылады) Стерео мини істікті ұяшық (диаметрі 3,5 мм); қосымша ME-1 стерео микрофондарын қолдайды Қолдау көрсетілетін тілдер Қолдау Араб, бенгал, болгар, қытай (жеңілдетілген жəне көрсетіл
Өлшемдері/салмағы Өлшемдері Шамамен 124 × 98 × 75,5 мм (Е × Б × Д) Салмағы Батарея мен жад картасын қосқанда жəне корпус қақпағын қоспағанда шамамен 460 г; шамамен 410 г (тек фотокамера корпусы) Жұмыс ортасы Температура Ылғалдылық 0 °C–40 °C 85% немесе төмен (конденсациясыз) • Барлық сандар Camera and Imaging Products Association (CIPA) ассоциациясы белгілеген температурада толық батарея зарядымен жұмыс істейтін фотокамераға арналған: 23 ±3 °C.
❚❚ MH-24 зарядтау құрылғысы Номиналды тұтынылатын қуаты Номиналды шығасын параметрлері Қолдауға ие батарея түрлері Зарядталу уақыты Жұмыс температурасы Өлшемдері (Е × Б × Д) Салмағы Айнымалы ток 100–240 В, 50/60 Гц, максималды 0,2 A Тұрақты ток 8,4 В/0,9 A Nikon EN-EL14a қайта зарядталмалы литий-ионды батареясы Заряд қалмаған кезде 25 °C қоршаған орта температурасында шамамен 1 сағат жəне 50 минут 0 °C–40 °C Шамамен 70 × 26 × 97 мм, ашалы адаптерді қоспағанда Шамамен 96 г, ашалы адаптерді қоспағанда ❚❚
❚❚ AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR II объективі Түрі G түріне жататын, кірістірілген микропроцессоры жəне F бекіткіші бар AF-S DX объективі Фокустық қашықтық 18–55 мм Максималды f/3.5–5.
A AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR II Көрнекілік мақсатында осы нұсқаулықта əдетте AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR II объективі пайдаланылған. Фокустық қашықтық таңбасы Объективті бекіту таңбасы (0 13) Фокустық қашықтық шкаласы Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешігі (0 14) Микропроцессор түйіспелері Объективтің артқы қақпағы A-M режимін ауыстырғыш Объектив қабы Фокустау сақинасы Дірілді азайтуды ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышы Масштабтау сақинасы (0 23) AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.
A Сауда белгілері туралы ақпарат IOS — Cisco Systems, Inc. компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі жəне лицензия бойынша пайдаланылады. Mac OS жəне OS X — Apple Inc. компаниясының Құрама Штаттардағы жəне/ немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері. Microsoft, Windows жəне Windows Vista — Microsoft корпорациясының Құрама Штаттардағы жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері немесе сауда белгілері.
Батареяның жарамды мерзімі Толық зарядталған батареялармен жазуға болатын бейнефильмнің түсірілген бөлігі немесе түсірілімдер саны батареяның жағдайына, температураға, түсірілімдер арасындағы аралыққа жəне мəзірлер көрсетілетін уақыт ұзақтығына байланысты əр түрлі болады. EN-EL14а (1230 мАс) батареялары үшін сандар үлгісі төменде берілген.
Келесі əрекеттер батареяның жарамды мерзімін қысқартуы мүмкін: • Мониторды пайдалану • Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған күйде ұстап тұру • Автофокустау амалын қайталай беру • NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді түсіру • Ысырманың баяу жылдамдықтары • GP-1 немесе GP-1A GPS құрылғысын пайдалану • Eye-Fi картасын пайдалану • WU-1a сымсыз мобильді адаптерін пайдалану • ДА объективтерінде ДА (дірілді азайту) режимін пайдалану Қайта зарядталмалы Nikon EN-EL14а батареяларын барынша пайдалану үшін: • Ба
121
122
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe BV (Еуропа/Африка жəне Ресей) сату аумағындағы өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшелермен хабарласыңыз.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі: • қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу немесе ауыстыру. • пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту. • тасымалдау шығындары жəне өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті ұлттық заңдарға сəйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да, сату/сатып алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы келетін тұтынушының құқықтарына да əсер етпейді. Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға болады (URL = http://www.europe-nikon.com/service/ ).
Q0860UM_EU(Kk)01_cover.fm Page 1 Thursday, December 26, 2013 5:40 PM Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дəйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды. САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы Жасап шығарушы : Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз жəне өнім туралы соңғы мəліметтерді жаңартып отырыңыз.