User manual
ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ
Кірістірілген камераны
пайдалану
(Тек EC97**, EC98**)
Теледидардың кірістірілген камерасын
пайдаланып Skype бейне қоңырауын шалуға
немесе қимылды тану функциясын пайдалануға
болады. Бұл теледидар сыртқы камераны
пайдалануды қолдамайды.
ЕСКЕРТПЕ
Ішке орнатылған камераны пайдаланбас
бұрын, қылмыстық заңды қоса, тиісті
мемлекеттік заңдар бойынша камераны
пайдалануға немесе дұрыс пайдаланбауға
ресми түрде өзіңіз жауапты екеніңізді
білгеніңіз жөн.
Тиісті заңдарға жек ақпаратты өңдеу мен
тасымалдауды реттейтін Дербес деректер
туралы заңы және жұмыс орны мен басқа де
жерлерді камерамен бақылайтын заң кіреді.
Ішкі камераны қолданғанда, күмәнді,
заңсыз немесе бейәдеп жағдайларды
болдырмаңыз. Қоғамдық жерлерден
немесе оқиғалардан басқа жағдайларда
фотосуретке түсіру үшін келісім алу қажет
болуы мүмкін. Төмендегідей жағдайларды
болдырмауды ұсынамыз
(1) Қол жуатын жер, киім ілетін жер, киім
ауыстыратын жер және қауіпсіздік аймақтары
сияқты камераны пайдалану рұқсат
етілмеген жерде камераны пайдалану.
(2) Жеке өміріне қол сұғуға себеп болатын
жерде камераны пайдалану.
(3) Тиісті заңдарды бұзуға себеп болатын
жерде камераны пайдалану.
Кірістірілген камераны
дайындау
1 Теледидардың артқы жағындағы сырғытпаны
жоғары тартыңыз.
Сырғытпа
Бұрышты реттеу
тетігі
ЕСКЕРТПЕ
Кірістірілген камераны пайдаланбастан
бұрын қорғаныс таспасын алып тастаңыз.
2 Камераның бұрышын кірістірілген
камераның артқы жағындағы бұрышты
реттеу тетігімен реттей аласыз.
7
5
7
5
Тұтқа
Объектив
[Бүйірлік көрініс]
23
ҚҚҚАЗАҚША










