Қолдану нұсқаулықтары
Құрылғыны қолданар алдында Қоршаған ортаны сақтау Мұз және/немесе су диспенсерін тазалау, залалсыздандыру және күтіп ұстау (егер бар болса) Сақтық шаралары және жалпы кеңестер Су жүйесін жалғау Негізгі сипаттамалары Негізгі құрамдас бөлшектері Электрондық басқару Басты басқару панелі Динамикалық 0° басқару панелі Қосу және өшіру Температураны түрлі талаптарға сай реттеу Мұз жасағышты іске қосу Дисплейдегі ақпарат және ақаулық хабарламалары Баптау және тіл реттеулері Мәзір арқылы іске қосылатын ерекше қызмет
Құрылғыны қолданар алдында • Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға жəне төмендегі орталарда қолдануға арналған: - дүкендерде, кеңселерде жəне басқа жұмыс орындарындағы жұмысшыларға арналған ас үйлер аймағында; - фермаларда жəне конақ үй, мейманхана жəне басқа да тұрғын үй тектес мекемелердің клиенттеріне; - жатақ жəне таңғы ас тектес орындарда; Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен пайдалы кеңестері жазылған жұмыс істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз.
Қоршаған ортаны сақтау Сәйкестік сертификаты • Бұл құрылғы тағам сақтау үшін құрастырылған жəне № 1935/2004 Ережесіне (CE) сəйкес өндірілген. • Бұл құрылғы төмендегі нұсқауларға сəйкес жасақталған, жасап шығарылған жəне нарыққа ұсынылған: - “Төмен кернеу” туралы 2006/95/CE нұсқауларының (73/23/CEE жəне оның кейінгі өзгертулерінің орнына жүреді) қауіпсіздік нысаналары; - “EMC” 2004/108/EC Нұсқауының қауіпсіздік талаптары.
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер ОРНАТУ • Құрылғыны екі немесе бірнеше адам қозғауы жəне орнатуы тиіс. • Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу үшін құрылғыны жылжытқан кезде сақ болыңыз. • Орнату барысында құрылғының тоқ сымына зақым келтірмеуін қадағалаңыз. • Құрылғының жылу көзінің жанында орналаспағанына көз жеткізіңіз. • Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін құрылғының екі жағында жəне төбесінде бос кеңістік қалдырыңыз жəне орнату нұсқаулықтарын орындаңыз.
Су жүйесін жалғау Мұз жасағышпен жабдықталған үлгілер ішкі су құбыры жүйесіне жалғануды талап етеді. Оны 3/4” бұрандасымен жабдықталған су құбыршегін қолданып жасауға болады. Жүйе қысымы 0,05 МПа жəне 0,5 МПа (0,5 Бар жəне 5 Бар аралығында) аралығында болуы тиіс. Əр түрлі қысымдар ақаулықтардың немесе су жүйесінде су ағып кететін орындардың пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Құрылғыны тек қана ауыз суымен қамтамасыз ету қажет. Құрылғыны тек қана ауыз суымен қамтамасыз ету қажет.
Динамикалық 0° Тоңазытқыш Негізгі құрамдас бөлшектері 1 Мəзірі бар басқару панелі 2 Су сүзгісі (*) 3 Реттемелі сөрелер 4 Динамикалық 0° басқару панелі 5 Ылғалдылықты басқару (*) қызметі бар Динамикалық 0° бөлімшесі 6 Температура бақылауы (*) бар Төмен Температуралы тартпалар 7 Автоматты мұз жасағыш(*) 8 Температура дисплейі 9 Акустикалық дабылдар Көп температуралы бөлімше 10 Кең есік науалары 11 Инновациялық жарықтандыру 12 Өздігінен жабылатын есіктер мен тартпалар 13 Тоңазытқыш бөлімше
Электрондық басқару Инновациялық электрондық басқару жүйесі үш бөлімшеде де тұрақты температураны ұстап тұрады жəне оны басқару панелінде көрсетеді; оған қоса, ол пайдаланушының басқару жүйесімен əртүрлі қызметтерді қалауынша реттеуі арқылы əрекеттесуіне мүмкіндік береді, жəне де, құрылғының зақымдануы кезінде аудио/визиялық дабылдарды шығара алады. Негізгі компоненттер 1 Құрылғы түймесі Құрылғыны толықтай өшіруге жəне қосуға мүмкіндік береді (үш секунд бойы басыңыз).
