Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дəйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды. САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз жəне өнім туралы соңғы мəліметтерді жаңартып отырыңыз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан табуға болады жəне техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз. http://www.europe-nikon.
Өнім құжаттамасы Осы өнімнің құжаттамасы Қолданушы нұсқаулығынан (осы кітапша) жəне Анықтамалық нұсқаулықтан (pdf) тұрады. Фотокамераның мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін барлық нұсқауларды мұқият оқуды ұмытпаңыз жəне оларды өнімді пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз. Фотокамераның негізгі əрекеттері туралы ақпарат алу үшін Қолданушы нұсқаулығын (бұл кітапша) қараңыз. Толық өнім ақпаратын Анықтамалық нұсқаулықтан (бірге жеткізілген анықтамалық ықшам дискіде) қараңыз.
Бума құрамы Бумада мына заттардың бар-жоқтығын тексеріңіз: BS-1 керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы DK-20 резеңке көзүсті қалқаны BF-1B корпус қақпағы D3200 фотокамерасы EN-EL14 қайта зарядталмалы литийионды батареясы (түйіспе тұс қақпағымен) MH-24 зарядтау құрылғысы (талап етілген кезде елдерде немесе аймақтарда ашалы адаптер бірге жеткізіледі; кескіні сатылатын еліне байланысты) AN-DC3 мойын бауы UC-E17 USB кабелі EG-CP14 дыбыс/бейне кабелі DK-5 окуляр қақпағы (0 28) ViewNX 2 ықшам дискісі Қо
Мазмұны Бума құрамы ...........................................................................................................i Қауіпсіздік шаралары ...........................................................................................iv Ескертпелер...........................................................................................................v Кіріспе 1 Фотокамера жұмысымен танысу......................................................................... 1 Фотокамера корпусы .............
P, S, A жəне M режимдері 38 Режим P (Бағдарламаланған автоматты режим) ............................................. 38 Режим S (Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим) ............ 39 Режим A (Апертура басымдығы бар автоматты режим) ................................. 39 Режим M (Қол режимі) ........................................................................................ 40 Тікелей көрініс 41 Монитордағы фотосуреттерді жақтау ішіне алу...............................................
Қауіпсіздік шаралары Nikon өніміне зақым немесе өзіңізге немесе басқаларға жарақат келтірмеу үшін осы жабдықты пайдаланудан бұрын келесі сақтық шараларын толық оқып шығыңыз. Осы сақтық нұсқауларын өнімді пайдаланатын барлық адам оқи алатын жерде сақтаңыз. Осы бөлімде берілген сақтық шараларын ескермеуден болуы мүмкін салдарлар келесі таңбамен белгіленген: белгіше ескертулерді білдіреді. Жарақат алып қалмау үшін осы Nikon өнімін A Бұл пайдаланудан бұрын барлық ескертулерді оқыңыз.
A Зарядтау құрылғысын пайдаланған кезде тиісті сақтық шараларын орындаңыз • Құрғақ күйде ұстаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау өртке немесе электр тогының соғуына əкелуі мүмкін. • Зарядтау құрылғысының түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау зарядтау құрылғысының шамадан тыс ысуына жəне зақымдануына əкелуі мүмкін. • Ашаның метал бөліктеріндегі немесе маңайындағы шаңды құрғақ шүберекпен тазалау қажет. Пайдалана беру өртке əкелуі мүмкін.
Еуропалық тұтынушыларға арналған ескертпелер САҚ БОЛЫҢЫЗ БАТАРЕЯНЫ БАСҚА БАТАРЕЯ ТҮРІНЕ АУЫСТЫРСАҢЫЗ ЖАРЫЛУ ҚАУПІ БОЛУЫ МҮМКІН. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СƏЙКЕС ЛАҚТЫРЫҢЫЗ. Бұл таңба электр жəне электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қолданылады: • Бұл өнім тиісті жинау нүктесінде бөлек жинау үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс ретінде жоймаңыз.
AVC Patent Portfolio лицензиясы БҰЛ ӨНІМ AVC PATENT PORTFOLIO ЛИЦЕНЗИЯСЫ АЯСЫНДА (i) БЕЙНЕ ФАЙЛДЫ AVC СТАНДАРТЫНА САЙ («AVC БЕЙНЕ») КОДТАУ ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ (ii) ЖЕКЕ ЖƏНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ƏРЕКЕТПЕН АЙНАЛЫСҚАН ТҰТЫНУШЫ ТАРАПЫНАН КОДТАЛҒАН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ AVC БЕЙНЕ ФАЙЛЫН ҰСЫНУ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ БЕЙНЕ ФАЙЛ ПРОВАЙДЕРІНЕН АЛЫНҒАН AVC БЕЙНЕ ФАЙЛЫН ДЕКОДТАУ ҮШІН ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖƏНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МАҚСАТТА ҚОЛДАНУЫНА АРНАЛҒАН.
X Кіріспе X Фотокамера жұмысымен танысу Фотокамераның басқару тетіктері жəне индикаторларымен асықпай танысып алыңыз. Нұсқаулықтың өзге бөлімдерін оқу барысында осында қайта оралу үшін осы бөлімді белгілеу пайдалы болуы мүмкін. Фотокамера корпусы 10 12 1 2 3 4 5 6 7 8 9 24 25 13 14 15 16 17 26 27 18 19 20 11 22 28 29 21 23 1 Режимді таңдау дискі ........ 3 2 Фотокамера бауына арналған тесік ................. 6 3 R (ақпарат) түймешігі .....
Фотокамера корпусы (жалғасы) 1 11 13 14 15 16 17 12 2 3 4 X 18 19 20 5 6 7 8 9 23 10 1 Көріністапқыш окуляры ..... 8 2 Резеңке көзүсті қалқан 3 Инфрақызыл қабылдағыш (арты) ............................. 27 4 Монитор Қарау баптаулары .......... 5 Тікелей көрініс .............. 41 Фотосуреттерді қарау .................................... 19 5 K түймешігі Қарау ............................. 19 6 G түймешігі Мəзір .............................
