Анықтамалық нұсқаулық

232
n
Фотокамераға күтім жасау
Тазалау
Алкогольды, сұйылтқышты немесе өзге де ұшқыр химиялық
заттарды пайдаланбаңыз.
Сақтау
Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде батареяны
алып тастап, оны түйіспе тұс қақпағымен салқын, құрғақ жерде
сақтаңыз.
Өңезді немесе зеңді болдырмау үшін фотокамераны
құрғақ, жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз.
Фотокамераны
камфара немесе нафталин күйеге қарсы дөңгелектерімен немесе
мына орындарда сақтамаңыз:
ылғалды (ылғалдылығы 60% немесе одан көп) немесе нашар
желдетіледі
теледидар немесе радио сияқты қатты электромагнитті өрістер
шығаратын жабдықтың маңайында
температурасы 50 °C-тан жоғары немесе –10 °C-тан төмен
жерлерде
Фотокамера
корпусы
Ауа үргішті пайдаланып тозаңды жəне мамықты алып
тастап, жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіп
алыңыз.
Фотокамераны жағажайда немесе теңіз
жағасында пайдаланғаннан кейін құм немесе тұз
түйіршіктерін дистильденген сумен ылғалданған
шүберекпен ақырын сүртіп, құрғатыңыз.
Маңызды: фотокамера ішіндегі шаң-тозаң немесе өзге
де бөгде заттар кепілдікке кірмейтін зақымға əкелуі
мүмкін.
Объектив
Бұл шыны элемент оңай зақымдалады.
Тозаң мен
мамықты ауа үргішпен кетіріңіз.
Аэрозольды үргішті
пайдалансаңыз, сұйықтықтың төгілмеуі үшін құтыны тік
күйде ұстаңыз.
Саусақ іздері мен басқа дақтарды кетіру
үшін жұмсақ, құрғақ шүберекке объективті тазалағыштың
азғантай мөлшерін жағып, ақырын тазалаңыз.
Монитор
Тозаң мен мамықты ауа үргішпен кетіріңіз.
Саусақ іздері
мен басқа дақтарды кетірген кезде, сыртқы қабатын
жұмсақ, құрғақ шүберекпен немесе күдері былғарымен
ақырын сүртіңіз.
Қатты күш салмаңыз, себебі бұл
зақымға немесе ақауға əкелуі мүмкін.