User manual
– 10
– Ұзақ уақытты бу жіберу: Бу ажыратқышының
бекіткішін бекітілмегенше артқа тартыңыз. Бу
ұзақ шығарылады. Босату үшін бекіткішті алға
қарай басыңыз.
Бу біркелкі кетпегенше үтіктеу басында немесе
үтіктеуді тоқтатқаннан кейін алғашқы бу ағынын
матаға туралаңыз.
Перделерді, киімді, т. б. бумен өңдеу үшін, үтікті
тік ұстауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрғақ үтіктеу кезінде де
қазанда су болуы керек.
Үтіктегі температура реттеуішін өңделіп жатқан
киімнің затына байланысты орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Киіміңізде басылған үтіктеу жəне тазалау туралы
ақпаратты қараңыз.
Үтіктің бақылау шамы өшкен соң, үтіктеуді
бастауға болады.
Бу тазалағышының бу қазанын бакты əр 8 рет
толтырған сайын шайыңыз.
Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
Бу тазалағыш
суығанша тосыңыз.
Су багын босатыңыз немесе бұйымнан
шығарыңыз.
Керек-жарақтарды қалтадан алыңыз.
Сурет
Керек-жарақтар жəшігінің клапан ысырмасын
ашыңыз.
Керек-жарақтарды жəшіктен шығарыңыз.
Қауіпсіздік қалпақшасын ашыңыз. Ол үшін
ұзартқыш түтіктің ашық ұшын қауіпсіздік
қалпақшасына орналастырыңыз, бағыттауышқа
енгізіңіз жəне ашыңыз.
Бу қазанын сумен толтырып, белсенді түрде
бұрыңыз. Нəтижесінде
бу қазанының түбіне
шөгіп қалған тат түседі.
Сурет
Қазандағы судың барлығын толығымен төгіп
тастаңыз.
Қақ қазан қабырғаларында болатындықтан, біз
қақты келесі аралықта кетіріп отыруды ұсынамыз
(TF = бакты толтыру):
Нұсқау
Құбырлы судың қаттылығын сумен қамтамасыз ету
басқармасынан немесе коммуналды шаруашылық
ведомстволарынан білуге болады.
Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
Бу тазалағыш
суығанша тосыңыз.
Су багын босатыңыз немесе бұйымнан
шығарыңыз.
Керек-жарақтарды қалтадан алыңыз.
Сурет
Керек-жарақтар жəшігінің клапан ысырмасын
ашыңыз.
Керек-жарақтарды жəшіктен шығарыңыз.
Қауіпсіздік қалпақшасын ашыңыз. Ол үшін
ұзартқыш түтіктің ашық ұшын қауіпсіздік
қалпақшасына орналастырыңыз, бағыттауышқа
енгізіңіз жəне ашыңыз.
Сурет
Қазандағы судың барлығын толығымен төгіп
тастаңыз.
Татты
кетіру үшін KÄRCHER компаниясы
өндірген тат кетіруге арналған таяқшаларды
қолданыңыз. Тат кетіруге арналған затты
пайдаланған кезде, орауышында келтірілген
мөлшерлеу бойынша нұсқауларға назар
аударыңыз.
Татты кетіруге арналған ерітіндіні қазанға
құйып, оны сол жерде 8 сағатқа қалдырыңыз.
8 сағаттан кейін татты кетіруге арналған
ерітіндіні төгіңіз. Қазанда ерітіндінің қалдық
мөлшері қалады, сондықтан татты кетіруге
арналған
ерітіндінің барлық қалдықтарынан
арылу үшін, қазанды 2-3 рет суық сумен
жуыңыз.
Сурет
Қазандағы судың барлығын толығымен төгіп
тастаңыз.
Қауіпсіздік қалпақшасын ұзартқыш түтікпен
бекітіңіз.
Су багын толтыру
Бу тазалағыш жұмысқа дайын.
Нұсқау
Еден жууға арналған шүберек пен қол шүмегіне
арналған қаптама алдын ала жуылған жəне оларды
бірден жұмысқа пайдалануға болады.
Кір
еден жууға арналған шүберектер мен түкті
матадан жасалған тысқаптарды 60°C
температурада жуу машинасында жуыңыз.
Шүберектерді жуу кезінде, олардың сору
қасиетін сақтау мақсатында, кірді шаюға
арналған заттарды пайдаланбаңыз.
Шүберектерді кептіру аппараттарында кептіруге
болады.
Құрғақ үтіктеу
• Синтетика
•• Жүн, жібек
••• Мақта, зығыр
Күту мен техникалық тексеру
жұмыстары
Бу қазанын шаю
Бу қазанынан қақ кетіру
Су қаттылығы ° dH mmol/l TF
I жұмсақ 0-7 0-1,3 100
II орта 7-14 1,3-2,5 90
III кермек 14-21 2,5-3,8 75
IV аса кермек >21 >3,8 50
Жабдықтарды күту
200 KK