Режимді таңдау дискі Фотокамера келесі суретке түсіру режимдерін жəне g режимін қалауыңыз бойынша таңдауды ұсынады: X g режимі (0 21) Экрандағы нұсқаулықтың көмегімен суреттерді түсіріп, қараңыз жəне параметрлерді реттеңіз. P, S, A жəне M режимдері (0 38) Фотокамера баптауларын толық бақылауға болатын мына режимдерді таңдаңыз.
Көріністапқыш X 1 2 3 4 5 10 6 11 7 12 14 8 9 15 13 1 Фокустау нүктелері 2 Фокустау индикаторы ...... 14 3 Автоэкспозиция (АЭ) құлпы индикаторы 4 Ысырма жылдамдығы .................................. 39, 40 5 Апертура (f саны).......39, 40 6 Батарея индикаторы ....... 12 7 Қалған кадрлар саны .......12 Жад буфері толғанға дейін қалған түсірілімдер саны ........................................
Ақпараттық дисплей X Фотокамера баптауларын ақпараттық дисплейде қарауға жəне реттеуге болады. Баптауларды қарау үшін P түймешігін басыңыз жəне баптауларды өзгерту үшін оны қайта басыңыз. Мульти селекторды пайдаланып элементтерді белгілеңіз жəне белгіленген элементке арналған параметрлерді қарау үшін J басыңыз. P түймешігі 1 7 8 9 10 11 12 13 14 23 24 25 26 27 28 29 30 15 2 3 4 5 6 16 17 1 Суретке түсіру режимі i авто/ j авто (жарқыл өшірулі) ....................................
Алғашқы қадамдар Батареяларды немесе жад карталарын салмас немесе шығармас бұрын фотокамераны əрдайым өшіріңіз. 1 Қол бауын жалғаңыз. 2 Батареяны зарядтаңыз. Бауды төменде көрсетілгендей фотокамера корпусындағы екі тесікке мықтап жалғаңыз. X Егер ашалы адаптер жинақпен бірге келсе, қабырғадағы розеткаға тығылатын ашаны көтеріп, ашалы адаптерді сол жақта төменде көрсетілгендей жалғаңыз жəне ашаның толық салынғанына көз жеткізіңіз. Батареяны салып, зарядтау құрылғысын жалғаңыз.
4 Жад картасын салыңыз (бөлек сатылады). Картаның дұрыс бағытта екенін тексеріп, орнына түскенше картаны жылжытыңыз. 4GB X 5 Объективті орнатыңыз. Объектив немесе корпус қақпағы алынған кезде шаң-тозаңның фотокамераға кіруіне жол бермеу үшін сақ болыңыз. Белгілерді тура ұстап, фотокамерадағы объективті орналастырып, объектив орнына түскенше бұрай беріңіз. Автофокус AF-S объективтерінде қол жетімді.
7 Тілді таңдап, фотокамера сағатын орнатыңыз. Тілді таңдау жəне фотокамера сағатын орнату үшін мульти селекторды жəне J түймешігін пайдаланыңыз.
8 X Көріністапқышты фокустаңыз. Объектив қабын алғаннан кейін көріністапқыш дисплейі жəне фокустау нүктесі фокуста анық болғанша диоптрияны реттеу тетігін бұраңыз. Көзіңізді көріністапқышқа жақындатып, тетікті пайдаланған кезде, көзіңізге саусақты немесе тырнақты кіргізіп алмауға тырысыңыз. Фокустау нүктесі D Зарядталу барысында Зарядтау кезінде зарядтау құрылғысын қозғамаңыз немесе батареяны ұстамаңыз.
D Жад карталарын пішімдеу Егер жад картасы фотокамерада бірінші рет пайдаланса немесе егер карта басқа құрылғыда пішімделген болса, картаны пішімдеу үшін баптау мəзіріндегі Format memory card (Жад картасын пішімдеу) таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз (0 55). Бұның картада болуы мүмкін деректерді мүлдем өшіретінін ескеріңіз. Бұл əрекет алдында компьютерде сақтағыңыз келетін фотосуреттерді немесе басқа деректерді көшіріп алуды ұмытпаңыз.
X A Объективті босатып алу Объективтерді алған немесе ауыстырған кезде фотокамераны өшіруді ұмытпаңыз. Объективті алу үшін объективті босату түймешігін (q) басып, ұстап тұрыңыз жəне объективті сағат тілі бағытында бұраңыз (w). Объективті алғаннан кейін объектив қақпақтарын жəне фотокамера корпусының қақпағын орындарына салыңыз.
sФотосурет түсіру негіздері Батарея қуаты жəне жад картасының сыйымдылығы s Суретке түсіруден бұрын, батарея қуатының деңгейін жəне қалған кадрлар санын тексеріңіз. 1 2 Фотокамераны қосыңыз. Батарея қуатын тексеріңіз. Ақпараттық дисплейдегі батарея қуатын тексеріңіз (батарея қуаты төмен болса, көріністапқышта да ескерту пайда болады).
«Бағытта жəне түсір» атты фотосурет түсіру (i жəне j режимдері) Бұл бөлім параметрлердің көбісі суретке түсіру жағдайларына жауап ретінде фотокамера арқылы бақыланатын i жəне j режимдерінде, автоматты «бағытта жəне түсір» режимдерінде фотосуреттерді қалай түсіру керектігін сипаттайды. s 1 2 3 Фотокамераны қосыңыз. Объектив қабын алып, фотокамераны қосыңыз. Ақпараттық дисплей мониторда көрсетіледі. i немесе j режимін таңдаңыз.
5 Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фотокамера фокустау нүктелерін автоматты түрде таңдайды. Егер нысанның жарығы нашар болса, жарқыл шығып, АФ қосымша шамы жануы мүмкін. 6 s Көріністапқыштағы индикаторларды тексеріңіз.
7 s A Суретке түсіріңіз. Ысырманы босатып, фотосуретті түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін ақырын басыңыз. Жад картасына қатынасу шамы жанады жəне фотосурет мониторда бірнеше секундқа пайда болады (ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде, фотосурет дисплейден автоматты түрде ғайып болады). Шам өшкенге жəне жазу аяқталғанға дейін жад картасын суырмаңыз немесе қуат көзін алып тастамаңыз немесе аыратпаңыз.
