Анықтамалық нұсқаулық
F9
Техникалық ескертпелер жəне индекс
Сақтау
Фотокамераны пайдаланбайтын кезде оны өшіріңіз. Фотокамераны қорапқа салудың
алдында іске қосылу шамы жанбай тұрғанын тексеріңіз. Фотокамера ұзақ
қолданылмайтын болса, батареяларды шығарыңыз. Фотокамераны керосинмен
немесе камфоралық нафталин шарларымен бірге, не болмаса төмендегі жерлерде
сақтамаңыз:
• Теледидарлар немесе радио қабылдағыштар сияқты күшті электромагнитті өрістер
шығаратын жабдықтың жанында
• –10°C-тан төмен немесе 50°C-тан жоғары температурада
• Нашар желдетілетін немесе ылғалдылығы 60%-дан жоғары жерлерде
Зеңнің пайда болуын алдын алу үшін фотокамераны сақтау орнынан кем дегенде
айына бір рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны сақтау орнына қайта қою үшін
фотокамераны қосып, ысырманы бірнеше рет босатыңыз.
Батареяны сақтау үшін «Батарея» (F5) және «Өнімнің күтімі» бөліміндегі сақтық
шараларын орындаңыз.










