HP LaserJet Pro M11-M13 - Getting Started Guide
2
Windows толық шешімі
1. Принтердің ықшам дискісін компьютерге салыңыз немесе
Интернеттен жүктеп алынған бағдарламалық құралдың орнату
файлын іске қосыңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Байланыс түрін таңдау
ұсынылған кезде тиісті опцияны таңдаңыз:
• Congure to print over the Wireless Network (Сымсыз желі арқылы
басып шығаруды конфигурациялау)
• Congure to print using USB (USB көмегімен басып шығаруды
конфигурациялау)
ЕСКЕРТУ: Орнату бағдарламасымен сұралмайынша USB кабелін
қоспаңыз.
• Connect to a congured Wireless Network Printer (Реттелген
сымсыз желілік принтерге қосу)
Тек сымсыз үлгілерге арналған
3. Орнату аяқталған кезде принтердің SSID атауы бар екенін тексеру
үшін конфигурация бетін басып шығарыңыз. (Cancel
(Бас тарту)
түймесін дайын шамы жыпылықтағанша басып тұрыңыз, одан
кейін конфигурация бетін басып шығару үшін оны босатыңыз).
4. Орнату аяқталған кезде USB кабелін ажыратыңыз. Телефоннан
немесе планшеттен басып шығару үшін құрылғыны принтер
қосылған сымсыз желіге қосыңыз.
Windows негізгі орнатымы
1. Принтерді қосыңыз.
2. Принтерден және компьютерден (қосылып тұрған) USB кабелін
ажыратыңыз. Егер принтер желіге қосылса, қосылған күйде
қалдырыңыз.
3. Осы www.hp.com/support/ljm11-m13 торабына өтіңіз.
4. Тізімнен принтерді немесе санатты таңдап, Drivers (Драйверлер)
түймесін басып, принтерге арналған орнату бағдарламалық
құралын жүктеп алыңыз.
OS X толық шешімі
1. Интернеттен жүктеп алынған .dmg бағдарламалық құралды
орнату файлын қосыңыз.
2. Бағдарламалық құралды орнатушы операциялық жүйенің тілін
анықтайды да, орнату бағдарламасының негізгі мәзірін сол тілде
көрсетеді.
3. Installation Options (Орнату опциялары) экраны орнатылатын
бағдарламалық құрал туралы толығырақ мәліметтерді береді.
Install (Орнату) түймесін басыңыз.
4. Бағдарламалық құралды орнату үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
5. Бағдарламалық құралды орнату процесінің соңында принтер
опцияларын конфигурациялау үшін HP Utility Setup Assistant
орнату көмекшісін пайдаланыңыз.
OS X негізгі орнатымы
Ықшам дискіден немесе hp.com жүктеуінен HP толық шешім
бағдарламалық құралын іске қоспастан негізгі баспа драйверлерін
орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Принтерді компьютерге немесе желіге қосыңыз.
2. System Preferences (Жүйе теңшелімдері) ішінен Printers and
Scanners (Принтерлер және сканерлер) түймесін басыңыз.
3. Төменгі сол жақтан қосу [+] түймесін басып, HPPrinter деп
аталатын драйвермен M11-M13 тармағын таңдаңыз.
7. Бағдарламалық құралды орнату
Принтердің ықшам дискісінен орнату
Windows үшін бағдарламалық құралды орнату файлдары принтермен
берілген ықшам дискісінде беріледі.
OS X үшін ықшам дискідегі орнатушы файлында DMG файлы бар.
Орнату бойынша ескертпелер
Принтердің бағдарламалық құралы туралы қосымша мәліметтерді принтердің
ықшам дискісіндегі орнату бойынша ескертпелер файлынан қараңыз.
Интернеттен жүктеу
1. Осы www.hp.com/support/ljm11-m13 торабына өтіңіз.
2. Download options (Жүктеп алу опциялары) астынан Drivers, Software &
Firmware (Драйверлер, бағдарламалық құрал және микробағдарлама)
түймесін басып, тиісті операциялық жүйені таңдаңыз.
3. Download (Жүктеу) түймесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Мына бөлімге өтіңіз: «7. Бағдарламалық құралды орнату».
ЕСКЕРТПЕ. Сонымен қатар, HP Easy Start келесінің бірімен жүктелуі мүмкін:
1. Осы 123.hp.com торабына өтіңіз
2. Принтер үлгісін таңдап, Begin (Бастау) түймесін басыңыз.
3. Файл сақталған қалтаның ішінен бағдарламалық құрал файлын іске
қосып, «7. Бағдарламалық құралды орнату» тармағына өтіңіз.
6. Бағдарламалық құралды орнату файлдарын табу немесе жүктеп алу