A Ысырманы босату түймешігі Фотокамераның екі кезеңді ысырманы босату түймешігі бар. Фотокамера ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокустайды. Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Фокустаңыз: жартылай басыңыз Суретке түсіріңіз: соңына дейін басыңыз s A Күту режимінің таймері Шамамен 8 секунд бойы ешқандай əрекет орындалмаса, көріністапқыш пен ақпараттық дисплей батарея қуатының таусылуын азайту үшін өшеді.
Шығармашыл фотосурет түсіру (Көрініс режимдері) Фотокамера келесі «көрініс» режимдерін ұсынады. Көрініс режимін таңдау баптауларды таңдалған көрініске сай оңтайландырады, енді шығармашыл суретті оп-оңай жасауға болады: 13–16 беттерінде сипатталғандай режимді таңдаңыз, суретті жақтау ішіне алыңыз жəне суретті түсіріңіз. s Келесі көріністерді режимді таңдау дискімен таңдауға Режимді таңдау дискі болады: k Портрет Жұмсақ, табиғи көрінетін тері реңктері бар портреттер үшін пайдаланыңыз.
m Спорт Жоғары ысырма жылдамдығы негізгі нысан анық көрініп тұратын спорттағы кейбір динамикалық тұстарды түсіру үшін қозғалысты қатырып тастайды. Кірістірілген жарқыл мен АФ қосымша жарығы өшеді. s n Жақыннан түсіру Гүлдерді, жəндіктерді жəне өзге де кішігірім нысандарды жақыннан түсіру үшін пайдаланыңыз (өте жақын жерден фокустау үшін макрообъективті пайдалануға болады). Бұлдырауды болдырмау үшін штативті пайдаланған жөн.
I Қарау жəне өшіру Фотосуреттер түсірілгеннен кейін бірнеше секунд автоматты түрде көрсетіледі. Егер мониторда ешбір фотосурет көрсетілмесе, K түймешігін басып, ең соңғы суретті қарауға болады. Фотосуреттерді қарау I 1 K түймешігін басыңыз. Мониторда фотосурет көрсетіледі. K түймешігі 2 Қосымша суреттерді қараңыз. 4 немесе 2 басып немесе басқару дискін бұрап, қосымша суреттерді көрсетуге болады.
❚❚ Сурет нобайын қарау Суреттерді белгілеу үшін мульти селекторды немесе басқару дискін пайдаланыңыз жəне белгіленген суретті толық өлшемде қарау үшін J басыңыз. Көрсетілетін кескіндер санын азайту үшін X басыңыз. W (Q) түймешігі ❚❚ Күнтізбені қарау Күндер тізімін жəне таңдалған күннің сурет нобайларының тізімін ажырата қосу үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Күндер тізіміндегі күндерді белгілеу немесе сурет нобайының тізіміндегі суреттерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.
! Анықтама режимі Анықтама режимі əртүрлі жиі қолданылатын жəне пайдалы функцияларға қатынасуға мүмкіндік береді. Режимді таңдау дискі g дегенге бұралған кезде нұсқаудың жоғарғы деңгейі көрінеді. Батарея индикаторы (0 12) ! Қалған кадрлар саны (0 12) Суретке түсіру режимі: Суретке түсіру режимінің белгішесінде анықтама режимінің индикаторы пайда болады. Келесі элементтердің арасынан таңдаңыз: Shoot (Суретке түсіру) Суреттерді түсіріңіз.
Анықтама режимінің мəзірлері Осы мəзірлерге қатынасу үшін Shoot (Суретке түсіру), View/delete (Қарау/өшіру) немесе Set up (Орнату) дегенді белгілеп, J дегенді басыңыз.
❚❚ View/Delete (Қарау/өшіру) View single photos (Жекелеген фотосуреттерді қарау) View a slide show (Слайд көрсетілімін қараңыз) View multiple photos (Бірнеше фотосуретті Delete photos (Фотосуреттерді өшіру) қарау) Choose a date (Күнді таңдаңыз) ❚❚ Set up (Орнату) ! Image quality (Сурет сапасы) Output settings (Шығыс баптаулары) Image size (Сурет өлшемі) HDMI Auto off timers (Автоматты өшу Video mode (Бейнефильм режимі) таймерлері) Playback folder (Ойнату қалтасы) Print date (Күнді басып шығару) Playbac
Анықтаманы пайдалану Анықтама көрсетіліп тұрған кезде келесі амалдарды орындауға болады: Əрекет Анықтаманың жоғарғы деңгейіне қайтып оралыңыз Пайдалану Сипаттамасы Мониторды қосу немесе анықтаманың жоғарғы деңгейіне қайтып оралу үшін G дегенді басыңыз. Мониторды іске қосыңыз G түймешігі Мəзірді белгілеңіз Мəзірді белгілеу үшін 4 немесе 2 басыңыз. Мəзірлердегі параметрлерді белгілеу үшін 1 немесе 3 басыңыз.
z Фотосурет түсіру туралы қосымша ақпарат Суретке түсіру режимі Мына суретке түсіру режимдерінің біреуін таңдаңыз: Режим 8 I z E " # J 1 Сипаттамасы Single frame (Əр кадр бойынша): Ысырманы босату түймешігі басылған сайын камера бір фотосурет түсіреді. Continuous (Үздіксіз): Ысырманы босату түймешігі төмен басылған кезде фотокамера секундына 4 кадрға дейін жазады.
A Жад буфері Фотокамера жад картасына сақталып жатқан фотосуреттерді түсіруді жалғастыра беруге мүмкіндік беретін уақытша сақтау мақсатында пайдаланылатын жад буферімен жабдықталған. 100 фотосуретке дейін бірінен соң бірін түсіруге болады, дегенмен, буфер толық кезде фотосурет түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы төмендейтінін ескеріңіз. Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына қатынасу шамы жанады (0 2). Буфердегі кескіндер санына қарай жазу бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер жəне қашықтан басқару режимдері Өздігінен түсіруді реттейтін таймер жəне қосымша ML-L3 қашықтан басқару пульті (0 73) фотосуретшіге фотосурет түсірген кезде фотокамерадан қашық болуға мүмкіндік береді. 1 Камераны штативке орнатыңыз. 2 Босату режимін таңдаңыз. z 27 Камераны штативке орнатыңыз немесе камераны тұрақты, түзу орынға қойыңыз.