Динамикалық 0° басқару панелі 10 Дисплей Динамикалық 0° бөлімшесінің температурасын көрсетеді. 11 Жоғары/Төмен Жоғары жəне Төмен түймелерін қолданып, Динамикалық 0°бөлімшесінде орнатылған температураны өзгертуге болады. 12 Динамикалық 0° Тек қана Динамикалық 0°бөлімшесін жеке түрде қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді (үш секунд бойы басыңыз).
Қосу және өшіру Алғашқы іске қосу Құрылғы электр тоқ көзіне жалғанып, бірақ іске қосылмай тұрған кезде, дисплей келесі хабарламаны көрсетеді Егер алғашқы қосу кезінде, Күту режимінің хабарламасы пайда болмаса, бірақ басқа хабарлама пайда болса, ол құрылғының салқындату жұмысын бастап кеткенін білдіреді. Осы жағдай орын алса, Дабыл түймесін , басып, кез-келген дыбыс белгілерін өшіріңіз, есікті жабыңыз да орнатылаған температураға жеткенше күтіңіз.
Температураны түрлі талаптарға сай реттеу Əр үлгі өндіріс орнынан шығарарда мұқият тексеріледі жəне өнімді түрде жұмыс істеуі мен қуат тұтынуы төмен болу үшін, алдын-ала реттеледі. Əдетте, реттеулерді өзгертудің қажеті жоқ. болады. Бұл температураны өзгерту үшін, қажетті температураға жеткенше түймелерді қолданыңыз. Мұздатқыш Бөлімше (Көп температуралы) -15°C-ден -22°C-дейін (5°F - 7,6°F), алдын-ала ұсынылып орнатылған температура -18°C (0°F). Температураны реттеу үшін Жоғары/Төмен түймелерін қолданыңыз.
Баптау және тіл реттеулері Негізгі реттеулерді баптау немесе ерекше қызметтерді қосу арқылы құрылғы жұмысын жеке талаптарға сай етіп өзгертуге болады. Қызметтер негізгі дисплейде Мəзір түймесін басу арқылы көрінеді. Жоғары/Төмен түймелерін қолданып, берілген қызметтерді шарлауға болады; оларды Енгізу түймесін басу арқылы таңдауға болады. Дисплей сол мезеттегі қызметтердің жағдайын көрсетеді.
Мәзір арқылы іске қосылатын ерекше қызметтер Арнайы қызметтерді қолдану үшін Мəзір түймесін таңдаңыз Жоғары/Төмен түймесін қолданыңыз, солай жəне мəзірге кіру үшін таңдауын растаңыз. Қыдыру тоңазытқышы Бұл қызмет тоңазытқыш температурасын +2°C (35,6°F) дейін 12 сағатқа төмендетеді, осылайша жаңа ғана салынған тағамның тез салқындауын қамтамасыз етеді. 12 сағат өткеннен соң, бұл қызмет автоматты түрде өшіріліп əуелде орнатылған температураға оралады.
Қыдыру үш режимі Бұл қызметті, мұздатқышқа бөлме температурасындағы тағамды салар алдында кем дегенде 24 сағат бұрын іске қосу керек, немесе мұздатылған тағамның температурасы сəл көтерілген кезде оны сақтау алдында бірнеше сағат бұрын іске қосу керек. Бағдарламаланған уақыт мерзімі өткенде, бұл қызмет автоматты түрде өшеді. Осы қызметтің іске қосылу уақытын бағдарламалауға болады. Электр тоғы ұзақ уақыт бойы жоқ болғаннан кейін, осы қызметті қайта қосу керек.
Құмыра салқындатқышы Бұл қызметті сусындарды жылдам сақындату қажет болған жағдайда, оларды мұздатқыш бөлімшесіне салу арқылы іске қосуға болады. Ұзақтықты 1 минуттан 45 минуткқа дейін таңдауға болады. Қолайлы температураға жеткен кезде, оны дыбыс сигналы білдіреді. Сусындарды алып шыққаннан соң, дыбыс сигналын Дабыл түймесін басу арқылы өшіріңіз.
