Instruction for Use
Тазалау
пайдаланбаңыз, дискіге қағаздың
қалдықтары немесе жолақ қалуы мүмкін.
Ескертпе: құрамында суы өте көп тағамдарды
(мысалы, пицца, көкөністер, т.с.с.) пісірген
кезде
есіктің ішкі бетінде және тығыздағыштың
айналасында конденсат пайда болуы мүмкін.
Пеш суық тұрған кезде есіктің ішкі бетін
шүберекпен немесе жөкемен құрғатыңыз.
Керек-жарақтары:
• Керек-жарақтарды пайдаланып болғаннан
кейін жуғыш зат қосылған суға жуыңыз, егер
әлі ыстық болса пешке арналған қолғапты
пайдаланыңыз.
• Тағам қалдықтарын жуғыш шөткемен немесе
жөкемен оңай тазалауға болады.
• Artisan керек-жарақтарын тазалауға қатысты
ақпаратты “Тазалау” бөлімінен қараңыз.
Пештерді пиролит функциясымен тазалау
(егер бар болса):
- Пиролит циклы кезінде пешке қол
тигізбеңіз.
- Пиролит циклы кезінде балаларды пештен
алыс ұстаңыз.
- Пиролит циклы кезінде және пиролиттен
кейін жануарларды алыс ұстаңыз.
- Пиролит циклын іске қосу алдында корпус
ашасының қақпағын салыңыз.
Бұл функция тағам пісіру барысында шашыраған
қалдықтарды шамамен 500°C градус
температурамен күйдіреді. Осы жоғары
температурада қалдықтар жеңіл күлге айналады
және оларды пеш салқындағаннан кейін дымқыл
шүберекпен оңай тазалауға болады. Пиролитпен
тазалау функциясын пешті пайдаланып болған
сайын таңдамаңыз, пеш қатты ластанған кезде
немесе алдын ала қыздыру немесе пісіру кезінде
түтін немесе иіс шыққан кезде ғана
пайдаланыңыз.
• Егер пешті пеш алаңының астына орнатсаңыз,
өздігінен тазалау (пиролит) функциясы
қосылып тұрған кезде барлық оттықтарды
немесе электрлі оттықтарды сөндіру керек.
• Керек-жарақтардың барлығын пиролитпен
тазалау функциясын қосу алдында (бүйірлік
торларды да) алыңыз.
• Пештің есігін барынша жақсы тазалау үшін
пиролит функциясымен тазалау алдында
қатып қалған қоқыстарды дымқыл жөкемен
тазалаңыз.
• Пиролит функциясын таңдау алдында
желдеткіштің дөңгелек, тот баспайтын темір
қақпағындағы (Twelix Disc) және пеш есігінің
ішкі шынысындағы жолақтарды дымқыл
жөкемен тазалаңыз.
Құрылғы 2 пиролит функциясымен
жабдықталған:
1. Қуатты үнемдеу циклы (PYRO EXPRESS/ECO)
(ПИРОЛИТ ЭКСПРЕСС/ЭКО): бұл стандартты
циклға қарағанда қуатты шамамен 25% аз
пайдаланады. Уақытылы таңдаңыз (2 немесе
3 рет қатарынан ет пісіргеннен кейін).
2. Стандартты цикл (PYRO) (ПИРО): бұл өте лас
пешті тазалауға арналған цикл.
• Дегенмен, белгілі бір уақыт бойы қолданғаннан
кейін немесе пештің қаншалықты лас екеніне
байланысты, пештің дисплейінде хабар пайда
болып, өзіндік тазалау циклын қосу керек
екенін хабарлайды.
Ескертпе: пиролитпен тазалау циклы кезінде
пештің есігі ашылмайды; ол пештің ішіндегі
температура қауіпсіз деңгейге жеткенше
жабық қалпы тұрады.
Artisan керек-жарағын тазалау:
• Ішкі электр розеткасы: темір ашаның темір
қақпағын алыңыз; ашаны тазалау үшін
дымқыл жөкені пайдаланыңыз. Темір
және/немесе өткір құралдарды
пайдаланбаңыз.
• Әр пайдаланып болған сайын бу торын
салқындатыңыз, содан кейін, мүмкіндігінше
жылы тұрған кезінде, жиналып қалған
қоқысты, тағам дақтарын (мысалы, қанты көп
тағамнан қалған) тазалаңыз. Ыдыс жуғыш
машинамен жууға болады.
• Май жинайтын табаны пайдаланып болғаннан
кейін жуғыш зат қосылған суға жуыңыз, егер
әлі ыстық болса пешке арналған қолғапты
пайдаланыңыз. Тағам қалдықтарын
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығынан
алған шөткемен оңай тазалауға болады.
Ескерім: бірнеше рет пайдаланып болғаннан
кейін жоғары температура темір тотығының
қабаттарының пайда болуына байланысты
қыздырғыш элементтің түсін өзгертеді, бірақ бұл
элементтің функциясына және қауіпсіздігіне
ешбір әсер етпейді.
Қақ тазалау:
Қосымша 800 мл ақ, суық сірке суын құйып,
бөлме температурасындағы жылы суды “Макс.”
деңгейіне дейін жеткізіп құйыңыз. 6-8 сағатқа
қалдырып, содан кейін сумен шайып, жеміргіш
емес жөкемен қалған қалдықтарды тазалаңыз.
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметінен
тазалау және қақ кетіруге арналған арнайы
бұйымдарды алуға болады.
ЕСКЕРТУ
11










