Instruction for Use
Қолдану нұсқаулары
13
Tаймер функциясы
Таймер функциясы пісіру кезінде таймер ретінде немесе тәуелсіз сигнал
ретінде қолданылады. Артқы екі 7-ші сегмент дисплейлері (6) қалған уақытты
дыбыс сигналы өшкенше минутпен көрсетеді.
Таймерді таңдау
Бір мезгілде “+” және “-” таңбаларын қосу, таймер функциясын таңдау үшін қолданылады.
Таймердің екі режимі бар:
- Пісіру таймері (таймер пісіру уақыты үшін реттелген). Анықталған уақыт аяқталғанда,
аудио және визуалды сигнал беріледі де, тиісті пісіру аймағы өшеді.
- Тәуелсіз сигнал (таймер пісіру шеңберінен тәуелсіз жұмыс істейді)
- Егер тәуелсіз сигнал таңдалса, дисплей (6) ғана қосылады, егер пісіру шеңберіне
байланыстырылса, “8A” немесе “8B” жарқы диодты шамы қосылады.
Анықталған уақыт аяқталғанда, бұл режимде де аудио және визуалды сигнал беріледі,
бірақ пісіру аймағы өшпейді.
Таймерді таңдау:
таймер басқару панелінен минус және плюс таңбаларын бір мезгілде басу арқылы
реттеледі. Егер пісіру аймағы бұрын таңдалған болса, сол пісіру шеңберінің таймері
жанады. Оған қоса, бұл пісіру шеңберінің көрсеткіш нүктесінің жарқылдауы арқылы да
көрсетіледі (шамды таймер 8A-8B). Егер пісіру аймағы бұрын таңдалмаса, пісіру таймерінің
дабылы қосылады. Ондай жағдайда, барлық көрсеткіш нүктелері өшеді ( 8A - 8B).
Егер басқа таймерлер қосылса, қажетті таймерді минус және плюс таңбаларын бірнеше рет
басу арқылы таңдауға болады. Қосылған пісіру шеңберлерінің таймерлері сағат тілі
бағытында өшіріледі. Соңғы пісіру таймерінен кейін, пісіру сигналының таймері таңдалады,
одан кейін бірінші пісіру таймері қайта таңдалады. Таңдау уақыты 10 секунд. Бұл уақыт
таймердің мәні ауысқан сайын минус немесе плюс таңбалары арқылы қайта анықталады.
Бұл уақыт аяқталғанда, уақыты ең аз таймер көрсетіледі. Таңдауды пісіру аймағын таңдау
арқылы ертерек аяқтауға болады.
Таймер мәнін анықтау:
таймер таңдалғанда, таймер мәнін плюс немесе минус таңбалары арқылы өзгертуге
болады. Егер таймер мәні анықталмаса, минус таңбасын басу 30 минутқа реттейді және
оны кейін өзгертуге болады. Плюс немесе минут таңбаларын ұзағырақ басу арқылы таймер
мәнін жылдамырақ өзгертуге болады. 99 немесе 01 мәнінде автоматты қайталау атвоматты
түрде тоқтайды. Пісіру шеңберінің таймері реттелсе, ол қатысты пісіру шеңберінің таймер
жарық диодты шамынан көрсетіледі (8A-8B), тіпті таңдау аяғында да тұрақты немесе
жыпылықтаған пісіру көрсеткіштері арқылы көрсетіледі (тұрақты, егер таймер анықталса,
бірақ басқа уақыты азырақ таймерлер себебінен көрсетілмесе) (жыпылықтаған, егер таймер
анықталса және уақыты ең аз болғандықтан көрсетілсе). Жалпы таймер реттелген жағдайда
Таймерді ертерек өшіру:
Таймер мәнін 00 күйіне реттеп, таймерді ертерек өшіруге болады. Пісіру шеңберінің
таймерін қолданғанда, сәйкес пісіру аймағы жанған күйінде қалады. Таймердегі уақытты
кері санау: уақыт таймер реттеле салысымен басталады. Егер мән плюс немесе минус
таңбасы арқылы өзгертілсе, таймер толық минуттан бастайды және қалған секундтар
есептелмейді.
Анықталған уақыты аяқталған таймердің дыбыс белгісі:
Егер таймер 00 мәніне жетсе, дыбыстық және визуалдық белгі беріледі. Пісіру шеңберінің
таймерінің анықталған уақыты аяқталғанда, сәйкес пісіру шеңбері өшеді. Таңдалған пісіру
аймақтары мен таймерлерді қайта реттеу қажет болады.
Таймер мәні (00) автоматты түрде қайта көрсетіліп, жарқылдайды. Пісіру шеңберінің
таймерін қолданғанда, сәйкес пісіру шеңберінің көрсеткіш нүктесі де жарқылдайды. Сигнал
басқа пернені басу арқылы тоқтатылмаса, 2 минут созылады.
Сигналдан кейін, барлық қосылған пісіру шеңберлерінің дисплейлері қайта көрсетіледі.