Мейрам Режим (Қосымша) Бұл қызмет діни рəсімдерді құрылғыға көңіл аудармай орындауға мүмкіндік береді. Құрылғының жұмысы есікті ашу немесе жабуға тəуелді болмайды (термостатикалық бақылау, ішкі жарықтандыру жəне мұз жасағыш өшіріледі). Іске қосу Өшіру Су сүзгісі Күйді бақылау қызметі сүзілген судың нақты көлемін литрмен көрсетеді жəне сүзгіні қанша уақыттан кейін ауыстыру керектігін көрсетеді.
Қолмен тазалау, су сүзгісі Егер мұз өндірісі ұзақ уақытқа өшірілсе, су айналымы автоматты түрде тазаланады. Соған қарамастан, кейбір жағдайларда жасанды түрде қосымша тазалау жасауға болады. Əрекетті су тазарғанша қайталаңыз. Сүзгіні жасанды түрде тазалау Суды жинап алу үшін Мұз жасағыштың астына мұз науасын немесе басқа қолайлы ыдысты дұрыстап қойыңыз, содан кейін тартпаны жабыңыз. Жұмыс аяғында науаны жуыңыз.
Мерзімді орнату Дисплей мезгілді күн:ай:жыл форматында көрсетеді (күн:ай:жыл), күн жыпықтай бастайды. Реттеуді өзгерту үшін Жоғары/Төмен түймелерін қолданыңыз, келесі реттеуге көшу үшін Енгізу түймесін басып растаңыз; жыл расталғаннан кейін күн орнатылады. Мезгілді реттеу Мезгілді көрсету Осы қызметті қолданып, мезгілдің дисплейде көрсетілуін қосуға/өшіруге болады. Мезгілді қосу Мезгілді өшіру Уақытты орнату Дисплей сағатты жəне минуттарды сағ:мин форматында жəне сағ: жыпықтатып көрсетеді.
Уақытты көрсету Осы қызмет арқылы уақыттың дисплейде тұрақты көрсетілуін қосуға/өшіруге болады. Уақыттың үздіксіз көрсетілуін қосу Өшіру Тіл Бұл қызмет дисплей хабарламалары көрсететін тілді таңдауға мүмкіндік береді. Италия Ағылшын Француз Неміс Испан °C/°F орнату Бұл қызмет температураны Цельсия немесе Фаренгейт дəрежесінде көрсетуге мүмкіндік береді. Əдетте, құрылғы цельсия дəрежесінде көрсетуге реттелген болады.
Ішкі құрылымы (орналастыру, реттеу, алып шығ) Динамикалық 0° тартпасы Екі құлыптау сомыны бар сырғымалы жолдарға бекітілген. • тартпаны алып шығу үшін, құлыптау сомындарын бұрап алыңыз да, тартпаны суырып алыңыз. Көп температуралы тартпа Жоғарғы Көп температуралы тартпаны Динамикалық 0° тартпасына қолданылатын əдіспен алып шығуға болады. • ішкі көп температуралы тартпаны алып шығу үшін, құлыптау сомындарын бұрап алыңыз. Мұз Науасы Мұздатқыш бөлімшесінің жоғарғы тартпасының ішінде орналасқан.
Мұз жасағышты іске қосу және қолдану Құрылғы орнатылған соң, Мұз Жасағышты іске қосу үшін, Мұз Жасағыш түймесін басыңыз. Мұз текшелерінде оғаш иіс бар ма? Мұз борпылдақ зат болғандықтан, ол қоршаған ортадан кез-келген иісті сіңіріп алуы мүмкін. Мұз текшелері ыдысында ұзақ жатқан мұз текшелері сондай иістерді сіңіріп алып, бірбіріне жабысып, көлемі кішірейіп қалуы мүмкін. Мұзды жинап аларда 12 - 24 сағат керек болатынын есте ұстаңыз.
