User Manual

Қазақ
21
Бүйір көрінісі
:
b.
d.
c.
e.
f.
h.
i.
g.
j.
a.
Алдыңғы көрінісі
:
Техникалық жабдықты қарап шығу
Əр функциялық батырманың MetalStrike құралдарында не істейтінін көру үшін төмендегі суретті қараңыз.
Функция тізімі: Ескерім:
a Лайықтау бұрамалары Тек MetalStrike FF, Pro жəне сымсыз MetalStrike үшін
b От шығару тетігі
c Желдеткіш қосқышы Тек MetalStrike FF жəне MetalStrike Pro үшін
d Табанында 8 қосымша функциялық батырма бар
e. Бейімдеуіш түйіс Тек MetalStrike FF жəне сымсыз MetalStrike үшін
f 8 жолды қалпақша қосқышы Көрініс тапқыш
ретінде
g Басты функциялық батырмалар
h 3 өлшемді рульдік функциясы бар бұру тұтқасы
i Тежегіш (Ортада)
j Турбо батырмасы жəне жарық диодты
айғақтауыш
Орнату:
Ескерім: Əрқашан да əуелі MetalStrike драйверлерін (MetalStrike 3D үшін драйвер керек емес), содан соң
тəртені орнатыңыз.
Бағдарламалық жасақтаманы орнату
1. Ықшам дискіні CD-ROM дискі ұясына салыңыз; компьютер дискіні оқығанша бірнеше секунд күтіңіз.
2. Егер компьютердегі жүйе ықшам дискіні өздігінен оқитын етіп орнатылған болса, өздігінен жегу
бағдарламасы іске асырылады да, орнатуға арналған бейнебет пайда болады. MetalStrike драйверлерін
қадам-қадаммен орнату үшін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
Егер сіздің компьютерлік жүйеңіз драйвер орнатуды өздігінен іске қоспайтын болса, ықшам дискідегі
Install.batфайл атауын теріңіз, содан соң драйверді орнату үшін бейнебеттегі нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық жабдықты орнату
1. MetalStrike құралдарының USB ағытпасын компьютердегі USB портына немесе USB хабына кірістіріңіз
де, оның мықтап жалғанғанын тексеріңіз. Егер MetalStrike құралдарының тəртесі сымсыз болса,
қорғаныс кілтін жалғаңыз.
2. MetalStrike құралдары жалғанғаннан кейін мониторда Жаңа жабдық табылдыхабары көрінеді де,
MetalStrike құралдарының драйвері орналасып, сіз енді ойын ойнай алатын боласыз.
3. Діріл əрекетін қолдайтын көптеген ойындарда оны баптайтын бөлімдер болады да, DirectX қолдауын
талап етеді. Толығырақ ақпарат алу үшін ойын нұсқаулығын қараңыз.
Енді жетені дəлдеуге немесе ойынды бірден ойнай беруге болады.
Қосымша функция:
Турбо/Өздігінен параметрі
1. Tурбо режимі: Tурбо батырмасын басып ұстап тұрыңыз, содан соң кез келген басқа батырманы
басыңыз да, турбо батырмасын босатыңыз.
2. Турбоны режимін болдырмау: Турбо жетесіне орнатқан батырманы басыңыз да, ұстап тұрыңыз, содан
соң Турбо батырмасында осы жетені болдырмау үшін Турбо батырмасын қайта басыңыз.
3. Авто режимі: Турбо батырмасын екң секунд ұстап тұрыңыз, сонда жарық диодты айғақтауыш оның
авто режимінде екенін көрсетіп жыпылықтайды. Авто режиміне орнатқыңыз келетін кез келген
батырманы бір-бірлеп басыңыз. Авто режимін орнатуды аяқтау үшін Турбо батырмасын қайтадан
басыңыз.
4. Авто режимін болдырмау: Авто режимінде орнатылған барлық батырмаларды болдырмау үшін үшінші
қадамды орындаңыз.
Тежегіш тұтқа
Ортада орналасқан тежегіштің стандартты тежеу функциясы бар, ол ұшуға еліктеу ойындарында керек.
Ұшу қимылдарын тиімді басқару үшін осы қосқышты бұру арқылы ұшақтың жылдамдығын үдетуге
немесе бəсеңдетуге болады.
Желдеткіш сап
Тəрте сабында желдеткіш бар, екі жылдамдығы (Ажыратулы/Төмен/Жеңіл) бар желдеткішті басқару
үшін қосқышты пайдаланыңыз. Бұл тəртені көп қозғалтатын ойындарды ойнаған кезде қолыңызды
салқын əрі құрғақ күйде қалдырады.