D Қашықтан басқару пультін пайдаланудан бұрын Қашықтан басқару пультін алғаш рет пайдаланудан бұрын, батареяны изоляциялағыш мөлдір пластмасса қабатты алып тастаңыз. A Көріністапқышты жабыңыз Фотосуреттерді көзіңізді көріністапқышқа тақамай түсірген кезде DK-20 резеңке көзүсті қалқанын алып тастаңыз (q) жəне бірге жеткізілген DK-5 оқуляр қақпағын көрсетілген ретте салыңыз (w). Бұл экспозицияға кедергі келтіретін жарықтың көріністапқыш арқылы кіруіне жол бермейді.
Фокустау Бұл бөлім фотосуреттер көріністапқышта жақтауға алынған кезде қол жетімді болатын фокустау параметрлері сипаттайды. Фокусты автоматты түрде немесе қолмен реттеуге болады (төмендегі «Фокустау режимі» бөлімін қараңыз) жəне втоматты немесе қолмен реттелетін фокус үшін фокустау нүктесін мульти селектор арқылы таңдауға болады. Фокустау режимі Мына фокустау режимдерінің біреуін таңдаңыз. AF-S жəне AF-C тек P, S, A жəне M режимдерінде қол жетімді екенін ескеріңіз.
A Болжалды бақылағыш фокустау AF-C режимінде немесе AF-A режимінде үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған кезде ысырманы босату түймешігі жартылай басылғанда нысан фотокамераға қарай қозғалса, фотокамера болжалды бақылағыш фокустауды іске қосады. Бұл фотокамераға ысырма босатылған кезде нысанның қай жерде болатынын болжау əрекеті барысында фокусты бақылауға мүмкіндік береді.
АФ аумағының режимі Автофокустау режиміне арналған фокустау нүктесінің қалай таңдалатынын белгілеңіз. Фокустау режимі үшін AF-S таңдалған кезде d (Dynamic-area AF (Динамикалық аумақ АФ)) жəне f (3D-tracking (11 points) (3D бақылау (11 нүкте))) қол жетімді болмайтынын ескеріңіз. z Параметр Сипаттамасы Single-point AF Қолданушы мульти селектормен фокустау нүктесін таңдайды; c (Жалғыз нүктелі фотокамера тек таңдалған фокустау нүктесінде нысанға фокустайды. АФ) Қозғалмайтын нысандар үшін пайдаланыңыз.
Кескін сапасы мен өлшемі Сонымен қатар, кескін сапасы мен өлшемі əр фотосуреттің жад картасында қанша орын алатындығын анықтайды. Үлкендеу, сапасы жоғарылау суреттерді үлкен өлшемді қағаздарға басып шығаруға болады, бірақ олар қосымша жад қажет етеді, бұл жад картасында осындай суреттердің азғантайы сақталатынын білдіреді. Кескін сапасы Файл пішімін жəне сығымдау коэффициентін таңдаңыз (кескін сапасы).
Кескін өлшемі Кескін өлшемі нүктелермен өлшенеді. Келесі параметрлердіѕ арасынан таѕдаѕыз: Сурет өлшемі Өлшем (нүктелер) Басып шығару өлшемі (см) * # Large (Үлкен) 6 016 × 4 000 50,9 × 33,9 $ Medium (Орташа) 4 512 × 3 000 38,2 × 25,4 % Small (Кішкентай) 3 008 × 2 000 25,5 × 16,9 * 300 нүкте/дюйм деңгейінде басып шығарылған кездегі шамамен өлшемі.
Кірістірілген жарқылды пайдалану Фотокамераның жеткіліксіз жарықтандырылған немесе артқы жағы жанып тұрған нысандарға арналған əр түрлі жарқыл режимдеріне қолдауы бар. ❚❚ Кірістірілген жарқылды пайдалану: i, k, p, n жəне o режимдері 1 2 Жарқыл режимін таңдаңыз (0 35). Суреттерді түсіріңіз. Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде жарқыл міндетті түрде шығады жəне фотосуретті түсіру кезінде жанады. Егер жарқыл автоматты түрде шықпаса, оны қолмен көтеруге ƏРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ.
Жарқыл режимі Пайдалануға болатын жарқыл режимдері суретке түсіру режиміне қарай өзгеріп отырады: o i, k, p, n No NYo Авто Авто+қызыл көз əсерін азайту j Жарқыл өшірулі N Толықтырғыш жарқыл NYr Nr j Жарқыл өшірулі N Толықтырғыш жарқыл S, M P, A z NY Қызыл көз əсерін азайту NYp Баяу синхрондау+қызыл көз əсері Np Баяу синхрондау Nq * Артқы пердемен+баяу синхрондау Автоматты баяу синхрондау+қызыл көз əсері Автоматты баяу синхрондау NY Nq Қызыл көз əсерін азайту Артқы пердемен синхронд
A Жарқыл режимдері Алдыңғы бетте берілген жарқыл режимдері жарқыл режимінің белгішесімен көрсетілетін келесі баптаулардың біреуін немесе бірнешеуін қамтуы мүмкін: • AUTO (АВТО) (автоматты жарқыл): Жарық нашар немесе нысанның артқы жағы жанып тұрған кезде, жарқыл ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде шығады жəне қажет болған кезде жанады. • Y (қызыл көз əсерін азайту): Портреттер үшін пайдаланыңыз. Қызыл көз əсерін азайту шамы жарқылдан бұрын жанып, «қызыл көз əсерін» азайтады.
