Owner's Manual
11
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
Шаңсорғышты пайдаланғанда өрт, ток соғуы, жеке жарақат алу немесе зақым қаупін болдырмау үшін
пайдаланар алдында барлық нұсқауларды оқып, орындаңыз. Бұл нұсқаулықта орын алуы мүмкін барлық
мүмкін жағдайлар қамтылмаған. Түсінбейтін мәселелер болса, әрқашан қызмет көрсету маманына немесе
өндірушіге хабарласыңыз. Бұл жабдық келесі ЕО директиваларына сай - 2006/95/EC Төмен кернеу туралы
директивасы -2004/108/EC ЭМҮ директивасы.
Бұл қауіпсіздік туралы хабарландыру таңбасы.
Бұл таңба сізді немесе басқаларды өлтіруі немесе зақымдауы мүмкін ықтимал қауіптер туралы
хабарландырады.
Барлық қауіпсіздік туралы хабарларда қауіпсіздік туралы ескерті таңбасы және «ЕСКЕРТУ» немесе
«АБАЙЛАҢЫЗ» сөзі болады.
Бұл терминдердің мағыналары келесідей:
Бұл таңба ауыр дене жарақатына немесе өлімге әкелуі мүмкін қауіптер немесе
қауіпті әрекеттер туралы ескертеді.
Бұл таңба дене жарақатына немесе мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін қауіптер
немесе қауіпті әрекеттер туралы ескертеді.
1. Бұл құрылғыны (балаларды қосқанда) физикалық,
сезу не сана мүмкіндіктері шектелген немесе
тәжірибе мен білімі жоқ адамдарға, құрылғыны
қолдану барысында олардың қауіпсіздігіне жауап
беретін адам оларды бақылап не нұсқау бергенше
қолдануға арналмаған.
2. Балаларды олар осы құрылғымен ойнамау үшін
қадағалау керек.
3. Егер қуаттану сымы зақымдалған болса, оны қауіп
тұдырмау үшін LG Electronics қызметінің агенті
ауыстыру керек.
4. Бұл жабдықты 8 және одан жоғары жастағы
балалар және дене немесе ақыл-ой кемшіліктері
бар я болмаса тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар,
оларға жабдықты қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулар берілсе немесе оқытылса және
байланысты қауіптерді түсінсе пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Құрылғыны
тазалау және қызмет көрсету жұмыстарын балалар
ересек адамдардың қарауынсыз орындамауы тиіс.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ










