Installation Instruction

Table Of Contents
kk Тазалау және күту
62
11.4 Уақытын реттеу.
Жазба:Электр желісіне қосылғаннан немесе электр
қуаты өшірілгеннен кейін дыбыстық сигнал шығады
және дисплейде бірнеше нөл көрсетіледі. Басқа
дабыл шыққанға дейін бірнеше секунд кетуі мүмкін
және сіз күннің уақытын орната аласыз.
1.
⁠ батырмасын басыңыз.
a Дисплейде – 12:00 көрсетіледі. ⁠ жоғарында
индикаторлы шамы жанады.
2.
Айналмалы қосқышпен уақытты орнатыңыз.
3.
⁠ батырмасын басыңыз.
11.5 Сағат уақытын жою
Құрылғының қуат тұтынуын азайту үшін күндізгі
уақытты индикациялау функциясын өшіруге болады.
1.
⁠ батырмасын басыңыз.
2.
⁠ батырмасын басыңыз.
Тәулік уақытын қайтадан көрсету үшін, ⁠ тағы бір
рет басыңыз.
12  Тазалау және күту
Құрылғыңыздың ұзақ уақыт бойы жұмыс жасауын
болдыру үшін, оны мұқият тазалап күтіңіз.
12.1 Тазалау құралы
Тек жарамды тазалағыш құралды пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ‒Электрик тоқ соғу қатері бар!
Ішіне кірген ылғалдық тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Құрылғыны тазалау үшін булап тазартқыш немесе
жоғары басымдылықты булап тазартқышты
пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жарамсыз тазартқыш құралдар құрылғыны
зақымдайды.
Өткір немесе абразивті тазалағыш құралды
пайдаланбаңыз.
Құрамында спирт мөлшері үлкен тазалағыш
құралды пайдаланбаңыз.
Ешқандай қатты абразивті ысқыштарды немесе
тазалауға арналған ысқыштарды пайдаланбаңыз.
Арнайы тазартқыш құралдарды жылы күйінде
пайдаланбаңыз.
Әйнек тазартқыш құралдарды, әйнек беттерді
тазалайтын қырғыштарды немесе тот баспайтын
болаттан жасалған бұйымдарды күту құралдарын,
сәйкес бөлшекті тазалау жөніндегі нұсқауларда
айтылған болса ғана пайдаланыңыз.
Жаңа губкаларда өндіріс кезінде ұсталған бөгде
бөлшектер болады.
Жаңа губкалы шүберектерді пайдаланудан алдын
әбден жуыңыз.
Жеке беттер мен бөлшектерді тазартатын заттар
туралы тазалау нұсқаулығында қараңыз.
12.2 Құралды тазалау
Дұрыс тазаламау салдарынан немесе жарамсыз
тазартқыш құралдарды пайдалану салдарынан
зақымдалған болса, құралды берілген нұсқауларға
сәйкес тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ‒Күйіп қалу қатері!
Құрылғы және оның бөлшектері пісіру барысында
қызады.
Ыстық бөлшектерге абай болып қол тигізбеңіз.
Құралды 8 жасқа дейінгі балаларға пайдалануға
жол бермеңіз.
ЕСКЕРТУ‒Өрт шығу қатері!
Жұмсақ тамақ қалдықтары, май мен қуырдақ суы
жанып кетуі мүмкін.
Құрылғыны пайдаланар алдында пісіру
камерасындағы, қыздырғыш элементтер мен
жабдықтардың бетіндегі қатты кірлерді кетіріңіз.
ЕСКЕРТУ‒Жарақаттану қатері!
Құрылғының есігіндегі сызылған әйнек жарылуы
мүмкін.
Пештің есігінің әйнегін тазалау үшін қатты
абразивті тазартқыштарды немесе өткір металл
қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар бетіне
сызат түсіруі мүмкін.
1.
Тазалағыш заттарды қолдану бойынша
нұсқауларды орындаңыз. →
Бет62
2.
Құрылғының жекелеген бөлшектерін немесе
беттерін тазалау бойынша нұсқауларды
орындаңыз.
3.
Егер басқаша көрсетілмесе:
құрылғының компоненттерін ыстық сабынды
сумен және шүберекпен тазалаңыз.
Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
12.3 Жұмыс камерасын тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Дұрыс емес тазалау пісіру бөлімін зақымдауы мүмкін.
Пешке арналған спрейлерді немесе басқа қатты
тазартқыштарды немесе абразивті
тазартқыштарды пайдаланбаңыз.
1.
Тазалағыш заттарды қолдану бойынша
нұсқауларды орындаңыз. →
Бет62
2.
Сабынды сумен немесе сірке суының ерітіндісімен
тазалаңыз.
3.
Қатты ластану жағдайында: пеш тазалау құралын
пайдаланыңыз.
Пешті тазартқышты тек салқындатылған жұмыс
камерасында қолданыңыз.
Кеңес:Жағымсыз иістерді болдырмау үшін
максималды микротолқынды қуатта бір стақан
суды бірнеше тамшы лимон шырынын 1-2 минут
қыздырыңыз. Қайнатудын асып кетпеуі үшін
ыдысқа қасықты салыңыз.
4.
Жұмыс камерасын жұмсақ шүберекпен сүртіп,
құрғатып тазалаңыз.
5.
Есікті ашық күйде қалдырып, құрғатып алыңыз.