Use and care guide
8
KitchenAid вакуумды қапшықтарын
пайдалану
1. Суырманы толық ашыңыз (сырт еткенше).
2. Оң жақтағы алдыңғы қосқыштың
көмегімен аспапты тоққа қосыңыз.
3. KitchenAid қапшығының тағамның
көлеміне дәл келетін өлшемін таңдаңыз
(15x25 немесе 20x20).
4. Қақпағын ашып, вакуумды камераның
құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. Қапшыққа
тағамды салған кезде, қапшықтың
аузына жақын ластамауға немесе
суламауға тырысыңыз, өйткені бұл тығыз
жабылмауына әкелуі мүмкін.
5. Тірек торын машина бөлігіне
көрсетілгендей, қапшықты тордың
ортасына суретте бейнеленгендей
орнатып қойыңыз; қажет болса, торды
сәл еңкейтіп қойыңыз, бұл тағамның
вакуумдық өңделуі барысында төгілмеуін
болдырмайды. Тағамның мөлшері үлкен
болғанда, вакуумды камераның ішінде
көбірек орын болуы үшін торды алып қою
керек болуы мүмкін.
6. Қапшықтағы үзік сызықты бітеуіш
жолаққа дәлдеп келтіріңіз. Жиектерінің
жолақта қыртыссыз немесе қатпарсыз
орналасқанына көз жеткізіңіз.
7. Қақпағын жабыңыз да, сонымен бір
мезгілде қалаған қапшық циклын таңдай
отырып, оны төмен басып тұрыңыз.
Қақпақты бірнеше секунд басып ұстап
тұрыңыз. Осылай еткенде қақпақ цикл
барысында жабулы және тығыздауышқа
қатты басулы күйде қалады.
Вакуум қапшықтарын және сауыттарын дайындау