ISO сезімталдық «ISO сезімталдық» таспа жылдамдығының сандық баламасы болып табылады. ISO сезімталдық неғұрлым жоғары, жоғары ысырма жылдамдықтарын немесе кішігірім апертураларды мүмкін қылатын экспозиция жасау үшін соғұрлым аз жарық қажет, бірақ кескінге бұрмаланудың əсер ету ықтималы соғұрлым жоғары болады (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар; бұрмалану əсіресе ISO 12 800 тең келетін Hi 1 баптауында орын алуы мүмкін).
tP, S, A жəне M режимдері P, S, A жəне M режимдері ысырма жылдамдығы мен апертураны басқарудың əр түрлі деңгейлерін ұсынады. Əрбір режим туралы қосымша ақпарат алу үшін Анықтамалық нұсқаулықты қараңыз. Режим P (Бағдарламаланған автоматты режим) Бұл режимде фотокамера ысырма жылдамдығы мен апертураны көп жағдайларда оңтайлы экспозицияға қол жеткізу үшін автоматты түрде реттейді. Бұл режим лездік суреттер жəне фотокамераның ысырма жылдамдығы мен апертураны басқару қажет басқа жағдайар үшін ұсынылады.
Режим S (Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим) Ысырма басымдығы бар автоматты режимде, ысырма жылдамдығын фотокамера оңтайлы экспозиция шығаратын апертураны автоматты түрде таңдап жатқан кезде таңдауға болады. Бұлдыраған қозғалыстағы нысандары бар қозғалысты ұсыну үшін төмен ысырма жылдамдықтарын, қозғалысты «қатырып тастау» үшін жоғары ысырма жылдамдықтарын пайдаланыңыз. Ысырма жылдамдығын таңдау үшін басқару дискін бұраңыз.
Режим M (Қол режимі) Қолмен реттелетін экспозиция режимінде ысырма жылдамдығы мен апертураны басқарасыз. «Bulb (Қолмен басылу режимі)» жəне «Time (Уақыт)» ысырма жылдамдықтары отшашу немесе түнгі аспан ұзақ экспозициялары үшін қол жетімді болады. Ысырма жылдамдығы басқару дискін бұрап, E (N) түймешігі апертура E (N) басып жəне басқару дискін бұрап орнатылады (апертураның максималды жəне минималды мəндері пайдаланылатын объективке қарай əр түрлі болады).
x Тікелей көрініс Монитордағы фотосуреттерді жақтау ішіне алу Фотосуреттерді тікелей көрініс режимінде түсіру үшін келесі əрекеттерді орындаңыз. 1 a түймешігін басыңыз. Айна көтеріліп, көрініс объектив арқылы фотокамераның мониторына шығады. Нысанды көріністапқышта көру мүмкін болмайды. a түймешігі 2 Фокустау нүктесін орнатыңыз. Фокустау нүктесін нысан үстіне 44 бетте сипатталғандай қойыңыз. x Фокустау нүктесі 3 4 41 Фокустаңыз. Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Тікелей көрініс режимінде фокустау Фокусты жəне АФ аумағының режимдерін таңдау жəне фокустау нүктесін орнату үшін төмендегі əрекеттерді орыдаңыз. ❚❚ Фокустау режимін таңдау Тікелей көрініс күйінде келесі фокустау режимдерін пайдалануға болады: Параметр Сипаттамасы Single-servo AF Қозғалмайтын нысандар үшін. Фокустау мүмкіндігі ысырманы AF-S (Əр кадр бойынша босату түймешігі жартылай басылған кезде құлыпталады. бақылағыш АФ) Қозғалатын нысандар үшін.
❚❚ АФ аумағының режимін таңдау i жəне j қоспағанда басқа режимдерде тікелей көріністе мына АФ аумағының режимдерін таңдауға болады: Режим Сипаттамасы Face-priority AF (Бет Фотокамера портрет нысандарын автоматты түрде анықтайды 8 басымдығы бар АФ) жəне фокустайды. Портреттер үшін пайдаланыңыз. Пейзажды жəне басқа портреттік емес нысандарды қолыңызға Wide-area AF (Кең 9 ұстаған күйі түсіру үшін пайдаланыңыз. Фокустау нүктесін таңдау ауқымды АФ) үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.
❚❚ Фокустау нүктесін таңдау Автофокус үшін фокустау нүктесін таңдау əдісі АФ аумағының режимі үшін таңдалған параметрге қарай əр түрлі болады (0 43). 8 (face-priority AF (бет басымдығы бар АФ)): Қосарланған сары түсті жолақ фотокамера порттреттік нысанды анықтаған кезде көрінеді (егер бірнеше бет, ең көбі 35 бет, анықталса, фотокамера ең жақын нысанды фокустайды; басқа нысанды таңдау үшін мульти селекторды пайдаланыңыз).
❚❚ Тікелей көрініс дисплейі y u q w e r i o !0 t !1 !2 x 45 Элемент Сипаттамасы Суретке түсіру Режимді таңдау дискі арқылы таңдалған ағымдағы q режимі режим. «Бейнефильм жоқ» w Бейнефильмдерді жазуға болмайтынын білдіреді. белгішесі Тікелей көрініс режимінің автоматты түрде аяқталуына e Қалған уақыты дейін қалған уақыт. Түсіру 30 секунд немесе одан аз мерзімде бітетін болса көрінеді. Микрофон r Бейнефильмді жазу үшін микрофон сезімталдығы. сезімталдығы Дыбысты жазу үшін дыбыс деңгейі.
A Тікелей көрініс/бейнефильмді жазу дисплейінің параметрлері Дисплей параметрлерін төменде көрсетілгендей қарап шығу үшін R түймешігін басыңыз.
D Тікелей көрініс режимінде түсіру Көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың экспозиция мəнін бұрмаламауы үшін түсіруден бұрын резеңке көзүсті қалқанын алып, көріністапқышты жинақпен бірге келген DK-5 окуляр қақпағымен жауып қойыңыз (0 28). Олар ақырғы суретте көрінбегенімен, фотокамера көлденең панорамаланса немесе нысан жақтау арқылы жоғары ылдамдықта қозғалса, бұрмалану көрінуі мүмкін. Фотокамераның панорамалануы кезінде қатты жарық көздері мониторда қалдық кескіндерді қалдыруы мүмкін.
