User manual
5
рнату
О
Электр желісіне жалғау
Кір жуғыш машинаны орнату мен іске пайдаланудан бұрын біздің
ұсыныстамалар мен «Орнату жөніндегі нұсқауларды» көңіл қойып оқып
шығыңыз. Тек дұрыс орнатылса ғана, құрылғының сенімді жұмыс істеуі жəне қауіпсіз
пайдаланылуы қамтамасыз етіледі.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
Осы кір жуғыш машина үшін бір фазалы 220–240 В, 50 Гц кернеу пайдаланылады.
Басқа электр аспаптарының жұмысын есепке алғанда, электр өткізгіш сымның ең үлкен жүктемеге (2,2 кВт) шыдай
алатынына көз жеткізіңіз.
Кір жуғыш машинаны тек жерге қосылған розеткаға ғана жалғаңыз.
Осы кір жуғыш машинаның желілік сымының жерге қосу өзегі мен жерге қосылған ашасы бар. Электр желісінде
жерге қосу сымы бар екеніне көз жеткізіңіз. Жерге қосу сымы болмаған жағдайда, жергілікті нормалар мен
талаптарға сəйкес қажетті жұмыстарды іске асыратын білікті маманды шақыру керек.
Кір жуғыш машинаны бөлек розеткаға жалғау керек, яғни бұл розетка электр тоғын тек бір аспапқа беруге жəне
оның қосымша шығыс ұяшықтары немесе одан тараған розеткалары болмауға тиіс. Үштармақты немесе ұзартқыш
сымды пайдалануға тыйым салынады.
Лайықты розетка болмаған жағдайда электрші маманды шақырыңыз.
Кірді жуып болғаннан кейін əрқашан машинаны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.
Машинаны қуат ашасына оңай қол жететін етіп орнатыңыз.
Егер құрылғы қыс кезінде, температура 0°С-тан төмен болғанда жеткізілсе, машинаны пайдаланардан бұрын
бөлме температурасында бірнеше сағат қоя тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ
ЭЛЕКТР СЫМЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ
Асқын жүктелген, ақаулы немесе бүлінген қабырға розеткалары, ұзыртқыш сымдар, үйкелген электр сымдары,
сымдардың бұзылған немесе жарылған оқшаулағыштары қауіпті болуы мүмкін. Аталған ақаулықтар электр тоғы
соғуына немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Құрылғының сымын мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз да, егер
бүлінгенін байқасаңыз, тоқтан ажыратыңыз. Электр сымын ауыстыру үшін LG уəкілеттті сервис орталығына
хабарласыңыз немесе білікті маманды шақырыңыз. Электр сымының бұратылып, шатасып, майысып қалуы, оның
есікке қысылып қалуы немесе шектен тыс тартылуы сияқты физикалық немесе механикалық зақымдарына жол
бермеңіз. Түйіспелерге, қабырғалық розеткаларға жəне сымның құрылғыға жалғанатын жеріне ерекше назар аударыңыз.
Жерге қосу сымының қате жалғануы электр тоғы соғуына əкелуі мүмкін.
Желілік сымдағы ашаны ауыстырмаңыз. Егер ол электр розеткасына дəл
келмесе, розетканы ауыстыру үшін білікті электршіні шақырыңыз.
Кір жуғыш машинаны жөндеуді білікті қызметкерлер жүзеге асыруға тиіс. Жөндеуді
арнайы оқымаған қызметкерлер іске асырса, бұл машинаның істен шығуына немесе
жұмысындағы елеулі ақауларға əкелуі мүмкін. Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жоғарыда көрсетілген сақтық шараларын орындамаған жағдайда адамдарға немесе мүлікке
келтірілген нұқсан үшін кез келген жауапкершіліктен өндіруші босатылады.
ЕСКЕРТУ
Бұл кір жуғыш машинасы, тоқ соғу қаупінен сақтайтын - І* қорғаныс деңгейлі қорғанысқа ие.
*І класының жабдығы - негізгі оқшаулау жəне ашық өткізгіш бөліктерді электрқондырғының
қорғаушы өткізгішіне қосатын элементі бар жабдық.