Су сүзгісі Су Сүзгісі мұз текшелерін өндіріп шығару үшін жоғары сапалы сумен қамтамасыз етеді. Ең ұзағы 6 ай мерзімге ол 3000 литр сумен қамтамасыз етеді. Жоғарғы шыны панелді ашыңыз жəне сүзгі картриджін сағат тіліне қарсы тұғырынан алынғанша ширек айналымға бұраңыз. Аз мөлшерде судың ағып шығуы қалыпты жағдай. Жаңа картридждің қақпағын алып тастап, сағат тілінің бағыты бойынша ширек айналымға жайлап бұрау арқылы оны өз тұғырына отырғызып бекітіңіз.
Жалпы кеңестер Құрылғы əр бөлімшеде тұрақты температура мен қажетті ылғалдылық деңгейін ұстап тұратындай етіп жасалған. Оның үстіне, қос тоңазыту жүйесі мұздалған тағамдар мен мұздың балғын тағамдардың иісін сіңіріп алмауын жəне тоңазытқыштағы ылғалдың мұздамауын жəне қыраудың пайда болмауын қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, барлық тағамдарды дұрыс сақтау үшін, тек қана мінсіз тоңазытқыш емес; сондай-ақ, тағамды қауіпсіз түрде сақтау үшін, сізге жалпы денсаулық жəне тазалық ережелерін білу керек.
Тағамның сапасын жақсы күйде сақтау Тағамды әзірлеген кезде • Тағаммен жанасқан барлық заттарды жуыңыз. • Тағамды ұстамас бұрын жəне ұстағаннан кейін қолдарыңызды мұқият жуыңыз. • Етпен, балықпен жəне құс етімен жанасқан ыдыстарды, ас үй жабдықтарын жəне құралдарын залалсыздандырыңыз. • Ас үй жабдықтарын жууға қолданылатын сорғышты апта сайын залалсыздандырыңыз. • Қолыңызда қандай да бір зақым болса, пластикалық қолғаптарды қолданыңыз.
• • • • Бұндай судың төменгі жаққа жиналуы мүлдем қалыпты жағдай, жəне де ол қалыпты жұмыс жағдайында жойылып отыруы тиіс. Дегенмен, өте сирек жағдайларда, конденсацияның шамадан тыс мөлшері жиналып қалғанда, төменгі тартпаны суырып алып, жиналған судың артық мөлшерін сүртіп алыңыз. айналасындағы ауа айналымы жақсы екендігіне көз жеткізіңіз. Қалдықтардың ыдысын күнмен белгілеңіз жəне көрсетілген уақыт аралығында қолданыңыз. Қалдықтарды ұсынар алдында, толықтай жабыңыз жəне жылытыңыз.
Мұздатылған тағамдарды сақтау кеңестері Мұздатылған тағамдар Мұздатқышқа қойғанда тағамдарды полиэтилен пакетіне салыңыз. Ол пакеттерді ауа мен ылғалдылық кірмейтіндей етіп саңлаусыз түрде жабу керек. Жібіген етті қайта мұздатпаңыз. Балмұздақ Балмұздақтың тығыздығы оның құрамындағы қаймақтың мөлшеріне байланысты болады. Жалпы, жоғары сапалы балмұздақтің құрамында көп мөлшерде қаймақ болады, сол себепті, оның тығыздығын сақтау үшін мұздатқышта өте төмен температура қажет болады.
Тағамды сақтау уақытына қатысты кеңестер Мұздатылған тағамдар Сақтау аймағы Уақыт Сиыр еті, бұзау еті, қой еті жəне ешкі еті Мұздатқыш бөлімшесі (ет кесектері) 6-12 ай Сиыр еті, бұзау еті, қой еті жəне ешкі еті Мұздатқыш бөлімшесі (Сүйегі бар ет) 4-6 ай Тартылған сиыр еті Мұздатқыш бөлімшесі 1-2 ай Шошқа еті Мұздатқыш бөлімшесі (Сүйексіз) 4-6 ай Шошқа еті Мұздатқыш бөлімшесі (Сүйекпен) 2-3 ай Тартылған шошқа еті Мұздатқыш бөлімшесі 1-2 ай Ет қалдықтары Мұздатқыш бөлімшесі 2-3 ай Тұта
Желдету торын, сүзгіні және конденсаторды тазалау Алдыңғы желдеткіш торының артында (құрылғының астында) сорғыш сүзгі бар; ол желдету жүйесін шаңнан қорғайды. Оны тазалау үшін, максималды сору режиміндегі шаңсорғыштың жұмсақ қылшық қосалқысымен тордың қабырғаларының бойымен жүргізіп отырасыз. Егер шаң қалың болса, ауа желдеткішін алып тастап, сүзгіні тəптіштеп тазалап алуға болады. Бұндай жағдайда, қырлы конденсатордың жағдайын тексеріп, қажет болса, оны да тазалаңыз.
