Instruction for Use
Қолдану нұсқаулары
14
Жылу және суу есептеулері келесі нәрселерге негізделеді:
- Таңдалған қуат деңгейі (“0” - “9”);
-
Пісіру аймағы өшірілгеннен кейінгі ауыстырып қосу уақыты.
Сәйкес дисплейден “H” әрпі математикалық үлгіге сай, аймақ температурасы ең төменгі
деңгейге түскенше (< 60 °C) көрсетіледі.
Таймер функциясы
Таймерді пісіру таймері ретінде немесе тәуелсіз дыбыстық белгі ретінде
қолдануға болады, бірақ бір мезгілде екі функциясын да қолдану мүмкін емес. 7-
ші элементтің екі сегменті қолданыстағы пісіру шеңберлері мен таймер
қосылғанда қалған пісіру уақытын минутпен көрсетеді.
Таймерді таңдау
-Tаймерді бағдарламалау үшін сенсорлы панель күту немесе қосулы күйінде болуы тиіс.
-Tаймер түймесі таймерді пісіру аймағы үшін реттегенде қолданылады.
- Таймерді плюс/минус таңбаларымен бағдарламалау 2-ші индукция модулі үшін 8, және уок
индукция модулі үшін 6-шы элементтен көрсетіледі. Жарқылдаған таймер шамы 7-ші
элементтегі мән таймердің мәні екенін және оны өзгертуге болатынын білдіреді. Таймер
Өшірулі режиімнде жұмысын жалғастырғанда, таймер шамы жанып тұрады.
Бұл дисплейдегі мәннің таймерге қатысты екенін, бірақ қазір оны өзгерту мүмкін емес
екенін көрсетеді; ол үшін басқару панелін қайта қосу қажет.
- Таймер түймесін қосу алдыңғы реттелген функциялардың шарттарына байланысты
болады:
a) Таймерге қатысты пісіру аймағы қосулы (пісіру деңгейі > 0):
Tаймер пісіру аймағына қатысты бағдарламаланған;
пісіру аймағын қайта реттегенде автоматты түрде өшеді;
тәуелсіз таймерді таңдау мүмкін емес.
Пісіру деңгейінің параметріне кіру таймер түймесі қайта басылғанда мүмкін болады.
b) Таймерге қатысты пісіру аймағы өшірулі (пісіру деңгейі = 0):
Tаймер тәуелсіз бағдарламаланған және ӨШІРУЛІ болса да жұмысын жалғастырады.
Tаймер қосылып тұрғанда пісіру аймағы қосылмайды.
Таймер мәнін анықтау
- Уақыт таңдалған соң, жоғарыда сипатталғандай, қатысты шам жанады. Қажетті таймер
уақытын +/- таңбалары арқылы реттеуге болады.
- Плюс түймесін басқанда, алдымен “01” мәні көрсетіледі, одан кейін бірте-бірте
максималды “99” мәніне жетеді (жоғарғы шегі).
- Минус түймесін басқанда, алдымен “30” мәні көрсетіледі, одан кейін “01” мәніне дейін
азаяды (бірінші төменгі шегі). Бұл мәніне жеткенде, акустикалық сигнал беріледі. Минус
түймесін қайта басқанда “00” дсиплейі өзгертілмейді (екінші төменгі шегі).
- Реттеуді плюс немесе минус түймесін басып тұрып немесе үзіліспен басу арқылы
орындауға болады (таңдау: түймені басу-босату, басу-босату).
- Егер түйме басылып тұрса, реттеу жылдамдығы автоматты түрде өседі, яғни екі қадам
арасындағы уақыт түймені босағанша азаяды.
- Егер плюс немесе минут түймелері 10 секунд аралығында басылмаса (параметр),
таңдалған пісіру аймағының таймері таңдалған соң (дсиплейден “00” көрсетіліп тұрады), +/-
түймелерінің көрсеткіші мен орны пісіру аймағына ауысады.
- Таймер сигнал ретінде қолданылғанда, түймелердің көрсеткіші мен орны пісіру аймағына
ауыспайды, пісіруі аймағын қосу мүмкін болмайды.
- Егер 0-ден басқа екі мәнге реттелсе, таймер қалыпты түрде уақытты кері санай бастайды.
Мысалы, таймер мәні “01” мәніне реттелген соң, плюс түймесі босатылғанда тамер
санауды бастайды.
- Егер жоғары пісіру деңгейлері таңдалса, таймер параметрлері жұмыс уақытын шектеуден
басымдырақ болады.
- Егер дыбыс сигналы ғана бағдарламаланса, басқару панелі басында күту режимінде
қалады (басқа пісіру аймақтары қосылмаған). Жаңа мәндер енгізілмесе, TC жоғарыда
көрсетілгендей, ӨШІРУ күйіне ауысады.










