Қолдану нұсқаулары
Орнату диаграммалары 4 Қауіпсіздік туралы маңызды нұсқаулар 6 Қоршаған ортаны қорғау 9 ЭКО дизайн туралы мәлімдеме 9 Қауіпсіздік ескертулері 9 Құрылғы сипаттамасы 10 Орнату 11 Электр қосылымы 11 Қолдану нұсқаулары 12 Тұтынушыға қызмет көрсету 17
Орнату диаграммалары 4
Орнату диаграммалары Барлық өлшемдер миллиметрмен берілген М.Е. Semifilo нұсқасы үшін, пешті 1,5 мм төмендету қажет емес.
Бұл нұсқауларды келесі вебсайттан алуға болады: www.kitchenaid.eu ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР СІЗДІҢ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ Бұл нұсқаулықта және құрылғының өзінде қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген, оларды оқып, мұқият орындау қажет. Бұл - қауіп таңбасы, пайдаланушылар мен басқаларға қауіп-қатер туралы ескертеді.
- Қуат кабелінің ұзындығы орнатылған құрылғыны қуат көзіне жалғау үшін жеткілікті болуы тиіс. - Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне сай орнату үшін контакт саңылауы кем дегенде 3мм омниполярлы қосқыш қажет. - Бірнеше ұялы немесе ұзарту сымын қолданбаңыз. - Құрылғыны қуат сымынан тартпаңыз. - Орнатылған құрылғының электр бөлшектеріне пайдаланушының қолы жетпейтіндей болуы қажет. - Құрылғы тек қана үйде ас пісіруге арналып жасалған. Басқа қолданыстарға рұқсат жоқ (мысалы, бөлмелерді жылыту).
- Құрылғының астындағы бөліміне ажыратқыш панель (жабдықталмаған) орнату қажет. - Егер беткейі шытынаса, ток соғу мүмкіндігінің алдын алу үшін, құрылғыны өшіріңіз. (тек қана әйнек беткейлі құрылғылар үшін). - Бұл құрал сыртқы таймер немесе бөлек алыстан басқару жүйесі арқылы қолдануға арналмаған. - Пісіру панелі үстінде маймен пісірілетін тағамды бақылаусыз қалдыру қауіпті және өртке себеп болуы мүмкін. Өртті ЕШҚАШАН сумен өшіруге әрекеттенбеңіз, құрылғыны өшіріп, жалынды қақпақпен немесе көрпемен жабыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау Орам материалдарын тастау Орам материалдарын 100% қайта қолдануға болады және қайта қолдану таңбасымен белгіленген: . Орам материалдарын қоқысқа тастамай, жергілікті ережелерге сай тиісті мекемеге өткізу қажет. сұрыпталмаған қалыпты қоқысқа тастауға болмайды, электрондық өнімдері жинайтын арнайы қызмет орталығына өткізу керек дегенді білдіреді.
Қауіпсіздік ескертулерІ Қолдану қауіпсіздігі • Ыстық майлар жылдам жалындайды. Ескерту! Өрт қаупі! • ЕСКЕРТУ! Күйіп қалу қаупі! Пештің ыстық беткейіне тиген май жылдам жалындауы және шашырауы мүмкін. • Құрылғыны немқұрайды қолдану күйіп қалу қаупін төндіреді. • Керамика бетіндегі үлдір мен жапсырмаларды алыңыз. • Электр құрылғылардың кабельдерінпештің ыстық бетіне немесе ыстық ыдысқа және табаларға тигізбеу қажет. • Әр қолданыстан кейін пісіру аймағын өшіру қажет.
Құрылғы сипаттамасы Бірінші рет қолданарда Бірінші рет жуу • Қорғау үлдірін алыңыз. • Басқару панелін дымқыл матамен сүртіңіз. • Суыған пісірі беткейін дымқыл матамен өрнек бағытында сүртіп, тазалаңыз. ЕСКЕРТУ! Үшкір нәрселер мен ысқыш заттарды қолдануға болмайды. Беткейін бүлідурі мүмкін. Орнату Өнім орамын алған соң, жеткізу кезінде ешқандай зақым келмегенін тексеріңіз. Егер сенімсіз болсаңыз, диллерге немесе сатып алғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электр қосылымы Қуат көзіне жалғауға дейін келесі нәрсені тексеріңіз: - жүйенің техникалық сипаттамалары пештің түбіндегі тіркеу тақтасындағы көрсетікштерге сай әзірленген; - жүйенің қуатқа жалғау тетіктері жерге тұйықтауға қатысты қолданыстағы заңдар мен стандарттарға сай әзірленген. Жерге тұйықтау - заңмен міндеттелген шара. Егер құралмен бірге кабель және/немесе қуат ашасы жабдықталмаса, тіркеу тақтасында көрсетілген сіңіру деңгейі мен жұмыс температурасына жарамды материалды қолданыңыз.
