Instruction for Use

Қолдану нұсқаулары
12
Сенсорлы басқаруды қосу/өшіру
1. Қосу/Өшіру
2. Бала қауіпсіздігі (пернені бекіту)
3. Пісіру аймағын таңдау түймесі (A-B)
4. Қуат күшін арттыру
5. Қуат күшін азайту
6. Таймер
7. Пісіру аймағының диплейі
8. Tаймер шамы (A-B)
Электронды сенсорлы басқаруды қосу үшін және ӨШІРУ күйінен күту күйіне ауысу үшін
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі қолданылады.
Ол үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін 1 секунд басыңыз. Қысқа дыбыс сигналы беріледі.
Күту күйінде тұрғанда, пісіру аймағының дисплейінен “0” таңбасы көрсетіледі.
Бұл дисплей жылу қалдығы немесе қателік белгісі себебінен артқы фонға жылжуы мүмкін.
Егер пісіру аймағы күту режимі (10 сек) кезінде қосылса, басқару қосқышы Қосу күйіне
ауысады.
Егер 10 сек ішінде ешқандай әрекет таңдалмаса, басқару қосқышы қысқа дыбыс белгісінен
кейін ӨШІРУ күйіне ауысады.
Электрондық тетіктерін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі арқылы ҚОСУ немесе күту күйінен кез келген
уқытта ӨШІРУ күйіне ауыстыруға болады Өшіру функциясының жұмыс кезінде
басымдылығы бар, бірнеше түйме бір мезгілде қосылғанда басқару түймесі өшеді.
Пісіру аймақтарын қосу
Күту немесе қосылған күйінде, пісіру аймағын 3A немесе 3B пернелері (пісіру шеңберін
таңдау) арқылы қосуға болады.
Пісіру аймағын таңдаған соң, “+” түймесін қолданып, “0” және “1”, “2”, т.б. деңгейлерін
таңдауға болады, бірақ, “-” түймесін бассаңыз, жылу деңгейі “9” таңбасына барады.
Екі пісіру аймағы да қосылғанда, соңғысының пісіру дисплейінің түсі ашықтау екенін
байқайсыз (7).
Пісіру аймағын өшіру
a) Бір мезгілде пісіру аймағын таңдау түймесін (3A немесе 3B) және “-” түймесін басу.
б) Қажетті пісіру аймағының пісіру деңгейін “-” таңбасы арқылы “0” күйіне қою
Егер соңғы пісіру аймағы өшірілсе және басқа функциялар қосылмаса, басқару функциясы
ӨШІРУ күйіне 10 секундтан кейін ауысады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басқанда барлық пісіру аймақтары бірден өшіріледі.
Пісіру және қуат деңгейлері
Пісіру және қуат деңгейлері диплейден 7-ші элемент арқылы көрсетіледі. Пісіру деңгейлерін
“1” және “9” аралығында 9 деңгейге бейімдеуге болады; оған қоса, Күшейту функциясы
қосылғанда, “P” әрпі көрсетіледі.
Қалған жылу индикаторы
Пайдаланушыға пісіру шеңберінің температурасы әлі жоғары екенін ескертеді. Температура
математикалық үлгі бойынша анықталады және көрсетілген “H” жылу қалдығы 7-ші
элементтен көрсетіледі.
Жылу және суу есептеулері келесі нәрселерге негізделеді:
- Таңдалған қуат деңгейі (“0” - “9”);
- Пісіру аймағы өшірілгеннен кейінгі ауыстырып қосу уақыты.
Сәйкес дисплейден “H” әрпі математикалық үлгіге сай, аймақ температурасы ең төменгі
деңгейге түскенше (< 60 °C) көрсетіледі.
8.
8.8 8
3B 3A2 5 4 1
7
7
6
8B
8B