Instruction for Use
Өнім орамын алған соң, жеткізу кезінде ешқандай зақым келмегенін тексеріңіз.
Егер сенімсіз болсаңыз, диллерге немесе сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Орнату өлшемдері мен орнату нұсқауларын 5-ші беттегі суреттерден қараңыз.
ОРНАТУ ОРНЫН ӘЗІРЛЕУ
- Өнімнің төменгі жағына қол жетпейтіндей қылып орнату қажет.
- Егер төменгі жағына пеш орнатылса, ажыратқышты салмаңыз.
Бұл нұсқаулар қолданыстағы заңдар мен стандарттар бойынша әзірленетін орнату,
бейімдеу және техникалық қолдау көрсету үшін қолданылатын арнаулы жабдықтарға
арналған. Қандай да әрекеттерді орындағанда, пешті қуат көзінен ажырату қажет.
Орнату
Құрылғы, суретте көрсетілгендей, жұмыс беткейіне орнатуға арналып жасалған.
Жабдықталған тығыздағышты пештің бүкіл периметрін айнала қолданыңыз. Тұмшапеш
үстіне орнатпаған дұрыс, бірақ, егер орнату қажет болса, келесі нәрселерді тексеріңіз:
• тұмшапештің салқындату жүйесінің мықты болуын;
• тұмшапештен пешке ыстық ауа өтпеуін;
• ауа саңылауларының суретте көрсетілгендей жабдықталуын.
Егер бірнеше Domino өнімдерін бір ойыққа орнату қажет болса, Domino қосқышын
481010793572 (жинаққа кірмеген) Тұтынушыға қолдау көрсету орталығынан бөлек сатып
алу керек. Егер тас қаптамаға орнататын болсаңыз, 480121103229 арнайы жинағына да
тапсырыс беріңіз.
ЕСКЕРТУ
Орнату
- Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
- Орнату жұмыстарын кернеу қауіпсіздігі және орнату ережелерінен хабары бар,
білікті маман орындауы тиіс.
- Өндіруші осы тарауда ұсынылған ережелерді орындамау салдарынан адам немесе
жануардың жарақат алу немесе мүліктің бүліну жағдайларына қатысты барлық
жауапкершіліктен бас тартады.
- Пісіру панелін жұмыс беткейінен алу жеңіл болу үшін қуат сымының ұзындығы
жеткілікті болуы тиіс.
- Құрылғы тақтайшасында көрсетілген кернеу үйдің қуат жабдықтау жүйесіндегі
кернеумен бірдей болуы тиіс.
Қуат көзіне жалғауға дейін, келесі нәрселерді тексеріңіз:
• жүйенің техникалық сипаттамалары пештің түбіндегі тіркеу тақтасындағы көрсетікштерге
сай әзірленген;
• жүйенің қуатқа жалғау тетіктері жерге тұйықтауға қатысты қолданыстағы заңдар мен
стандарттарға сай әзірленген. Жерге тұйықтау заң бойынша міндетті шара болып
табылады.
Егер құралмен бірге кабель және/немесе қуат ашасы жабдықталмаса, тіркеу тақтасында
көрсетілген сіңіру деңгейі мен жұмыс температурасына жарамды материалды қолданыңыз.
Кабель температурасы 50°C бөлме температурсынан аспауы тиіс.
ЕСКЕРТУ
Электр қосылымы
10










