Instruction for Use

Қолдану нұсқаулары
14
Басқару панелінің бекітпесі - НЕГІЗГІ
Басқару панелін бекітуді өшіру/қосу:
Басқару панелін бекіту түймесін күту немесе қосулы күйінде басу
пернетақтаны бұғаттайды және кілт таңбасы жанады. Басқару панелі
алдыңғы реттеулермен жұмысын жалғастырады, бірақ басқа түймелермен басқару мүмкін
болмайды, тек қана басқару панелін бекіту түймесін ғана ҚОСУ-ӨШІРУ мүмкін болады.
Бекітулі күйінде ҚОСУ/ӨШІРУ мүмкін. Басқару панелін бекітуі түймесінің шамы сенсорлы
басқару және басқару панелін бекіту функциясы өшірілгенде, қоса өшеді. Қосылғанда
жарық диодты шамдары басқару панелін бекіту түймесін қайта басу арқылы өшіргенше
қайта жанады (10 секунд ішінде). ӨШІРУЛІ режимінде басқару панелін бекіту функциясы
жұмыс істемейді.
Басқару панелінің бекітпесін ашу/өшіру - НЕГІЗГІ
Басқару панелін бекіту түймесін күту немесе қосулы күйінде қайта басу пернетақтаны
ашады және кілт таңбасы өшеді. Барлық сенсорлық түймелер қайта қосылады.
Басқару панелін бекіту - НАҚТЫРАҚ
Басқару панелін бекіту функциясы сенсорлы тақтаны қосқанда қол жетімді болады, ол үшін
төменгі оң жақтағы (3А) пісіру шеңберін таңдау түймесі мен МИНУС (5) пернесін бір
мезгілде басып, одан кейін төменгі оң жақтағы (3А) пісіру шеңберін таңдау пернесін қайта
басу қажет. БЕКІТУЛІ белгісі “L” таңбасы көрсетіледі (басқару панелін бекіту абайсызда қосу
мүмкіндігінен қорғайды). Егер пісіру шеңбері “ыстық” болса, дисплейден “L” және “H”
таңбалары кезек көрсетіледі. Бұл пәрмендер реті 10 секунд аралығында енгізілуі тиіс,
жоғарыда сипатталған пернелерді басуға болмайды. Әйтпесе үрдіс аяқталмайды және пеш
бекітілмейді. Пеш өшіріліп, қайта қосылған жағдайда да электронды басқару жүйесі
ашылғанша бұғатталған күйінде қалады. Басқару параметрлерін өзгерту де бұғатты
ашпайды (кернеу төмендегеннен кейін).
Пісіру түймелерін пісіру үшін жартылай ашу:
Сенсорлы тақтаны ашу үшін, төменгі оң жақ пісіру шеңберін (3А) таңдау пернесі мен
МИНУС (5) пернесін бір мезгілде басу қажет. Дисплейдегі “L“ (БЕКІТУЛІ) таңбасы жоғалып,
барлық пісіру шеңберлері жыпылықтаған нүктелері бар “0“ белгісін көрсетеді. Егер пісіру
шеңберлерінің бірі “ыстық” болса, “0” орнына “H” таңбасы көрсетіледі. Басқару панелін
өшіргенде басқару панелінің бұғаты ашылмайды.
Бекіту пернесін уақытша ашу:
Басқару панелі қосылған соң, панельді бекіту функциясын өшіруге болады. Ол үшін төменгі
оң жақ пісіру шеңберін (3А) таңдау пернесін, одан кейін МИНУС (5) пернесін басу қажет.
Барлық қадамдар дұрыс орындалса, 10 секунд ішінде бекіту түймесі ашылып, басқару
панелінің бекітпесі алынады. Әйтпесе үрдіс аяқталмайды және басқару панелі бекітулі
күйінде қалады да, 20 секундтан кейін өшеді.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймелері арқылы қайта қосылғанда, барлық диплейлерден „0“ таңбасы
көрсетіледі, дисплей нүктелері жыпылықтап, басқару панелі пісіруге әзір екенін білдіреді.
Егер пісіру шеңберлерінің бірі “ыстық” болса, тұрақты “0” орнына “H” таңбасы көрсетіледі.
Күшейткіш және индукция қуатын басқару
B пісіру аймағында 1400 ваттан 2000 ваттқа жететін Күшейткіш функциясы бар (қуат
артқанда, А пісіру аймағының қуаты азайтылады). Күшейткіш функциясы қосылғанда
генератор пісіру аймағына анықталған шамадан асатын қуат күшін береді. Күшейткіш
тағамды жылдам пісіріп, пісіру уақытын үнемдейді.
Күшейткіш функциясын қосу:
- Пісіру аймағының деңгейі барынша жоғары болуы тиіс;
- Күшейткіш функциясы “+” түймесін қайта басу арқылы қосылады. Пісіру шеңберінің
дисплейінен тұрақты “Р” таңбасы көрсетіледі.
Қауіпсіздік мақсатында күшейткіш функциясы 5 минутқа шектелген. Күшейткіш режимі
кезінде пісіру шеңберінен ыдыс алынса, күшейткіш функциясы қосулы күйінде қалады және
күшейткіш уақыты өшірілмейді.
Күшейткіш функциясы “-” түймесін басу арқылы өшіріледі. “+” таңбасының әсері жоқ.