Instruction for Use

Орнатушы маманға арналған техникалық
ақпарат
Бұл құрылғыны қалыңдығы 20-40мм
жұмыс беткейіне орнатуға болады.
Егер астына пеш орнату қажет болмаса,
пісіру панелі мен шкаптың ортасына
қорғаушы тақта салған дұрыс.  Бұл тақта
пісіру панелінің түбін түгел қамтуы тиіс
жəне тақта мен панель арасында кем
дегенде 20мм саңылау, ал жұмыс беткейі
аралығында ең көп дегенде 150мм
саңылау қалатындай орналастыру қажет.
Бұл құрылғы  кез-келген KitchenAid
пешімен үйлесімді жұмыс істеуге
арналып жасалған. Егер басқаша
орнатылса, өндіруші барлық
жауапкершіліктен тас тартады.
Егер басқаша орнатылса, өндіруші
барлық жауапкершіліктен тас тартады.
Орнатуға дейін келесі нəрселерді
тексеріңіз:
Ескерту: бұл өнім ауыр, орнату
жұмыстарын екі адам орындауы тиіс.
Газ жабдықтау (түрі жəне қысымы) мен
пеш калибрлерінің үйлесімді болуын
(пештегі сериялық нөмір жапсырмасын
жəне 6-беттегі кестені қараңыз).
Шкап пен құрылғының айналасы/пеш
маңайындағы аймақтың жылуға төзімді
жəне жергілікті ережелерге сай болуын.
Күйік өнімдерінің ағымдағы ережелерге
сай сорғы немесе қабырға немесе
терезеге орнатылған электр желдеткіш
арқылы тазартылуын.
Ауа айналымының көлденең қима
бойынша 100cм
2
кем емес саңылау
арқылы табиғи түрде орындалуын:
- тұрақты түрде  жəне бөлменің
қабырғаларына жете желдетіп, ауаның
сыртқа шығарылуын.
- ішкі жəне сыртқы саңылаулардың
бекітіліп қалмайтындай болып жасалуын,
тіпті қателік орын алған жағдайда да.
- Пластик тормен қорғалса, металл торы
болса, көлденең қиманы 100cм
2
шамасынан азайтпауы тиіс.
- Күйік өнімдерін тартуға кедергі
болмайтындай қылып орнату қажет.
Орнату
9
Газға жалғау
ЕСКЕРТУ! Бұл əрекетті білікті техникалық маман
орындауы тиіс.
Газ жабдықтау жүйесі жергілікті ережелерге сай болуы тиіс.
Кейбір елдердің жергілікті ережелері “Жергілікті
ережелерге сілтеме” параграфында берілген. Егер еліңізге
қатысты ақпарат ұсынылмаса, толығырақ ақпаратты
орнатушыдан сұраңыз.
Пешті газ құбырына немесе газ құтысына қосқыштары
жергілікті ережелерге сай жасалған мықты қола немесе
құрыш түтік немесе үздіксіз тат баспайтын құрыш шлангы
арқылы жалғау қажет. Шлангының максималды ұзындығы 2
метр болуы тиіс.
• (A)* немесе (B)* имек қосқышты пешпен бірге
жабдықталған кіріс түтікке тығырықты (C) қолданып, EN
549 ережесіне сай жалғаңыз.
* Франция үшін (A) имек қосқышын жəне басқа елдер үшін (B) имек қосқышын қолданыңыз.
МАҢЫЗДЫ: егер тат баспайтын құрыш түтік қолданылса, жиһаздың қозғалғамалы
бөліктеріне жанаспайтындай қылып орнатылуы тиіс. Ол бөгетсіз аймақ арқылы
жүргізіліп, оны ұзындығынан тексеру мүмкін болатындай етіп орнату қажет.
Газ құбырына жалғаған соң, сабынды сумен жылыстау мүмкіндігіне тексеріңіз.
Жанарғыларды жағып, түймелерді максималды күйінен минималды күйіне қосып,
жалын тұрақтылығын тексеріңіз.