D Автофокустауды тікелей көріністе пайдалану Тікелей көріністе автофокустау баяу орындалады жəне фотокамера фокустаған кезде монитор жарық немесе күңгірт болуы мүмкін.
y Бейнефильмдерді жазу жəне қарау Бейнефильмдерді жазу Бейнефильмдерді тікелей көрініс режимінде жазуға болады. 1 a түймешігін басыңыз. Айна көтеріледі жəне объективтен өткен көрініс көріністапқыштың орнына мониторда көрінеді. D 0 белгішесі 0 белгішесі (0 45) бейнефильмдерді жазуға болмайтынын білдіреді. A a түймешігі Бейнефильмді жазудан бұрын Жазу алдында апертураны A немесе M режиміне орнатыңыз. 2 y 3 Фокустаңыз.
4 Жазуды аяқтаңыз. Жазуды тоқтату үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайтадан басыңыз. Жазу уақыты шегіне жеткен кезде, жад картасы толған кезде, басқа режим таңдалған кезде немесе объектив алынған кезде жазу автоматты түрде аяқталады. A Бейнефильмді жазу кезінде фотосуреттерді түсіру Бейнефильмді жазуды аяқтау үшін, фотосуретті түсіріңіз, тікелей көрініске өтіңіз, ысырманы босату түймешігін соңына дейін басып, ысырма босатылғанша сол күйде ұстап тұрыңыз.
Бейнефильм баптаулары Мына баптауларды реттеу үшін суретке түсіру мəзіріндегі Бейнефильм баптаулары параметрін пайдаланыңыз. • Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/бейнефильм түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы), Movie quality (Бейнефильм сапасы): Мына параметрлерден таңдаңыз.
1 Movie settings (Бейнефильм баптаулары) параметрін таңдаңыз. Мəзірлерді ашу үшін G түймешігін басыңыз. Суретке түсіру мəзірінен Movie settings (Бейнефильм баптаулары) белгілеңіз жəне 2 басыңыз. 2 G түймешігі Бейнефильм параметрлерін таңдаңыз. Қажетті элементті белгілеп, 2 басыңыз, одан кейін параметрді белгілеп, J басыңыз.
Бейнефильмдерді қарау Бейнефильмдер толық өлшемде қарау режимінде 1 белгішесімен көрсетіледі (0 19). Қарауды бастау үшін J басыңыз. 1 белгішесі Жазу ұзақтығы Ағымдағы күйі/жалпы жазу ұзақтығы Дыбыс деңгейі Бейнефильм барысының жолағы Анықтама Келесі əрекеттерді орындауға болады: Əрекет Пайдалану Кідірту Ойнатуды кідіртіңіз. Ойнату Бейнефильм кідіртілген кезде немесе кері/алға айналдыру барысында ойнатуды жалғастырыңыз.
UМəзір нұсқауы Көптеген суретке түсіру, қарау жəне баптау параметрлеріне фотокамера мəзірлерінен қатынасуға болады. Мəзірлерді қарау үшін G түймешігін басыңыз. G түймешігі Қойындылар Келесі мəзірлердің арасынан таңдаңыз: • D: Қарау • C: Суретке түсіру • B: Баптау • • N: Өңдеу m: Соңғы баптаулар Жүгірткі ағымдағы мəзір ішіндегі күйді көрсетеді. Ағымдағы баптаулар белгішелер арқылы көрінеді. Мəзір параметрлері Ағымдағы мəзір ішіндегі параметрлер.
Мəзір нұсқауы ❚❚ D Қарау мəзірі: Кескіндерді басқару ( Delete (Өшіру) Playback folder (Ойнату қалтасы) Playback display options (Қарау дисплейінің параметрлері) Image review (Суретті тексеру) Rotate tall (Ұзындығы бойынша айналдыру) Slide show (Слайд көрсетілімі) DPOF print order (DPOF баспа реті) ❚❚ C Суретке түсіру мəзірі: Түсіру параметрлері ( Reset shooting menu (Суретке түсіру мəзірін бастапқы қалпына келтіру) Set Picture Control (Суретті басқару режимі) Image quality (Сурет сапасы) Image size (Су
Фотокамера мəзірлерін пайдалану Фотокамера мəзірлерін шарлау үшін мульти селектор жəне J түймешігі пайдаланылады. Меңзерді жоғары жылжытыңыз J түймешігі: белгіленген элементті таңдау Тоқтатып, алдыңғы мəзірге қайтып оралыңыз Белгіленген элементті таңдаңыз немесе қосымша мəзірді көрсетіңіз Меңзерді төмен жылжытыңыз Мəзірлерді шарлау үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз. 1 Мəзірлерді ашыңыз. Мəзірлерді ашу үшін G түймешігін басыңыз. G түймешігі 2 Ағымдағы мəзірдің белгішесін белгілеңіз.
4 Меңзерді таңдалған мəзір үстіне қойыңыз. Меңзерді таңдалған мəзір үстіне қою үшін 2 басыңыз. 5 U Мəзір элементін белгілеңіз. Мəзір элементін белгілеу үшін 1 немесе 3 басыңыз. 6 Параметрлерді көрсетіңіз. 7 Параметрді белгілеңіз. 8 Белгіленген элементті таңдаңыз. Таңдалған мəзір элементіне арналған параметрлерді шығару үшін 2 басыңыз. Параметрді белгілеу үшін 1 немесе 3 басыңыз. Белгіленген элементті таңдау үшін J басыңыз. Таңдау жасамастан шығу үшін G түймешігін басыңыз.
Q ViewNX 2 ViewNX 2 орнату Компьютерге көшірілген фотосуреттерді жəне бейнефильмдерді көрсету жəне өңдеу үшін бірге жеткізілген бадарламалық жасақтаманы орнатыңыз. ViewNX 2 орнату алдында компьютердің 59 бетіндегі жүйелік талаптарға сəйкес келетінін тексеріңіз. ViewNX 2TM Суретті өңдеу 1 Компьютерді іске қосып, орнатушы ықшам дискісін салыңыз. Windows Mac OS Жұмыс үстеліндегі белгішені екі рет басыңыз Welcome (Қош келдіңіз) белгішесін екі рет басыңыз 2 3 Тілді таңдаңыз.
4 Орнатушыдан шығыңыз. Windows Mac OS Yes (Иə) дегенді басыңыз. OK дегенді басыңыз. Мына бағдарламалық жасақтама орнатылған: • ViewNX 2 • Apple QuickTime (Тек Windows жүйесі) 5 A Орнатушы ықшам дискісін CD-ROM дискіенгізгісінен алыңыз.
ViewNX 2 пайдалану Суреттерді компьютерге көшіру 1 Суреттерді компьютерге көшіру əдісін таңдаңыз. Мына əдістердің біреуін таңдаңыз: • Тікелей USB қосылымы: Фотокамераны өшіріп, жад картасының фотокамераға салынғанын тексеріңіз. Фотокамераны бірге жеткізілген UC-E17 USB кабелі арқылы компьютерге жалғап, фотокамераны қосыңыз. • SD карта ұяшығы: Егер компьютер SD карта ұяшығымен жабдықталса, картаны тікелей ұяшыққа салуға болады.
4 Байланысты тоқтатыңыз. Егер фотокамера компьютерге жалғанса, фотокамераны өшіріп, USB кабельді суырыңыз. Егер жад картасын оқу құралын немесе жад картасының ұяшығын пайдалансаңыз, жад картасына сəйкес алынатын дискіні шығару үшін компьютердің амалдық жүйесіндегі тиісті параметрді таңдап, картаны жад картасын оқу қралынан немесе жад картасының ұяшығынан алыңыз. Суреттерді қарау Көшіру аяқталған кезде суреттер ViewNX 2 бағдарламасында көрсетіледі.
n Техникалық жазбалар Үйлесімді объективтер Бұл фотокамера тек AF-S жəне AF-I кірістірілген микропроцессоры бар объективтерімен автофокусқа қолдау көрсетеді. AF-S объективтері атауларының басында AF-S, ал AF-I объективтері атауларының басында AF-I келеді. Басқа автофокус (АФ) объективтерімен автофокусқа қолдау көрсетілмейді.
Басқа керек-жарақтар Жазылу уақытында мына керек-жарақтар D3200 үшін қол жетімді болған. Қуат көздері Сүзгілер Көріністапқыш окулярының керекжарақтары n • EN-EL14 қайта зарядталмалы литий-ионды батареясы (0 6): қосымша EN-EL14 батареялары жергілікті сауда орындарында жəне Nikon компаниясының қызмет көрсету өкілдерінде сатылады. EN-EL14a батареяларын да пайдалануға болады. • Зарядтау құрылғысы MH-24 (0 6): EN-EL14a жəне EN-EL14 батареяларын зарядатңыз.
Корпус қақпағы Корпус қақпағы BF-1B/Корпус қақпағы BF-1A: Корпус қақпағы объектив орнында жоқ кезде айнаны, көріністапқыш бейнебетін жəне төменгі жиіліктер сүзгісін тозаңнан сақтайды. ML-L3 сымсыз қашықтан басқару (0 27): ML-L3 3 В CR2025 батареясын пайдаланады. Қашықтан басқару пульттері Микрофондар Қосымша керек-жарақ жалғағышының керекжарақтары Батарея бөлімінің ілмегін оңға басып (q), тырнағыңызды саңылауға салып, батарея бөлімін ашыңыз (w). Батареяның дұрыс бағытта салынғанын тексеріңіз (r).
Фотокамераға күтім жасау Сақтау Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде батареяны алып тастап, оны түйіспе тұс қақпағымен салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ, əрі жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз.
Фотокамераға жəне батареяға күтім жасау: Сақ болыңыз Фотокамераға күтім жасау Құлатып алмаңыз: Қатты соққы немесе діріл əсеріне ұшыраса, өнім дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін. Құрғақ күйде сақтаңыз: Бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса немесе ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Сақтау: Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ, əрі жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Егер айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз, өрт шықпауы үшін адаптерді суырыңыз. Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, батарея ақпауы үшін оны алып қойыңыз жəне фотокамераны ылғал тартқышы бар пластмасса сөмкеде сақтаңыз. Дегенмен, фотокамера қабын пластмасса сөмкеде сақтамаңыз, себебі бұл материалдың бұзылуына əкелуі мүмкін.
• Батарея пайдаланылған кезде батареяның ішкі температурасы көтерілуі мүмкін. Ішкі температурасы жоғары кезде батареяны зарядтау əрекеті батарея тиімділігін төмендетеді жəне батарея зарядталмауы немесе тек жартылай зарядталуы мүмкін. Зарядтау алдында батареяның салқындауын күтіңіз. • Батарея толық зарядталғаннан кейін оны зарядтауды жалғастыра беру батарея өнімділігін нашарлатуы мүмкін.
Қате туралы хабарламалар Бұл бөлімде көріністапқышта жəне мониторда пайда болатын индикаторлар жəне қате туралы хабарлар көрсетілген. A Ескерту белгішелері Монитордағы d немесе көріністапқыштағы s жыпылықтауы W (Q) түймешігін басып мониторда ескерту немесе қате туралы хабарды көрсетуге болатынын білдіреді. Индикатор Монитор Lock lens aperture ring at minimum aperture (largest f/-number). (Объективтің апертура сақинасын құлыптау минималды апертурада (ең үлкен f/-саны).
Индикатор Монитор Not available if Eye-Fi card is locked. (Eye-Fi картасы құлыптаулы болса қол жетімді емес.) This card is not formatted. Format card? (Бұл карта пішімделмеген. Картаны пішімдеу?) Card is full (Карта толық) — Көріністапқыш T j/A/s (жыпылықтайды) ● (жыпылықтайды) s (жыпылықтайды) Subject is too dark (Нысан тым қараңғы) — — Flash error (Жарқыл қатесі) Картаны пішімдеңіз немесе фотокамераны (жыпылықтайды) өшіріп, жаңа карта салыңыз.
Индикатор Монитор Error. Press shutter release button again. (Қате. Ысырманы босату түймешігін қайта басыңыз.) Көріністапқыш Шешімі Ысырманы босатыңыз. Егер қате туралы хабар жоғалмаса немесе жиі пайда бола берсе, Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабрласыңыз. Start-up error. Contact a NikonO authorized service representative. (жыпылықтайды) (Іске қосылу қатесі. Nikon Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне компаниясының ресми қызмет хабарласыңыз. көрсету орталығының маманына хабарласыңыз.
Техникалық сипаттамалары ❚❚ Nikon D3200 сандық фотокамерасы Түрі Түрі Объективті орнату Тиімді көрініс бұрышы Шамамен 1,5 × объективтің фокустық қашықтығы (35 мм пішімге тең); Nikon DX пішімі Тиімді нүктелер Тиімді нүктелер 24,2 миллион Матрица Матрица Жалпы нүктелер саны Тозаңды азайту жүйесі Сақтау Кадр өлшемі (нүктелер) Файл пішімі Бір объективті, айналы сандық фотокамера Nikon F бекіткіші (АФ түйіспелерімен) 23,2 × 15,4 мм CMOS сенсоры 24,7 миллион Кескін сенсорын тазалау, кескіндегі тозаң іздерін
Объектив Сыйысымды объективтер Автофокус AF-S жəне AF-I объективтерінде қол жетімді. Автофокус G жəне D типті объективтерінде, АФ объективтерінде (F3AF үшін IX NIKKOR жəне объективтерге қолдау көрсетіледі) жəне AI-P объективтерінде қол жетімді емес. Микропроцессормен жабдықталмаған объективтерді M режимінде пайдалануға болады, бірақ фотокамераның экспозиция өлшегіші істемейді. Электрондық қашықтықты өлшегішті максималды апертурасы f/5.6 немесе жылдамырақ объективтермен пайдалануға болады.
Фокустау Автофокустау TTL фазасын анықтау, 11 фокустау нүктесі (оның ішінде бір-бірімен айқасқан сенсор бар) жəне АФ қосымша шамы (ауқымы шамамен 0,5 – 3 м) Nikon Multi-CAM 1000 автофокустау сенсорының модулі.
Тікелей көріністе қарау режимі Объектив жетегі • Автофокустау (АФ): Əр кадр бойынша бақылағыш АФ (AF-S); Тұрақты бақылағыш АФ (AF-F) • Қолмен реттелетін фокус (MF) АФ аумағының Бет басымдығы бар АФ, кең ауқымды АФ, қалыпты-аумақ АФ, нысанды режимі бақылағыш АФ Автофокустау Кадрдың кез келген жеріндегі контрастты анықтау АФ (бет басымдығы бар АФ немесе нысанды бақылағыш АФ таңдалған кезде фотокамера фокустау нүктесін өздігінен таңдайды) Көріністі i жəне j режимдерінде қол жетімді автоматты таңдау Бейнефильм
Қолдауға ие тілдер Қолдауға ие Араб, қытай (жеңілдетілген жəне дəстүрлі), чех, дат, нидерланд, тілдер ағылшын, фин, француз, неміс, грек, хинди, венг, индонезиялық, итальян, жапон, корей, норвег, поляк, португал (португалиялық жəне бразилиялық), румын, орыс, испан, швед, тай, түрік, украин тілдері Қуат көзі Батарея Айнымалы ток адаптері Бір қайта зарядталмалы литий-ионды EN-EL14 батареясы EH-5b айнымалы ток адаптері; EP-5A қуат жалғағышын талап етеді (бөлек сатылады) Штатив ұяшығы Штатив ұяшығы 1 /4 дюй
❚❚ MH-24 зарядтау құрылғысы Номиналды тұтынылатын қуаты Есептелген шығасын қуаты Қолдауға ие батарея түрлері Зарядталу уақыты Айнымалы ток 100–240 В, 50/60 Гц, максималды 0,2 A Тұрақты ток 8,4 В/0,9 A Nikon EN-EL14 қайта зарядталмалы литий-ионды батареясы Шамамен заряд қалмаған кезде 25 °C қоршаған орта температурасында 1 сағат жəне 30 минут Жұмыс 0–40 °C температурасы Өлшемдері (С × Б × Т) Шамамен 70 × 26 × 97 мм, ашалы адаптерді қоспағанда Салмағы Шамамен 96 г, ашалы адаптерді қоспағанда ❚❚ EN-EL14 қай
A AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR II объективі Көрнекілік мақсатында осы нұсқаулықта пайдаланылған объектив AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR II болып табылады. Фокустық қашықтық таңбасы Орнату таңбасы (0 7) Фокустық қашықтық масштабы Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешігі (0 8) Микропроцессор түйіспелері Объективтің артқы қақпағы A-М режимін ауыстырғыш Объектив қақпағы Фокустау сақинасы Дірілді азайтуды ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышы Масштабтау сақинасы AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.
A Батареяның жарамды мерзімі Толық зарядталған батареялардың көмегімен түсіруге болатын суреттердің саны батарея, температура жағдайына жəне фотокамераның қалай пайдаланылатынына қарай əр түрлі болады. EN-EL14 (1 030 мАс) батареялары үшін сандар үлгісі төменде берілген. • Əр кадр бойынша суретке түсіру режимі (CIPA стандарты 1): Шамамен 540 түсірілім • Үздіксіз суретке түсіру режимі (Nikon стандарты 2): Шамамен 1 800 түсірілім 1 Мына сынақ жағдайларында AF-S DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe BV (Еуропа/ Африка жəне Ресей) сату аумағындағы өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшелермен хабарласыңыз.
3. Кепілдік келесі жағдайларда жарамсыз болып табылады: • дұрыс пайдаланбаудың, сондай-ақ өнімді қалыпты жағдайда немесе пайдалану жəне техникалық қызмет көрсету жөнінде пайдаланушы нұсқаулықтарына сəйкес пайдаланбау жəне өнімді пайдаланылған елдің қауіпсіздік ережелеріне сəйкес орнатпаудың немесе пайдаланбаудың нəтижесінде келтірілген зақым. • апат, сондай-ақ нажағай, су тасқыны, өрт шығу, дұрыс пайдаланбау немесе немқұрайдылықтың нəтижесінде келтірілген зақым.
Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дəйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды. САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз жəне өнім туралы соңғы мəліметтерді жаңартып отырыңыз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан табуға болады жəне техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз. http://www.europe-nikon.