User manual
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар 5
Пайдаланар алдында
Пайдаланар алдында
1. Бұл бұйымды орнату үшін жинау жөніндегі маманды шақырыңыз.
2. Қуат алу сымының штепселі дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
3. Кондиционерді желіге өзге аспаптармен бірге қоспаңыз.
4. Ұзартқышты қолданбаңыз.
5. Кондиционерді қуат беру сымын қосып ажырату жолымен сөндіріп іске қоспаңыз.
6. Сымның/ штепсельдің зақымданғаны жағдайында оларды тек түпнұсқалы бөлшектермен
алмастырыңыз.
1.
Ұзақ уақыт аралығында тік ауа ағынында болу сіздің денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін.
Адамдар, жануарлар және өсімдіктер ұзақ уақыт аралығында тік ауа ағынында тұрмауы тиіс.
2. Егер кондиционер ас үй пешімен немесе өзге қыздыру аспаптарымен бірге қолданылатын
болса, оттегінің жетіспеушілігі болмауы үшін бөлмені жиі желдетіп тұру қажет.
3.
Кондиционерді басқа мақсаттарда (мысалы: дәл аспаптарды, тамақ өнімдерін, жануарларды,
өсімдіктерді және өнер заттарын сақтау үшін) қолдануға болмайды. Өзге мақсаттарда қол-
данғанда бұйымға зақым келуі мүмкін.
1. Фильтрді алған кезде, кондиционердің металл бөлшектеріне қол тигізбеңіз. Оның өткір
ұштары жаралауы мүмкін.
2. Кондиционердің ішкі бөлшектерін тазалаған кезде суды пайдаланбаңыз. Судың әсерінен
бұйымның оқшаулануы ашылып, ток соғуы мүмкін.
3. Бұйымды тазалаған кезде, аспаптың ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс
кезінде желдеткіштің жылдамдығы өте жоғары. Оның ішкі бөлшектерін тазалаған кезде ке-
неттен іске қосылуы жарақат әкеледі.
Жөндеу және қызмет көрсету қажет болған жағдайда фирмалық техникалық қызмет көрсету-
дің орталықтарына хабарласыңыз.
Бұйымды пайдалануға дайындау
ПАЙДАЛАНУ
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СИМВОЛДАР
Бұл символ электр тогының соғу мүмкіндігі туралы ескертеді.
Бұл символ кондиционерге зиян келтіруі мүмкін болатын
қауіп туралы ескертеді.
бұл нақты ескертулерді ұсынады.
ЕСКЕРТУ
ҚАЗАҚ ТІЛІ










