Setup and user guide
11
Опциялар мен функциялар
ОПЦИЯЛАРДЫ сəйкес түймені тікелей басу арқылы таңдауға болады БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ қараңыз.
КЕШІКТІРУ
Бағдарламаның басталу уақытын 1 жəне
12 сағат аралығындағы мерзімге
кешіктіруге болады.
1.КЕШІКТІРУ түймесін басыңыз:
дисплейде сəйкес белгі көрінеді; түйме
басылған сайын (1 сағ, 2 сағ, ең көбі 12
сағатқа дейін) таңдалған жуу
айналымының басталу уақыты
арттырылады.
2.Жуу бағдарламасын таңдап, есікті
жабыңыз: таймер кері есепті бастайды;
3.Осы уақыт аяқталған кезде, индикатор
шамы сөнеді жəне жуу айналымы
басталады.
Кешіктіру уақытын реттеу жəне
уақыттың қысқа мерзімін таңдау үшін,
DELAY (кешіктіру) түймесін басыңыз.
Одан б ас тарту үшін, таңдалға н кешікті ріп
бастау индикатор шамы өшірілмейінше
түймені қайталап басыңыз.
Жуу бағдарламасы есік жабылған соң
автоматты түрде басталады.
Кешіктіру функциясын жуу айналымы
басталған соң орнату мүмкін емес.
MULTIZONE
Жуылатын ыдыстар көп болмаса,
қолданылатын суды, электр энергиясын
жəне тазалау құралын үнемдеу үшін
жартылай жүктеуге болады.
Бағдарламаны таңдап, MULTIZONE
түймесін басыңыз: түйменің үстіндегі
индикатор жанады жəне таңдалған
сөренің белгісі дисплейде көрсетіледі.
Əдепкі бойынша құрылғы барлық
сөрелердегі ыдыстарды жуады.
Тек қана белгілі сөрені жуу үшін, бұл
түймені қайталап басыңыз:
дисплейде көрсетіледі (тек төменгі сөре)
дисплейде көрсетіледі (тек жоғарғы сөре)
дисплейде көрсетіледі (опция
ӨШІРІЛЕДІ жəне құрылғы барлық
сөрелердегі ыдыстарды жуады).
Тек қана жоғарғы немесе төменгі
сөрені жүктеуді жəне сəйкесінше
тазалау құралының мөлшерін
азайтуды есте сақтаңыз.
B
OOST
Үдету опциясы жуу мен құрғатудың
оңтайлы деңгейін қамтамасыз ете
отырып, негізгі циклдардың ұзақтығын
25-67%-ға қысқартады. Оны іске асыру
үшін əдеттегі толық уақытты циклдарға
қарағанда су мен қуат шығыны қажет
болады. Бұл опцияны келесі
бағдарламаларда таңдауға болады:
Эко 50°, Dynamic Sensor 50-60°,
Шыны аяқ 45°.
DYNAMIC CLEAN
Қосымша қуатты бүріккілеріне
байланысты бұл опция төменгі сөредегі
арнайы жерлерде аса қарқынды жəне
қуатты жууды қамтамасыз етеді. Бұл
опция табалар мен кəстрөлдерді жуу үшін
ұсынылады. DYNAMIC CLEAN
функциясын іске қосу үшін осы түймені
басыңыз (индикатор жанады).
TABLET (Tab) Таблетка (таб)
Бұл параметр қолданылған тазалау
құралының түріне байланысты
бағдарламаның өнімділігін
оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Егер таблетка пішініндегі жуғыш
құралдарды (1 дозадағы шайғыш құрал,
тұз бен жуғыш құрал) қиыстырып
пайдалансаңыз, TABLET түймесін
басыңыз (индикатор шам жанады).
Ұнтақты немесе сұйық тазалау
құралын қолданатын болсаңыз, бұл
опция өшіріледі.
ЖҰМЫС ИНДИКАТОРЫ
Еденге проекцияланатын жарық диодты
шам ыдыс жуғыш машинаның жұмыс
істеп тұрғанын білдіреді. Келесі жұмыс
режимдерінің бірін таңдауға болады:
a) Ажыратылған функция.
b) Цикл басталған кезде шам бірнеше
секунд жанады, цикл кезінде өшіп
тұрады жəне циклдың соңында
жыпылықтайды.
c) Шам цикл кезінде жанып тұрады жəне
циклдың соңында жыпылықтайды
(əдепкі режим).
Кешіктіріп бастау орнатылған кезде, b)
немесе c) режимінің қайсысының орнатылғанына
қарай, шам алғашқы бірнеше секундқа немесе бүкіл
кері санақ бойына жанып тұрады.
Есік ашылған сайын шам сөнеді. Қалаған режимді
таңдау үшін машинаны қосып, дисплейде үш
əріптің бірі көрсетілмейінше Р түймесін басып
тұрыңыз, қалаған əріпке (немесе режимге)
жеткенше P түймесін басыңыз, таңдауды растау
үшін Р
түймесін басып тұрыңыз.
Егер опция таңдалған бағдарламаға сəйкес келмесе БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСН қараңыз,
тиісті ЖДШ 3 рет тез жыпылықтайды да, дыбыстық белгі естіледі. Опция қосылмайды.