Use and care guide
10
Іске қосу (суырманы жұмыс қалпына тартып шығару)
Шыны қақпақ толық ашылатындай етіп,
суырманы толық ұзындығына тартыңыз.
Оң жақтағы алдыңғы ҚОСУ қосқыштың көмегімен
аспапты тоққа қосыңыз.
Басқару панелінің жарық диодты шамдарының
жануы мен қысқа дыбыстық белгісі аспаптың тоққа
қосылғанын білдіреді. Бұл мезетте аспап 2 секунд
бойы созылатын реттеу циклін іске қосады; реттеу
аяқталмағанша, ешбір түймешіктерді баспаңыз.
KitchenAid қапшықтарға арналған вакуумдау циклы
Әр цикл басталған кезде қысқа дыбыстық белгі
беріледі.
Цикл төмендегідей автоматты түрде басталады:
• Ауаны сору фазаның функциясы түймесінің
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі. Бұл фаза
шамамен 2 минут пен 30 секундқа созылады.
• Ыстықпен бітеу фазасы функция түймесінің жарық
диодты шамының жанып тұруы арқылы көрсетіледі.
Бұл кезең 9 секундқа созылады. Бұдан кейін
шамамен 5 секундқа созылатын салқындату фазасы
келеді.
• Содан кейінгі ауа шығару фазасы кезінде барлық жарық диодты индикаторлар бастапқы
қалпына оралады. Ауа шығару клапаны 20 секунд ашық күйінде қалады. Осы уақыт ішінде
ешқандай функцияны таңдау мүмкін емес.
• Вакуумды камера босағаннан кейін қақпақты ашып, тұмшаланған қапшықты алып шығуға
болады.
• Циклдың соңында қысқа дыбыстық белгі беріліп, аспаптың екінші циклды орындауға
дайын екенін білдіреді.
• Циклдың барлық ұзақтығы – 3 минут (шыны қақпақты қайта ашу үшін)
Циклды түймесін басу арқылы алдын ала тоқтатуға болады.
Мұндай жағдайда, аспап
тұмшалауды жалғастырмайды да, камера босайды. Келесі циклды бастап бұрын шамамен
20 секунд, дыбыстық белгі естілгенше күтіңіз.
KitchenAid сауыттарына арналған вакуумдау циклы
Әр цикл басталған кезде қысқа дыбыстық белгі беріледі.
Цикл төмендегідей автоматты түрде басталады:
• Вакуумдау фазасы функция түймесінің жарық диодты шамының жыпылықтауы арқылы
көрсетіледі. Бұл фаза шамамен 45 секундқа созылады.
• Содан кейінгі ауа шығару фазасы кезінде барлық жарық диодты индикаторлар бастапқы
қалпына оралады. Ауа шығару клапаны 20 секунд ашық күйінде қалады. Осы уақыт ішінде
ешқандай функцияны таңдау мүмкін емес.
• Вакуумды камера босағаннан кейін қақпақты ашып, вакуумдау сауытын алып шығуға
болады.
• Циклдың соңында қысқа дыбыстық белгі беріліп, аспаптың екінші циклды орындауға
дайын екенін білдіреді. Камера босап, сауытты алып шығуға мүмкіндік береді.
• Циклдың барлық ұзақтығы – 1 минут (шыны қақпақты қайта ашу үшін)
түймесін басу арқылы циклды алдын ала тоқтатуға болады. Камера босайды да, шыны
қақпақ көтеріледі. Келесі циклды бастаудан бұрын шамамен 20 секунд, дыбыстық белгі
естілгенше күтіңіз.
Аспаптың жұмыс индикаторлары