Instruction for Use
21
Функцияларды сипаттау кестесі
ФУНКЦИЯНЫ ТАҢДАУ ТЕТІГІ
ӨШІРУ
Пісіруді тоқтатуға және духовканы өшіруге арналған.
ШАМ
Пештің ішкі жарықтама шамын қосу/сөндіру үшін.
SPECIAL FUNC-
TIONS (АРНАЙЫ
ФУНКЦИЯЛАР)
ШАРЛАУ ТЕТІГІ
DEFROST (ЖІБІТУ)
Тамақты ерітуді жылдамдатуға арналған. Тамақты
ортаңғы сөреге салыңыз. Тамақтың сыртта кеуіп кетуіне
жол бермес үшін, өзінің орамында қалдырыңыз.
WARM KEEPING
(ЖЫЛЫ КҮЙДЕ
САҚТАУ)
Жаңа ғана піскен тамақты ыстық және қытырлақ күйде
сақтауға арналған (мысалы: ет, қуырылған тамақ немесе
ашық бәліштер).
Тамақты ортаңғы сөреге салыңыз. Пештің ішіндегі
температура 65°C градустан жоғары болса, функция іске
қосылмайды.
YOGURT (ЙОГУРТ)
Үйде йогурт дайындауға арналған. Шағын фарфор
сауыттарды немесе алюминийден жасалған пісірме
тостақтарды пайдаланыңыз.
Құрылғыға салмас бұрын бетін алюминий қақтамасымен
жабыңыз. Сауыттар қойылған май жинайтын табаны 1-ші
сөреге қойыңыз. Пешті алдын ала қыздырудың қажеті жоқ.
RISING (АРТТЫРУ)
Тәтті немесе демді қамырды оңтайлы көтеру. Қамырды
2-ші сөреге салыңыз. Пешті алдын ала қыздырудың қажеті
жоқ. Сапаны қамтамасыз ету үшін пісіру циклінен кейін
пеш әлі де ыстық болса, функцияны белсендірмеңіз.
MEAT SLOW
COOKING (ЕТТІ
БАЯУ ПІСІРУ)
Етті 90 °C температурасында баяу пісіру үшін. Бұл
функция тағамды былбыратып, сөлін сақтап пісіретін
баяу пісіру циклын ұсынады. Алдымен етті қызарту
үшін жіліктерді табаға қуырып алыңыз, бұл оның табиғи
сөлін сақтауға мүмкіндік береді. Пісіру уақыты 1 кг ет
үшін 4 сағаттан бастап, 3 кг ет кесегі үшін 6-7 сағатқа
созылуы мүмкін. Тамаша нәтижеге қол жеткізу үшін
тағам пісіру барысында пештің есігін ашпаңыз, еттің ішкі
температурасын тексеру үшін тағам пісіру термометрін
пайдаланыңыз.
FISH SLOW
COOKING
(БАЛЫҚТЫ БАЯУ
ПІСІРУ)
Балықты 85 °C температурасында баяу пісіру үшін. Бұл
функция тағамды былбыратып, сөлін сақтап пісіретін
баяу пісіру циклын ұсынады. Төмен температураның
арқасында тағамның сыртқы жағы қызармайды және
соңғы нәтиже бумен пісіру нәтижесіне ұқсайды. Пісіру
уақыты 300 г ет үшін 2 сағаттан бастап, 3 кг балық үшін 4-5
сағатқа созылуы мүмкін. Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу
үшін тағам пісіру барысында, пештің қызуы тарап кетпеу
үшін есігін ашпаңыз.
ECO FORCED AIR
(ЭКО КҮШТІ АУА)
Толтырылған қуырылған етті немесе ет бөліктерін
бір сөреде пісіру. Бұл функцияда тағамдардың артық
құрғауын болдырмайтын үздіксіз, жеңіл желдеткіш
көмекшісі пайдаланылады. ЭКО функциясы кезінде тағам
пісіру барысында шам сөніп тұрады және оны растау
түймешігін басып қайта уақытша қосуға болады. ECO
циклін қуат тұтыну мөлшері азаятындай етіп пайдалану үшін,
пеш есігін рецепт бойынша пісіруің аяқталуына дейін ашпау
керек. 3-ші деңгейді пайдалану ұсынылады. Пешті алдын
ала қыздырудың қажеті жоқ.










