HP LaserJet Pro M11-M13 - Getting Started Guide

3
Құрылғыны сымсыз желіге қосу
Телефоннан немесе планшеттен басып шығару үшін құрылғыны
принтер қосылған сымсыз желіге қосыңыз.
Жаңа Android құрылғылары (4.4 немесе одан кейінгі нұсқа) Басып
шығарылатын элементті ашып, Menu (Мәзір) түймесін таңдаңыз. Print
(Басып шығару) опциясын, принтерді, одан кейін Print (Басып шығару)
опциясын таңдаңыз.
Кейбір құрылғылар үшін Google Play дүкенінен HP Print Service
қосымша бағдарламасын жүктеп алу қажет.
Бұрынғы Android құрылғылары (4.3 немесе одан бұрынғы нұсқа)
HPePrint бағдарламасын Google Play дүкенінен жүктеп алыңыз.
Windows Phone Windows Store дүкенінен HP AiO Remote бағдарламасын
жүктеп алыңыз.
Мобильді басып шығару туралы қосымша
мәліметтер
Басқа мобильді басып шығару параметрлері,
соның ішінде қосымша ePrint шешімдері
туралы қосымша мәліметтер алу үшін QR кодын
сканерлеңіз немесе пайдаланушы нұсқаулығының
«Мобильді басып шығару» бөлімін қараңыз.
8. Мобильді және сымсыз басып шығару (қосымша)
HP Wireless Direct (M12w)
HP Wireless Direct мүмкіндігі сымсыз маршрутизаторды немесе кіру
нүктесін пайдаланусыз принтерге тікелей сымсыз желі қосылымын
жасау үшін смартфондар, планшеттер немесе компьютерлер сияқты
Wi-Fi мүмкіндігі бар құрылғыларға мүмкіндік береді. Wi-Fi мүмкіндігі
бар құрылғыларды жаңа сымсыз желіге немесе кіру нүктесіне қосу
жолымен принтердің HP wireless direct сигналына қосыңыз.
HP Wireless Direct мүмкіндігін қосу
Қосымша конфигурация опциялары үшін, төмендегі қадамдарды
орындап HP ішкі веб-серверден (EWS) HP веб қызметтерін қосыңыз:
1. Принтерді желіге қосып, принтердің IP мекенжайын алу үшін
конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. IP мекенжайын қолмен орнатуға немесе автоматты
түрде реттеу үшін пайдаланушы нұсқаулығындағы «Желі өнімін
реттеу» бөлімін қараңыз.
2. Веб-браузерді ашып, мекенжай жолына IP мекенжайын енгізіңіз.
IP мекенжайының мысалы: 192.168.0.1
8.1 8.2
Электрондық пошта арқылы HPePrint функциясын пайдалану үшін принтер
мына талаптарға сай болуы керек:
Принтер сымсыз желіге қосылған және онда Интернетке кіру мүмкіндігі
бар болуы керек.
Принтерде HPWeb Services қосылып тұруы және принтер HPConnected
қызметіне тіркелген болуы керек.
HP веб-қызметтерін қосу (M12w)
1. Принтер HP ішкі веб-серверге (EWS) қосылғаннан кейін конфигурация
бетін басып шығарып, принтердің IP мекенжайын анықтаңыз.
2. Компьютерден веб-браузерді ашып, мекенжай жолағына принтердің IP
мекенжайын теріңіз. HP EWS экраны ашылады.
3. HP Web Services (HP веб-қызметтері) жиекбелгісін басыңыз. Егер желіде
прокси сервер пайдаланылса, келесіні орындаңыз:
Proxy Settings (Прокси параметрлері) жиекбелгісін таңдаңыз.
Check this box if your network uses a proxy server to access the Internet
(Интернетке қосылу үшін желі прокси серверді пайдаланатын болса,
осы ұяшыққа құсбелгі қойыңыз) құсбелгісін таңдаңыз.
Proxy Server (Прокси сервер) жолына прокси сервердің мекенжайын
және порттың нөмірін енгізіп, Applyолдану) түймесін басыңыз.
4. HP Web Services (HP веб қызметтері) жиекбелгісін таңдап, Enable (Қосу)
түймесін басыңыз. Принтер Интернет байланысының параметрлерін
реттейді, осыдан кейін ақпарат парағының басылып шығарылатынын
көрсететін хабар шығады
5. OK түймесін басыңыз. ePrint парағы басып шығарылады. ePrint
парағынан принтерге автоматты түрде тағайындалатын электрондық
пошта мекенжайын табыңыз.
HP ePrint қызметін пайдалану
1. HP ePrint есептік жазбасын жасау үшін www.hpconnected.com торабына
өтіп, параметрлерді орнату процесін орындаңыз.
2. Тізімнен принтерді таңдаңыз немесе осы қосу үшін + Add printer
(Принтерді қосу) түймесін басыңыз. Принтерді қосу үшін принтер
коды қажет болады, мұндағы код — принтердің электрондық пошта
мекенжайындағы @ белгісіне дейінгі бөлігі.
ЕСКЕРТПЕ. Бұл код HP веб қызметтерін қосқаннан кейін тек 24 сағаттың
ішінде жарамды болады. Оның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, HP веб
қызметтерін қайтадан қосу үшін, нұсқауларды орындаңыз.
3. Setup (Орнату) түймесін басыңыз. HP ePrint параметрлері диалог терезесі
ашылады. Оның ішінде үш қосымша бет бар:
Allowed Senders (Рұқсат етілген жіберушілер): Принтерден керексіз
құжаттар басылып шықпауы үшін, Allowed Senders (Рұқсат етілген
жіберушілер) жиекбелгісін басыңыз. Allowed Senders Onlyек рұқсат
етілген жіберушілер) түймесін басып, ePrint тапсырмаларын жіберуге
болатын электрондық пошта мекенжайларын қосыңыз.
Print Options (Басып шығару опциялары): Осы принтерге жіберілген
барлық ePrint тапсырмаларына әдепкі параметрлерді орнату үшін,
Print Options (Басып шығару опциялары) жиекбелгісін басып,
пайдаланылатын параметрлерді таңдаңыз.
Advanced еңейтілген): Принтердің электрондық пошта мекенжайын
өзгерту үшін, Advancedеңейтілген) жиекбелгісін басыңыз.
9. Электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін орнату (қосымша)
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қосылған құрылғыдан, керек десеңіз бірдей желіде емес құрылғылардан принтердің электрондық пошта мекенжайына
электрондық пошта тіркемесі ретінде жіберу арқылы оларды басып шығару үшін электрондық пошта арқылы HP ePrint мүмкіндігін пайдаланыңыз.