User manual
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ 3
ҚАЗАҚША
Өнімді қолданар алдында осы сақтық шараларын мұқият оқып шығыңыз.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Өнімді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
•
Электр жылытқыштар секілді ыстық көздерінен аулақ ұстаңыз.
► Электр тогы соғуы, өрт, ақаулық орын алуы немесе құрылғы зақымдалуы мүмкін.
•
Ылғалға қарсы материалдар бумасын немесе винил орауышты балалар қол жеткізе алмайтын
жерде ұстаңыз.
► Ылғалдыққа қарсы материалды жұту зиянды. Абайсызда жұтып қойған жағдайда, науқасты құстырып,
жақын ауруханаға апарыңыз. Оған қоса, винил орауыш тұншығуға себеп болуы мүмкін. Балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
•
Өнімнің үстіне ауыр заттар қоймаңыз немесе оның үстіне отырмаңыз.
► Егер өнім құласа немесе түсіп кетсе, жарақаттануыңыз мүмкін. Балалар ерекше назар
аударуы керек.
•
Қуат сымын немесе сигнал кабелін жолда қараусыз қалдырмаңыз.
► Жүргінші сүрініп, бұл өз кезегінде электр тогының соғуына, өрт туындауына, өнімнің бұзылуына немесе
жарақаттануға əкелуі мүмкін.
•
Өнімді таза жəне құрғақ жерге орнатыңыз.
► Шаң немесе ылғал электр тогының соғуына, өрт туындауына немесе өнімнің зақымдануына əкелуі мүмкін.
•
Түтіннің немесе басқа иістер немесе ерекше дыбыстар шықса, өнімнің қуат сымын ажыратып,
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
► Тиісті шаралар қолданбай өнімді қолдануды жалғастыра берсеңіз, электр тогының соғу немесе өрт шығу
қаупі пайда болады.
•
Өнімді құлатып алған немесе ол бұзылып қалған болса, оны өшіріп, қу
ат сымын ажыратыңыз.
► Тиісті шаралар қолданбай өнімді қолдануды жалғастыра берсеңіз, электр тогының соғу немесе өрт шығу
қаупі пайда болады. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Өнімнің үстіне бір зат немесе соққы түсірмеңіз. Өнімнің экранына ойыншықтар немесе заттар лақтырмаңыз.
► Бұл адамды жарақаттауы, өнімді бұзуы жəне дисплейді зақымдауы мүмкін.
•
Сыртқы құрылғыға жалғаған кезде, өнімды құлатып немесе түсіріп алмаңыз.
► Бұл жарақат алуға жəне/немесе өнімнің зақымдануына себеп болуы мүмкін.
•
Ойын құрылғысына жалғаған кезде, құрылғыдан экранның диагональ өлшемінің төрт есесіне тең
қашықтық сақтаңыз.
► Егер өнім кабельдің қысқалығына байланысты құлап қалса, бұл жарақат алуға жəне/немесе өнімнің
зақымдануына себеп
болуы мүмкін.
•
Экранда қозғалыссыз сурет ұзақ уақыт тұрып қалса, экран зақымдалып, сурет экранға басылып
қалуы мүмкін. Бұйымды ұзақ уақыт пайдалансаңыз, компьютердегі экран сақтағышты немесе
бұйымдағы сурет қалдығынан қорғау функциясын пайдаланыңыз жəне, бұйым пайдаланылмаған
кезде, қуатты ажыратыңыз. Суреттің басылып қалуы жəне онымен байланысты ақаулықтар бұл
бұйымның кепілдігінде қамтылмаған.
•
Май немесе майлы ауа əсер етуі мүмкін болса, бұл өнімді қабырғаға орнатпаңыз.
► Бұл өнімді зақымдауы жəне ол құлап түсуі мүмкін.
•
Өнімнің желдету тесігі бітеліп қалмауын қадағалаңыз. Өнімді лайықты кең жерге (қабырғадан
кемінде 10 см) орнатыңыз
► Егер өнімді қабырғаға тым жақын орнатсаңыз, ақаулық пайда болуы немесе ішкі қызудан өрт шығуы мүмкін.
•
Өнімнің желдету тесігін дастарханмен немесе пердемен көлегейлемеңіз.
► Өнім ішінен шамадан тыс қызып кетсе, ақаулық немесе өрт шығуы мүмкін.
•
Өнімді құлап кету қаупі жоқ, тегіс жəне берік жерге орнатыңыз.
► Егер өнім құлап қалса, сіз жарақа
т алуыңыз немесе өнім сынып қалуы мүмкін.
•
Өнімді электромагниттік кедергілер пайда болмайтын жерге орнатыңыз.
•
Ескерту хабарын елемеген жағдайда, жеңіл
жарақат алуыңыз немесе өнім зақымдалуы
мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ!
•
«Абайлаңыз» деп белгіленген хабарды
елемеген жағдайда, қатты жарақат алуыңыз
мүмкін немесе қайғылы оқиғаға ұшырау
немесе өлім қаупі бар.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ!










