User manual
26
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ENG
ҚАЗАҚША
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Теледидарды тазалау
Өнім жақсы істеуі және оның жұмыс мерзімін арттыру үшін теледидарды жиі жаңартып және тазалап
тұрыңыз.
y
Алдымен, теледидарды өшіріп, қуат сымы мен басқа кабельдерді ажыратыңыз.
y
Теледидар ұзақ уақыт қараусыз қалса және пайдаланылмаса, найзағайдан және кернеудің өзгеруінен
пайда болатын зақымдардан сақтау үшін, қуат сымын розеткадан ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ
Экран, жақтау, корпус және тірек
y
Шаңды немесе кішкене кірді кетіру үшін, бетті құрғақ, таза және жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
y
Көп кірді кетіру үшін, бетті таза немесе жұмсақ жуғыш зат қосылған суға малынған жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз. Одан соң, дереу құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
y
Әрқашан экранға тиюді болдырмаңыз, өйткені бұл экранның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
y
Тырнақпен немесе үшкір затпен бетін итермеңіз, ысқыламаңыз немесе соқпаңыз. Экран бетінде
сызықтар пайда болып, бейне бұрмалануы мүмкін.
y
Химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Олар өнімді зақымдайды.
y
Экран бетіне сұйықтық шашпаңыз. Теледидарға су кірген жағдайда, өрт, электр соғуы орын алуы
немесе теледидар істемей қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Қуат сымы
Қуат сымында жиналған шаң мен кірді жиі сүртіп тұрыңыз.










