Instruction for Use

16
Пешті пайдалану нұсқаулығы
ТЕМПЕРАТУРА/ГРИЛЬ ШЫҒЫСЫ ПАРАМЕТРІН ОРНАТУ
Температураны немесе гриль шығысын орнату үшін келесі әрекетті орындаңыз:
1. Қажетті мәнді экранға шығару үшін "Шарлау" тетігін бұраңыз.
2.
түймешігін басып растаңыз.
ЖЫЛДАМ АЛДЫН АЛА ЖЫЛЫТУ
PRE
1. Алдын ала қыздыру функциясын таңдау үшін "Функциялар" тетігін бұраңыз
2.
басу арқылы растаңыз: дисплейде пісіру параметрлері көрсетіледі.
3. Егер сіз қалайтын температура ұсынылса,
түймешігін басыңыз. Температураны
өзгерту үшін алдыңғы тармақтарда сипатталған әрекеттерді орындаңыз. Дисплейде
PRE хабары пайда болады. Орнатылған температураға жеткен кезде (мысалы,
200°C), дисплейде тиісті мән пайда болады да, дыбыстық сигнал естіледі.
4. Егер басқа пісіру функциясын орнатқыңыз келсе "Функциялар" тетігін бұрап, қажетті
функцияны таңдаңыз.
ПІСІРУ УАҚЫТЫН ОРНАТУ
Бұл функцияны тағамды ең кемінде 1 минуттан бастап, таңдалған функция рұқсат ететін ең
көп уақытқа дейін, алдын ала орнатылған уақыт бойынша пісіру үшін қолдануға болады, осы
уақыт өткенде пеш автоматты түрде сөнеді.
1. Температураны растағаннан кейін
жыпылықтайды.
2. Қажетті пісіру уақытың экранға шығару үшін "Шарлау" тетігін бұраңыз.
3. Пісіру уақытын растау үшін
түймешігін басыңыз.
ПІСІРУДІ АЯҚТАУ / КЕШІКТІРІП БАСТАУ УАҚЫТЫН ОРНАТУ
МАҢЫЗДЫ: Келесі функцияларда кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істемейді:
FAST PREHEATING (ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ), BREAD/PIZZA (НАН/ПИЦЦА).
Ескертпе: осы параметрдің көмегімен таңдалған функцияға біртіндеп жетуге болады,
сондықтан пісіру уақыттары пісіру кестесіне қарағанда сәл ұзағырақ болады.
Тағам пісіруді аяқтайтын уақытты, тағам пісіруді ең көбі 23 сағат 59 минутқа дейін кешіктіру
арқылы орнатуға болады. Бұны пісіру уақытын орнатқаннан кейін ғана орнатуға болады.
Пісіру уақытын орнатқаннан кейін дисплейде пісіруді аяқтау уақыты (мысалы 15:45) көрінеді
және
белгісі жыпылықтайды.