User manual
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ4
ҚАЗАҚША
Электр энергиясымен байланысты сақтық шаралары
•
Өнімді күн сəулесі тікелей түспейтін жерге қойыңыз.
► Өнім зақымдалуы мүмкін.
•
Егер өнімді ұсынылған шарттарға сай келмейтін жерге орнатсаңыз, бұл өнімнің сурет
сапасына, қызмет мерзіміне жəне сыртқы көрінісіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Орнатар
алдында LG корпорациясынан немесе білікті орнатушыдан сұрып біліңіз. Бұл ескерту ұсақ
шаңы немесе май көп, химиялық заттар қолданылатын, температурасы өте жоғары немесе
төмен, ылғалдылығы өте жоғары немесе өнім ұзақ уақыт бойы қосылып тұруы ықтимал
(əуежай жəне теміржол возкалы) жерлерге де қатысты, осы жерлерде қолдану кепілдік күшін
жояды.
•
Өнімді дұрыс желдетілмейтін жерге (мысалы, кітап сөресіне, шкаф ішіне) немесе сыртқа
орнатпаңыз жəне жастықтың немесе кілемнің үстіне қоймаңыз.
•
Оған қоса, жарықтандыру құралы сияқты қыздырғыш заттар бар жерге орнатпаңыз.
•
Қуат сымын жерге қосылған ток көзіне жалғаңыз.
► Сізді ток соғуы немесе жарақаттануыңыз мүмкін.
•
Тек номиналды кернеуді пайдаланыңыз.
► Өнім зақымдалуы немесе сізді ток соғуы мүмкін.
•
Күн күркіреп, найзағай ойнағанда, қуат сымы мен сигнал кабеліне тимеңіз, себебі бұл қауіпті
болуы мүмкін.
► Бұл ток соғуына себеп болуы мүмкін.
•
Бір розеткаға бірнеше ұзартқыш сым, электр құрылғысын немесе электр жылытқыш
жалғамаңыз. Тек компьютермен пайдалануға арналған жерге қосу терминалы бар ұзартқыш
пайдаланыңыз.
► Шамадан тыс қызып кетуге байланысты өрт шығуы мүмкін.
•
Қуат штепселін сулы қолмен ұстамаңыз. Оған қоса, сымның істікшесі сулы болса немесе шаң
басып тұрса, қуат штепселін толық құрғатыңыз немесе шаңды сүртіп тастаңыз.
► Шамадан тыс ылғалдылыққа байланысты сізді ток соғуы мүмкін.
•
Егер өнімді ұз
ақ уақыт қолданбайтын болсаңыз, қуат кабелін өнімнен ажыратып тастаңыз.
► Шаңның жиналуы өрт шығуына немесе бұзылу токтың жылыстауына, электр тогының соғуына əкелуі
мүмкін.
•
Қуат сымын толық бекітіңіз.
► Егер қуат сымы толық бекітілмесе, өрт шығуы мүмкін.
•
Қуат кабелін ажыратарда штепсельден ұстаңыз. Қуат сымын қатты күш салып майыстырмаңыз
немесе қуат сымының үстіне ауыр заттар қоймаңыз.
► Қуат желісі зақымдалып, ток соғуына немесе өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
•
Қуат кабелінің бір ұшы қабырға розеткасына сұғылып тұрғанда, екінші ұшына өткізгіш (металл
таяқша сияқты) енгізбеңіз. Оған қоса, қуат кабелін қабырға розеткасына жалғай салысымен
ұстамаңыз.
► Сізді электр тогы соғуы мүмкін.
•
Ажыратқыш құрылғы ретінде құрал жалғастырғыш пайдаланылады.
•
Құрылғының қабырға розеткасына жақын орналасқанын жəне оңай жетіп тұрғанын тексеріңіз.
•
Бұл құрылғы қабырғадағы айнымалы ток розеткасына қосылып тұратындықтан, құрылғы
тіпті өшірілген жағдайда да айнымалы ток көзінен ажыратылмайды.
•
Өнімді пайдаланып жатқан кезде қуат сымын ажыратпаңыз.
► Электр тогының соғуы өнімге зақым келтіруі мүмкін.
•
Тек құрылғымен бірге берілген қуат сымын пайдаланыңыз. Егер басқа бір қуат сымын
пайдалансаңыз, жабдықтаушы бермеген жағдайда оның тиісті мемлекеттік стандарттарға
сəйкес сертификатталғанына көз жеткізіңіз. Егер қуат кабелінде қандай да бір ақау болса,
ауыстыру үшін өндірушіге немесе ең жақын орналасқан өкілетті қызмет көрсету орнына
хабарласыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ!