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы Құрылғыда ақау барын байқасаңыз, қызмет көрсету орнына хабарласпас бұрын, осы нұсқаманы қолданыңыз: бұл нұсқама ақаулықты өз бетіңізбен жоюға көмектеседі немесе жылдам əрі нəтижелі жөндей алатын қызмет көрсету орынының технигіне сілтейтін маңызды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ақаулық хабарламасы Ақаулық əдетте дисплейде көрсетіледі. Пайдаланушы өз бетімен шеше алмайтын ақаулықтар əдетте ақаулық коды ретінде көрсетіледі.
Мұз Жасағыш мұзды жеткілікті өндірмей тұр Орта есеппен, Мұз Жасағыш шамамен екі жарым сағатта 10 текше мұз жасап шығарады. Мұз текшелері топтала береді Егер мұз жиі қолданылмаса, мұз топтамаларының қалыптасып қалуы мүмкін. Мұз топтамаларын алып тастап, қайтадан Мұз Жасағыштың мұз науаларын толтыруын қамтамасыз ету керек. Мұздың оғаш дəмі мен түсі бар Мұз Жасағыш алғаш рет іске қосылғанда, бірінші рет мұз текшелерімен толған науаны мұздан тазартып алған дұрыс.
Кепілді қызмет көрсету Ас үй Кепілді қызмет көрсету орнына хабарласар алдында: 1. Ақауды өз бетіңізбен Ақаулықтарды Жою нұсқамасының көмегімен шеше алатыныңды тексеріңіз. 2. Ақаудың жөнделгеніне көз жеткізу үшін құрылғыны өшіріп, қайта қосып көріңіз. Егер мəселе шешілмесе, оны қайта өшіріп, шараны бір сағаттан кейін қайталаңыз. 3. Егер ақаулық осы əрекеттерден соң жойылмаса, Кепілді Қызмет Көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Мәзір картасы - Қызметтер Қыдыру Тоңазытқышы Режимі өшірулі Қыдыру ҚОСУ/ӨШІРУ Қыдыру Тоңазытқышы Қыдыру Тоңазытқышы қосылған Қыдыру уақыты Орнатылған сағаттар: 1 Демалыс Тоңазытқышы режимі өшірулі Демалыс ҚОСУ/ӨШІРУ Демалыс Тоңазытқышы Демалыс Тоңазытқышы қосулы Демалыс уақыты Орнатылған сағаттар: 1 Қыдыру үш режимі өшірулі Қыдыру ҚОСУ/ӨШІРУ Қыдыру үш режимі Қыдыру үш режимі қосулы Қыдыру уақыты Орнатылған сағаттар: 1 Демалыс үш режимі өшірулі Демалыс ҚОСУ/ӨШІРУ Демалыс үш режимі Демалыс үш режимі
Мәзір Картасы - Реттеу Мұздатқыш Үш режим Опциялары Fresco Тоңазытқыш Əдепкі реттеулер Растау үшін Енгізу Мезгілді орнату Мерзім МЕРЗІМ: 01-01-2009 МЕРЗІМ: 01-01-2009 Қосылған Мезгілді көрсету МЕРЗІМ: 01-01-2009 Өшірілген Уақытты Орнату УАҚЫТ: 01:01 УАҚЫТ: 01:01 Қосылған РЕТТЕУЛЕР Уақыт Уақытты көрсету УАҚЫТ: 01:01 Өшірілген Ретте: 24 Бақылауды Ретте Ретте: 12 италия ағылшын Тіл француз неміс испан °C орнату °C/°F орнату °F орнату 34
Италияда басып шығарылған r 05/16 400010894995 n KK