Қолдану нұсқаулары Сенсорлы басқару панелін қосу/өшіру 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. Қосу/Өшіру Бала қауіпсіздігі (перне бекіту) Пісіру аймағының индикаторлары Қуат деңгейін көтеру Қуат деңгейін азайту Таймер (а) Таймер (б) Шамды таймер Перне бекіту шамы 1 ПІСІРУ АЙМАҒЫ 1,400 Вт 2 ПІСІРУ АЙМАҒЫ 1,400 Вт Электронды сенсорлы басқаруды қосу үшін және ӨШІРУ күйінен күту күйіне ауысу үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі қолданылады. Ол үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін 1 секунд басыңыз. Қысқа дыбыс сигналы беріледі.
Қолдану нұсқаулары Жылу және суу есептеулері келесі нәрселерге негізделеді: - Таңдалған қуат деңгейі (“0” - “9”); - Пісіру аймағы өшірілгеннен кейінгі ауыстырып қосу уақыты. Сәйкес дисплейден “H” әрпі математикалық үлгіге сай, аймақ температурасы ең төменгі деңгейге түскенше (< 60 °C) көрсетіледі. Таймер функциясы Таймерді пісіру таймері ретінде немесе тәуелсіз дыбыстық белгі ретінде қолдануға болады, бірақ бір мезгілде екі функциясын да қолдану мүмкін емес.
Қолдану нұсқаулары Tаймер уақытының аяқталуы/ таймер сигналы және растау - Таймер уақыты аяқталуға 10 секунд қалғанда дисплейден көрсетіледі (кері санау сигналға дейін). - Таймердің анықталған уақыты аяқталғанда, таймер сигналы қосылады, таңдалған пісіру аймағы өшеді. - Дисплей мен таңдалған таймер шамы жарқылдап, егер жылу қалса, “00” және “H” таңбалары кезек көрсетеді. - Пайдаланушы бұрын өшірмесе, ескерту сигналы 2 минут беріледі. - Сигнал 2 минут өткеннен кейін немесе қандай да перне басылғанда өшеді.
Қолдану нұсқаулары МАКСИМАЛДЫ ТЕМПЕРАТУРА және ТҮТІНДЕУ НҮКТЕСІ МАКСИМАЛДЫ ТЕМПЕРАТУРА ҰСЫНЫЛҒАН ҚУАТ ДЕҢГЕЙІ (°C) ТҮТІНДЕУ НҮКТЕСІ (°C) САРЫ МАЙ 130/4 150 МАЛ МАЙЫ 170/6 200 СИЫР ЕТІНІҢ МАЙЫ 180/6 210 ЗӘЙТҮН МАЙЫ 180/6 200 КҮНБАҒЫС МАЙЫ 200/7 220 АРАХИС МАЙЫ 200/7 235 КОКОС МАЙЫ 200/7 240 МАЙ АС ҮЙ КЕҢЕСТЕРІ ТАҒАМ ТҮРЛЕРІ TEMПЕРАТУРАЛАР (°C) ҚУАТ ДЕҢГЕЙІ БАЛЫҚ және ТЕҢІЗ ТАҒАМДАРЫ 170 -180 6 ЖАС СИЫР ЕТІ 160 -180 6 СИЫР ЕТІ 200 -210 8 ШОШҚА ЕТІ 180 -210 7 ҚОЙ ЕТІ 180
Қолдану нұсқаулары 5. Пештің беткейі суығанда, жұмыртқа ағының дақтары немесе тағам қышқылдарын лимон шырынымен сүртіп, таза матамен сүртуге болады. Дымқыл матамен сүртіңіз. Пештің беткейі тазалауға дейін суық болса, 80 °C дейін жылытып, қайта өшіріңіз. Екі ыдыс арасын тазалау 2 және 3-ші қадамдарды орындаңыз. Басқару панелін тазалау 1. Құрылғыны дымқыл мата және аздаған жуғыш қосып тазалаңыз. 2. Жуғыш затты таза матамен сүртіп алыңыз.
Whirlpool EMEA S.p.A. Via Carlo Pisacane n.1, 20016 Pero (MI), Italy www.whirlpool.