User manual
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
1
Есіктің тетігіне орнатылған қауіпсіздік бекіткіштерге байланысты, есік ашық тұрғанда пешті
жұмысқа пайдалану мүмкін емес. Қауіпсіздік бекітпелеріне тиіспеудің маңызы зор.
•
Бұл шамадан тыс микротолқын қуатының əсеріне ұшырауға əкеліп соғуы мүмкін. (Қауіпсіздік
бекітпелері есік ашық тұрған кездегі кез келген тамақ пісіру əрекетін автоматты түрде өшіреді).
2
Пештің алдыңғы жағы мен есігінің арасына ешқандай зат (ас үй сүлгілері, майлықтар, т.б.
сияқты) қоймаңыз жəне тағамның не тазартқыш заттың қалдығының тығыздауыш беттерде
жиналуына жол бермеңіз.
•
Бұл шамадан тыс микротолқын қуатының əсеріне ұшырауға əкеліп соғуы мүмкін.
3
Микротолқынды пеш бүлінген болса, оны іске қоспаңыз. Пештің есігінің дұрыс жабылуының
жəне төмендегілерге зақым келмеуінің ерекше маңызы бар: (1) есік (жапырылған), (2)
топсалар мен ысырмалар (сынған немесе осал), (3) есік тығыздағыштары мен тығыздағыш
беткі қабаттар.
•
Бұл шамадан тыс микротолқын қуатының əсеріне ұшырауға əкеліп соғуы мүмкін.
4
Тамақ пісіру уақытының дұрыс орнатылуын қамтамасыз етіңіз, тағамның шамалы мөлшері
үшін азырақ пісіру немесе қыздыру уақыты қажет болады.
•
Артық пісіру тағамның күйіп кетіп, соның нəтижесінде пештің бүлінуіне əкеліп соғуы мүмкін.
5
Сұйық тағамдарды, мысалы, көже, тұздық жəне сусындарды микротолқынды пеште
жылытқан кезде,
*
Тар мойынды тік қабырғалы ыдысты пайдаланбауға тырысыңыз.
*
Қатты қыздырып жібермеңіз.
*
Ы дысты пешке қоярдың алдында жəне қыздырудың орта тұсында сұйық тамақты
араластырыңыз.
*
Қ ыздырғаннан кейін оны тұмшапештің ішінде шамалы уақыт қалдыра тұрыңыз; күйіп қалуға
жол бермес үшін оны тағы да еппен сапырыңыз немесе шайқаңыз да, пайдаланар алдында
(əсіресе емізік шөлмектердің жəне балалар тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін)
температурасын тексеріңіз.
•
Ыдысты ұстаған кезде абай болыңыз. Сусындарды микротолқынды пеште қыздыру олардың біраз
уақыттан кейін көпірместен қайнап кетуіне əкелуі мүмкін. Бұл ыстық сұйық тағамның кенеттен
тасып төгілуіне əкелуі мүмкін.
6
•
Бұл пештің бұзылуына және тағамның нашар пісуіне әкелуі мүмкін.
7
•
Дұрыс пайдаланбау пештің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
8
•
Дұрыс пайдаланбау жарылысқа немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
•
Олар қызып кетіп, күюі мүмкін. Атап айтқанда металл заттар пештің ішінде ұшқындап, елеулі
зақым келтіруі мүмкін.
6
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР










