Instruction for Use
ЕТ СҮҢГІСІ (СҮҢГІ)
Жинақпен бірге берілген ет сүңгісі, тағамның барынша жақсы
пісуін қамтамасыз ету үшін тағамның ішкі температурасын (100°C
градусқа дейін) дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Пісіп жатқан тағамға қарай отырып, қажетті ішкі температураны
орнатуға болады. Тамаша пісіру нәтижелеріне қол жеткізу үшін
сүңгінің орнын нақты анықтау өте маңызды болып табылады. Ет
сүңгісін тағамның майлы және сүйегі бар тұстарына тигізбей,
қоңды жеріне толығымен сұғыңыз (1-сурет). Ет сүңгісін құс
еттерінің бүйір жақ тұстарына, төсінің қақ ортасына, ет сүңгісінің
ұшы бос жерде қалмайтын етіп шаншу керек (2-сурет).
Егер еттің қалыңдығы әр түрлі болса, оны пештен алмас бұрын
дұрыс піскеніне көз жеткізіңіз. Сүңгінің ұшын пеш корпусының
оң жақ қабырғасында орналасқан тесікке сұғыңыз.
Ет сүңгісімен пісіру функциясы
Ет сүңгісі салынған кезде корпустың температурасы таңдалған функцияға қажетті деңгейде
басқарылады, бірақ өлшенген температура ет сүңгісінің пайдаланушы орнатқан нысан
температурасына жеткен кезде пісіру циклы аяқталады.
Ет сүңгісі пайдаланылатын функцияларға арналған арнайы мәзір жоқ, бірақ әрқашан дәстүрлі пісіру
функциясынан “Ет сүңгісі функциясына” ауысуға болады. Бұл ет сүңгісі салынған кезде
орындалады. Ет сүңгісінің бары екені анықталған кезде дисплейде “PROBE” (СҮҢГІ) жазуы 3
секунд көрінеді. Содан кейін дисплейде қайта ағымдық ақпарат көрінеді.
Егер Functions (Функциялар) тетігі Күту режимі немесе Шам қалпына қойылмаса, дисплейде пісіру
функцияларына қатысты жалпылама ақпарат және ет сүңгісіне орнатылған температура көрінеді.
Егер ет сүңгісі салынып және оның бар екені функция басталған кезде анықталса (жылдам
қыздыру, гриль, арнайы функциялар, қызарту) және сүңгі қосылмай тұрса, пісіру циклы сүңгі
алынбайынша басталмайды. Ескерту сигналы беріледі және дисплейде келесі хабар көрінеді:
Тағам пісіруді аяқтау уақыты ет сүңгісіне орнатылған температураға байланысты болғандықтан, бұл
функция үшін кері санақ таймерін орнату мүмкін емес, сондықтан кешіктіріп бастау циклы бар
пісіру функциясын орнату мүмкін емес. Пісіру функциясын таңдағаннан кейін пештің
температурасын (дисплейдің үстіңгі оң жағында) тетікті +/- қалпына бұрап, пернесімен растап
реттеуге болады. Ет сүңгісіне орнатылатын мәнді (дисплейдің астыңғы оң жағында) енді өзгертуге
болады: тетікті +/- қалпына бұрап, пісіре бастау үшін түймешігін басып растаңыз. Пештің және
ет сүңгісінің температурасын тағам пісіру барысында кез келген уақытта өзгертуге болады. Пештің
температурасын өзгерту үшін тетікті +/- қалпына бұраңыз; ет сүңгісінің температурасын өзгерту
үшін түймешігін екі рет басыңыз, параметр мәнін орнату үшін тетікті +/- қалпына бұраңыз және
пернесімен растаңыз. Ет сүңгісінің әдепкі параметрі 70°C градус және оны кемінде 1°C
қадаммен өзгертуге болады. Ет сүңгісінің бар екені функция басталғанда немесе функция кезінде
анықталса, барлық алдын ала қыздыру циклдарын өткізгеннен кейін таңдалған функцияның бірінші
кезеңі орындалады; шам ет сүңгісі алынғаннан кейін және оның бары анықталмайтын деңгейге
жеткенше ON (ҚОСУ) қалпында тұрады. Егер ет сүңгісі жұмыс істеп тұрған кезінде алынса,
дисплейде пісіру минуттары көрінеді және пайдаланушы функцияны тоқтатқанша немесе ет сүңгісін
қайта салғанша санақ таймерінің мәні қосылады. Пісірудің соңына келгенде “END” (СОҢЫ)
жыпылықтайды.
1-сурет
2-сурет
Пешті пайдалануға қатысты нұсқаулар
19










