HP LaserJet Pro M11-M13 - Getting Started Guide
4
Сымсыз желі байланысы (тек M12w сымсыз үлгілері)
• Принтер мен сымсыз маршрутизатордың қосылып тұрғанын және қуаты бар екенін тексеріңіз. Сымсыз қосқыш қосылып тұрғанын да тексеріңіз.
• Принтер сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген желілер үшін принтер сымсыз кіру нүктесінің (сымсыз маршрутизатор) 30 м (100 фут)
ауқымында болуы тиіс.
• Компьютерде принтер драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
• Компьютер мен принтердің бірдей сымсыз желіге қосылғанын тексеріңіз.
• Mac үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін қолдайтындығын тексеріңіз.
• Сымсыз маршрутизаторды қайта қосыңыз.
Ақауларды жою
Пайдаланушы нұсқаулығы
Пайдаланушы нұсқаулығына принтерді пайдалану және ақауларды жою
туралы ақпарат кіреді. Оны принтердің ықшам дискісінен және мына веб-
тораптан алуға болады:
Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығы
1. Осы www.hp.com/support/ljm11-m13 торабына өтіңіз.
2. Тізімінен принтерді немесе санатты таңдап, Manuals (Нұсқаулықтар)
түймесін басыңыз.
Принтердің ықшам дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулығы
Windows жүйесі үшін ұсынылған бағдарламалық құралды орнату
барысында пайдаланушы нұсқаулығы компьютерге көшіріледі.
Windows
®
XP, Windows Vista
®
және Windows
®
7
Start (Бастау) түймесін басып, Programs (Бағдарламалар) немесе
All Programs (Барлық бағдарламалар), HP тармағын таңдаңыз,
HP принтері үшін қалтаны, одан кейін Help (Анықтама) тармағын
таңдаңыз.
Windows
®
8
Start (Бастау) экранында, экранның бос аймағын тінтуірдің оң жақ
түймесімен басып, бағдарламалар тақтасынан All Apps (Барлық
бағдарламалар) тармағын таңдаңыз, одан кейін принтердің аты бар
белгішені басыңыз да, Help (Анықтама) тармағын таңдаңыз.
Микробағдарлама жаңартуларын тексеру
1. Осы www.hp.com/support/ljm11-m13 торабына өтіңіз.
2. Download options (Жүктеп алу опциялары) астындағы Drivers,
Software & Firmware (Драйверлер, бағдарламалық құралдар және
микробағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
3. Операциялық жүйені таңдап, Next (Келесі) түймесін басыңыз.
4. Firmware (Микробағдарлама) опциясын таңдап, Download
(Жүктепалу) түймесін басыңыз.
Қосымша қолдау ресурстары
HP компаниясының принтерлерге арналған толық анықтамасын алу үшін,
www.hp.com/support/ljm11-m13 мекенжайына өтіңіз:
• Проблемаларды шешу
• Кеңейтілген конфигурация нұсқауларын табу
• Бағдарламалық құрал жаңартуларын жүктеп алу
• Қолдау форумдарына қосылу
• Кепілдік және нормативтік ақпарат табу
• Мобильді басып шығару ресурстары










