Instruction for Use

Қолдану нұсқаулары
13
Сенсорлы басқару панелін қосу/өшіру
1. Қосу/Өшіру
2. Бала қауіпсіздігі (перне бекіту)
3. Пісіру аймағының индикаторлары
4. Қуат деңгейін көтеру
5. Қуат деңгейін азайту
6. Таймер (а)
7. Таймер (б)
8. Шамды таймер
9. Перне бекіту шамы
1 ПІСІРУ АЙМАҒЫ 1,400 Вт
2 ПІСІРУ АЙМАҒЫ 1,400 Вт
Электронды сенсорлы басқаруды қосу үшін және ӨШІРУ күйінен күту күйіне ауысу үшін
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі қолданылады. Ол үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін 1 секунд басыңыз.
Қысқа дыбыс сигналы беріледі. Күту күйінде тұрғанда, пісіру шеңберінің дисплейінен
“0” таңбасы көрсетіледі. Бұл дисплей жылу қалдығы немесе қателік белгісі себебінен артқы
фонға жылжуы мүмкін. Егер пісіру аймағы күту режимі (10 сек) кезінде қосылса, басқару
қосқышы Қосу күйіне ауысады. Егер 10 сек ішінде ешқандай әрекет таңдалмаса, басқару
қосқышы қысқа дыбыс белгісінен кейін ӨШІРУ күйіне ауысады.
Электрондық тетіктерін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі арқылы ҚОСУ немесе күту күйінен кез келген
уқытта ӨШІРУ күйіне ауыстыруға болады Өшіру функциясының жұмыс кезінде басымдылығы
бар, бірнеше түйме бір мезгілде қосылғанда басқару түймесі өшеді.
Пісіру аймақтарын қосу
Күту немесе қосулы күйінде пісіру аймағын плюс/минус таңбалары арқылы қосуға боады, ол
үшін пісіру аймағы таймерді бағдарламалау режимінде болмауы тиіс аймер тарауын
қараңыз). Егер “+” түймесімен басталса, пісіру деңгейі “0” деңгейінен “4” деңгейіне өзгереді.
Егер “-” түймесімен басталса, пісіру деңгейі “0” деңгейінен “9” деңгейіне өзгереді.
Пісіру аймағын өшіру
a)Қажетті пісіру аймағының “+” and “-” түймелерін бір мезгілде басу.
б)Қажетті пісіру аймағының пісіру деңгейін “-” таңбасы арқылы “0” күйіне қою
Егер соңғы пісіру аймағы өшірілсе және басқа функциялар қосылмаса, басқару функциясы
ӨШІРУ күйіне 10 секундтан кейін ауысады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басқанда барлық пісіру аймақтары бірден өшіріледі.
Пісіру және қуат деңгейлері
Пісіру және қуат деңгейлері диплейден 7-ші элемент арқылы көрсетіледі.
Стандарттарға сай, қуат деңгейлері “1” және “9” аралығындағы сандармен көрсетіледі.
Қалған жылу индикаторы
Егер ыдыс өте ыстық болса ескертеді. Температура математикалық үлгі бойынша
анықталады және көрсетілген “H” жылу қалдығы 7-ші элементтен көрсетіледі.