Instruction for Use

8
Пешті орамынан алғаннан кейін, оған
тасымалдау барысында зақым келмегеніне және
есігінің дұрыс жабылатынына көз жеткізіңіз.
Ақау пайда болған кезде дилерге немесе жақын
жердегі тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне
хабарласыңыз. Зақымдаудың алын алу үшін,
орнату барысында пештің тек полистирен көбігін
ғана алып тастаңыз.
Ас үй қаптамасын дайындау
Пешке тиіп тұратын ас бөлмедегі заттар
ыстыққа (мин. 90°C) төзімді болуы керек.
Пешті корпусына салмас бұрын, барлық
шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш
қиқымдары мен ұнтақтарын абайлап жойыңыз.
Орнатқан соң, пештің түбі қол жетімді
болмауы керек.
Өнім дұрыс жұмыс істесін десеңіз, пеш пен
құрылғының жоғарғы жағындағы талап
етілген минимум аралықты кедергісіз
қалдыруды ұмытпаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғының техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген қуат кернеуінің электр желісіндегі қуат
кернеуіне сәйкес екеніне көз жеткізіңіз. Деректер
тақтасы пештің алдыңғы жиегінде орналасқан
(есік ашылған кезде көрінеді).
Қуат кабелін ауыстыруды (H05 RR-F 3 x
түрінде, 1,5 мм
2
) білікті электрші орындауы
керек. Өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Пеш 2,5 кВт-тан (ол параметрлерде төмендегі
суретте көрсетілген тәрізді "HIGH" деп
көрсетіледі) жоғары қуатпен жұмыс істейтін
етіп бағдарламаланған және үйдегі 3 кВт-тан
жоғары қуатпен жабдықтауға сәйкес келеді.
Егер үйдің қуатпен жабдықтау деңгейі төмен
болса, параметрді төмендету (параметрлерде
"LOW") қажет. Төмендегі кестеде әр түрлі елдер
үшін ұсынылатын электр қуаты параметрлеріне
қатысты толық ақпарат берілген.
ЕЛ ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ
ПАРАМЕТРЛЕРІ
ГЕРМАНИЯ HIGH
ИСПАНИЯ LOW
ФИНЛЯНДИЯ HIGH
ФРАНЦИЯ HIGH
ИТАЛИЯ LOW
ГОЛЛАНДИЯ HIGH
НОРВЕГИЯ HIGH
ШВЕЦИЯ HIGH
ҰЛЫБРИТАНИЯ LOW
БЕЛЬГИЯ HIGH
1. Қуат сіңіру параметрін төмендету үшін
"Functions" (Функциялар) тетігін "SETTINGS"
мәніне қойыңыз және таңдаңыз.
2. түймешігі арқылы растаңыз
3. Мәзірден "power" түймешігін таңдаңыз
4. түймешігі арқылы растаңыз
5. "LOW" параметрін таңдаңыз
6. түймешігін басыңыз; дисплейде
таңдауыңызды растайтын хабарлама
көрсетіледі.
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
Қолдану алдында:
Пештің және оның керек-жарақтарының
картоннан жасалған қорғағыштарын,
таспаларын және жабысқақ жапсырмаларын
алыңыз.
Пештен аксессуарларды алып
тастап, қорғаныс майы мен оқшаулау
материалдарының иісі мен түтінін азайту үшін
оны 200°C температурасында қыздырыңыз.
Қолдану барысында:
Есігіне ауыр заттар қоймаңыз, себебі олар
оны зақымдауы мүмкін.
Есікке сүйкенбеңіз немесе оның тұтқасына еш
нәрсе ілмеңіз..
Пештің ішіне алюминий фольга салмаңыз.
Пеш ыстық кезде оның ішіне су құймаңыз; ол
эмаль қабатты зақымдауы мүмкін.
Кастрөлдерді немесе табаларды духовканың
түбімен сырғытпаңыз, себебі эмаль қабаты
зақымдануы мүмкін.
Басқа құралдардың электр кабельдері пештің
ыстық бөліктерімен байланыспағанын немесе
есік арқылы өтпегенін тексеріңіз.
Духовканы атмосфералық әсерлерге
ұшыратпаңыз.
Settings
Cleaning
Traditional
Appliance and display settings
Power
Language
Time
Appliance and display settings
High
Low
Over 2.5 kW
Орнату