Анықтамалық нұсқаулық
ix
Кіріспе
Балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз
Сәбилердің батареяны,
қылқаламды немесе басқа шағын
бөлшектерді ауыздарына
салмауын ерекше қадағалау керек.
Құрылғылар
қолданылмаған кезде
фотокамераны, айнымалы
токпен зарядтау адаптерін
немесе айнымалы ток
адаптерін ұзақ уақыт бойы
жалғанған күйде
қалдырмаңыз
Құрылғылардың бөлшектері ыстық
болып кетеді. Құрылғыларды теріге
тиген күйде ұзақ қалдырса, төменгі
температуралық күйіктер алынуы
мүмкін.
Өнімді қатты қызып кететін
жерде қалдырмаңыз,
мысалы, жабық көлікте
немесе тікелей күн сəулесі
түсетін жерде
Осы сақтық шараны орындамау
зақымдануына немесе тұтануына
әкелуі мүмкін.
Батареяны қолданғанда сақ
болыңыз
Батарея дұрыс қолданылмаса
ағып кетуі, шамадан көп қызып
кетуі немесе жарылуы мүмкін. Бұл
өнімде пайдалануға арналған
батареяны қолданған кезде мына
сақтық шараларды орындаңыз:
•
Батареяны ауыстырудан бұрын
өнімді өшіріңіз. Егер зарядтау
айнымалы ток адаптерін/айнымалы
ток адаптерін пайдаланcаңыз,
оның суырылғанына көз жеткізіңіз.
•
Тек қана EN-EL19 қайта зарядталатын
литий-ионды батареяны
пайдаланыңыз (жинаққа кіреді).
Батареяны батареяны зарядтауды
қолдайтын фотокамераны немесе
MH-66 батарея зарядтағышын (бөлек
сатылады) пайдалана отырып
зарядтаңыз. Батареяны камера
көмегімен зарядтау үшін EH-70P
айнымалы токпен зарядтау адаптерін
(жинаққа кіреді) немесе
Charge by
computer (Компьютермен зарядтау)
функциясын пайдаланыңыз.
• Батареяны салған кезде оны
төңкеріп қойып немесе артқа
қаратып салуға әрекеттенбеңіз.
•
Батареяны қысқартпаңыз немесе
бөлшектемеңіз, сондай-ақ,
батареяның оқшаулауын немесе
қаптамасын шешу немесе бұзу
әрекетін орындамаңыз.
•
Батареяны отқа тастамаңыз
немесе қатты қызуға ұшыратпаңыз.










