User guide
143
KK
Дыбысты сымды қосылым бойынша шығару
Егер дыбыс көзінде Bluetooth болмаса немесе ешқандай
Bluetooth қосылымы болмаса да, үндеткішті пайдалануға
болады. Осы мақсатта берілген кабельді қолданыңыз.
1. 3.5-мм шағын ұяшығы бар кабельді құлаққапқа немесе
дыбыс көзінің желілік шығысына жалғаңыз.
2. Кабельдің шағын USB ашасын үндеткіштегі шағын USB
қосқышына қосыңыз.
3. Негізгі ажыратқышты MP3 күйіне сырғытыңыз.
4. Ойнатуды басқару үшін дыбыс көзін әдеттегідей
пайдаланыңыз. Дыбыс деңгейін реттеу үшін, көрсеткі
түймешіктерін төменде сипатталғандай пайдаланыңыз.
Ескерім: Үндеткіш дыбыс көзін кабель қосылымы арқылы
басқара алмайды. Ол тек кабель арқылы алынған дыбыс
сигналын шығарады.
Ұялы телефон қоңырауларын басқару
Жұптастырылған ұялы телефонға кіріс қоңырауы келген
кезде, үндеткіштен кіріс қоңырауының үні шығады. Ұялы
телефоныңыздан кіріс қоңырауының параметрлеріне
байланысты дыбыс шығуы мүмкін. Төмендегі кестеде
үндеткішпен осы жағдайда не істеуге болатыны көрсетілген.
Тапсырма Әрекет
Кіріс қоңырауына
жауап беру
“Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін
басыңыз.
Кіріс қоңырауына
қабылдамау
“Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін басып,
екі секунд шамасында ұстап тұрыңыз.
Қоңырауды аяқтау
“Ойнату/Аялдату/Телефон” түймешігін
басыңыз.
Қайта теру
Жылдам тізбектегі “Ойнату/Аялдату/Телефон”
түймешігін басыңыз.
Динамикте дыбыс ойнатылу барысында қоңырау келсе, ойнату
дыбысы басылады. Дыбыс ойнату тоқтайды, тек қоңырау
дыбысы шығады. Қоңырауды аяқтаған соң, ойнату жалғасады
және ойнату дыбысы қайтадан шығады.










