User manual
32 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Теледидарды тазалау
Өнім жақсы істеуі жəне оның жұмыс мерзімін арттыру үшін теледидарды жиі жаңартып жəне тазалап тұрыңыз.
ЕСКЕРТУ
•
Алдымен, теледидарды өшіріп, қуат сымы мен басқа кабельдерді ажыратыңыз.
•
Теледидар ұзақ уақыт қараусыз қалса жəне пайдаланылмаса, найзағайдан жəне кернеудің өзгеруінен
пайда болатын зақымдардан сақтау үшін, қуат сымын розеткадан ажыратыңыз.
Экран, жақтау, Корпус жəне тірек
•
Шаңды немесе кішкене кірді кетіру үшін, бетті құрғақ, таза жəне жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
•
Көп кірді кетіру үшін, бетті таза немесе жұмсақ жуғыш зат қосылған суға малынған жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз. Одан соң, дереу құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
ЕСКЕРТУ
•
Əрқашан экранға тиюді болдырмаңыз, өйткені бұл экранның зақымдалуына əкелуі мүмкін.
•
Тырнақпен немесе үшкір затпен бетін итермеңіз, ысқыламаңыз немесе соқпаңыз. Экран бетінде
сызықтар пайда болып, бейне бұрмалануы мүмкін.
•
Химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Олар өнімді зақымдайды.
•
Экран бетіне сұйықтық шашпаңыз. Теледидарға су кірген жағдайда, өрт, электр соғуы орын алуы
немесе теледидар істемей қалуы мүмкін.
Қуат сымы
Қуат сымында жиналған шаң мен кірді жиі сүртіп тұрыңыз.
Теледидар экранында «Бейненің басылып қалуы» мен «Бейне
ізінің» пайда болуына жол бермеу
•
Егер ТД экранындағы бейне ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз тұрса, одан із қалып, экрандағы бейне
тұрақты түрде бұрмалануы мүмкін. Бұл «бейне ізі» деп аталады жəне кепілдікке кірмейді.
•
Егер теледидардағы бейне енінің биіктігіне ара қатысы ұзақ уақыт бойы 4:3 болса, экранның жоғарғы
жəне төменгі жағында бейне басылып қалуы мүмкін.
•
Бейненің басылып қалуына жол бермеу үшін, бейненің экранда ұзақ уақыт бойы (СК дисплейі үшін 2
немесе одан көп сағат) қозғалыссыз тұрмауын қадағалаңыз.
ҚАЗАҚША










