User manual

ЖИНАУ ЖƏНЕ ДАЙЫНДАУ 9
ҚАЗАҚША
Бөлшектер мен түймелер
(Тек 24MT40*, 22MT44*, 20/22/24/28MT45*)
Сурет
Динамиктер
Джойстик түймесі
(* Бұл түйме теледидар экранынан
төмен орналасқан.)
Қашықтан басқару құралы
Қуат көрсеткіші
Қызыл : Қуат өшірілгенде
Өшірулі : Қуат қосылғанда
Сары : Қуат қуатты үнемдеу режимінде болғанда
ЕСКЕРТПЕ
Қуат индикаторларын негізгі мəзірлерден ПАРАМЕТР тармағын таңдау арқылы қосуға немесе өшіруге
болады.
Джойстик түймесін қолдану
Джойстик түймесін басу немесе жоғары, төмен, солға немесе оңға жылжыту арқылы теледидар
функцияларын оңай басқаруға болады.
Негізгі функциялар
Қуатты қосу
Теледидар өшіп тұрғанда, бармағыңызды джойстик түймесіне қойып,
бір рет басып, жіберіңіз.
Қуатты өшіру
Теледидар қосылып тұрғанда, бармағыңызды джойстик түймесіне
қойып, бірнеше секундқа бір рет басып, жіберіңіз.
(Дегенмен, Menu (Мəзір) түймесі экранда болса, джойстик түймесін
басу жəне ұстап тұру мəзірінен шығуға мүмкіндік береді.)
Дыбыс деңгейін
басқару
Бармағыңызды джойстик түймесінің үстіне қойып, солға немесе оңға
итерсеңіз, дыбыс деңгейін керегінше реттеуіңізге болады.
Бағдарламаларды
басқару
Бармағыңызды джойстик түймесінің үстіне қойып, жоғары немесе
төмен итерсеңіз, сақталған бағдарламалар тізімінің бойымен
жылжуға болады.