Instruction for Use
8
Пешті орамынан алғаннан кейін, оған
тасымалдау барысында зақым келмегеніне
және есігінің дұрыс жабылатынына көз
жеткізіңіз.
Ақау пайда болған кезде дилерге немесе
жақын жердегі тұтынушыларға қолдау
көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Зақымдаудың алын алу үшін, орнату
барысында пештің тек полистирен көбігін
ғана алып тастаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ КОРПУСЫН ДАЙЫНДАУ
• Пешке тиіп тұратын ас бөлмедегі заттар
ыстыққа (мин. 90°C) төзімді болуы керек.
• Пешті корпусына салмас бұрын, барлық
шкафты кесу жұмысын орындап, ағаш
қиқымдары мен ұнтақтарын абайлап
жойыңыз.
• Орнатқан соң, пештің түбі қол жетімді
болмауы керек.
• Өнім дұрыс жұмыс істесін десеңіз, пеш
пен құрылғының жоғарғы жағындағы
талап етілген минимум аралықты
кедергісіз қалдыруды ұмытпаңыз.
Электртоғына қосу
Құрал деректері тақтасында көрсетілген қуат
кернеуі негізгі кернеумен бірдей екендігін
тексеріңіз. Пештің алдыңғы шетіндегі
көрсеткіштер тақтасы (есік ашылған кезде
көрінеді).
• Қуат кабелін ауыстыруды (түрі H05 RR-F
3 x 1,5 мм
2
) білікті электрші орындауы
керек. Өкілетті кепілдік бойынша қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
Қолдану алдында:
• Пештің және оның керек-жарақтарының
картоннан жасалған қорғағыштарын,
таспаларын және жабысқақ
жапсырмаларын алыңыз.
• Пештен аксессуарларды алып
тастап, қорғаныс майы мен оқшаулау
материалдарының иісі мен түтінін азайту
үшін оны 200°C температурасында
қыздырыңыз.
Қолдану барысында:
• Есігіне ауыр заттар қоймаңыз, себебі
олар оны зақымдауы мүмкін.
• Есікке сүйкенбеңіз немесе оның
тұтқасына еш нәрсе ілмеңіз..
• Пештің ішіне алюминий фольга
салмаңыз.
• Пеш ыстық кезде оның ішіне су
құймаңыз; ол эмаль қабатты зақымдауы
мүмкін.
• Кастрөлдерді немесе табаларды
духовканың түбімен сырғытпаңыз, себебі
эмаль қабаты зақымдануы мүмкін.
• Басқа құралдардың электр
кабельдері пештің ыстық бөліктерімен
байланыспағанын немесе есік арқылы
өтпегенін тексеріңіз.
• Духовканы атмосфералық әсерлерге
ұшыратпаңыз.
Орнату










