Instruction for Use
10
Қолдану қауіпсіздігі
• Ыстық майлар жылдам жалындайды. Ескерту! Өрт қаупі!
• ЕСКЕРТУ! Күйіп қалу қаупі! Пештің ыстық беткейіне тиген май жылдам жалындауы және шашырауы
мүмкін.
•
Құрылғыны немқұрайды қолдану күйіп қалу қаупін төндіреді.
• Керамика бетіндегі үлдір мен жапсырмаларды алыңыз.
• Электр құрылғылардың кабельдерінпештің ыстық бетіне немесе ыстық ыдысқа және табаларға
тигізбеу қажет.
• Әр қолданыстан кейін пісіру аймағын өшіру қажет.
•
Егер пейсмекеріңіз болса, кеудеңізді қосылып тұрған пісіру беткейінен кем дегенде 30 cм қашық ұстаңыз.
• Жұмыс беті мен астындағы шкап арасында желдететін 5 мм орын қалдыру қажет және бұл
аралықты тұмшалауға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құрылғы мен оның қол жететін бөлшектері қолданыс кезінде қатты ысиды.
Жылу элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Пеш үстінде майларды бақылаусыз қалдыру қауіпті болуы мүмкін және өртке
себеп болуы мүмкін.
Отты/жалынды ЕШҚАШАН сумен өшіруге әрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп, жалынды қақпақпен
немесе көрпемен жабыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Өрт қаупі: пеш үстіне заттарды қоймаңыз. Пышақ, шанышқы, қасық және
қақпақ сияқты ысып кететін металл заттарды пеш үстіне қоймаңыз.
Тазалау қауіпсіздігі
• Құрылғыны тазалағанда, оны өшіріп, суыту қажет.
•
Қауіпсіздігіңіз үшін, құрылғыны тазалау үшін бумен тазалағыш немесе жоғары қысым қолдануға
болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Егер беткейі сызаттанса, ток соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін, құрылғыны өшіріңіз.
Құрылғыны бүлдіріп алмас үшін:
• Еритін заттар және ағатын сұйықтықтар жануы немесе жабысып қалуы мүмкін, сондықтан оларды
бірден алып тастау қажет.
Teppan Yaki арнаулы нұсқаулықтары
• Жұмысы кезінде грильді кеңейту шуыл шығарады.\ Бұл пісіру беткейінің ақаулығы емес және пеш
жұмысына әсер етпейді.
• Егер панель жиі қолданылса, пеш беткейінде, аймақтар арасында аздаған дөңес пайда болуы
мүмкін. Бұл пісіру беткейінің ақаулығы емес және пеш жұмысына әсер етпейді.
Сондықтан:
- осы аймақта пісіру нәтижесі біркелкі болмауы мүмкін, мысалы құймақ пісіргенде.
Қауіпсіздік ескертулерІ
Құрылғының басты функциялары
• Пісіру беткейінің қалыңдығы 11 мм. Екі қабат тат баспайтын құрыштан және олардың ортасына
салынған алюминийден тұрады. Пісіру беткейі жылуды жақсы сақтайды, бұл пісіру беткейінің
температурасының жылдам төмендеуін азайтады, мысалы, тоңазытқыштан алынған етті
әзірлеу кезінде.
• Әр Teppan Yaki панелі ерекше: арнайы маман қолмен әзірлеп, сырлаған. Сырлау дизайнының
әртүрлілігі қалыпты нәрсе және жұмысын шектемейді. Көп қолданылған сайын, құны арта
түседі.
• Пісіру аймағы бөлек басқарылатын екі үлкен бөлікке бөлінген.
• Teppan Yaki тат баспайтын құрыш беткейдің ортасында орналасқан және тата баспайтын
құрыш периметрі қызып кетпес үшін беткейден ажыратылған.
• Teppan Yaki айналасындағы периметр арнасы тамақ қоқымдарын жинайды және тамақ пісіріп
болған соң, жылдам алып тастауға болады.
• Қуат деңгейін таңдау функциясы қажетті температураны тұрақты түрде сақтау мүмкіндігін
береді. Осылайша, ыдыстың қызып кетуіне жол берілмейді, бұл майы аз тағамның қоректік
заттарын сақтауға қолайлы.
• Тағамдар тікелей пісіру бектейінде майсыз немесе маймен пісіріледі немесе жылытылады.
Құрылғы сипаттамасы










