User's Guide
4. Принтер автоматты түрде жаңартылған нұсқаларды тексеріп, веб-қызметтерді реттейді.
5. Веб-қызметтер орнатылған кезде, OK түймесін түртіңіз.
6. Принтер серверге қосылған кезде, принтер ақпараттық бетті басып шығарады және веб-
қызметтер түйінін экранға шығарады.
Кірістірілген веб-сервер арқылы веб-қызметті орнату
1. Енгізілген веб-серверді (EWS) ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Ендірілген веб-сервер
(102-бет) бөлімін қараңыз.
2. Веб-қызметтер қойындысын басыңыз.
3. Веб-қызметтерінің параметрлері бөлімінен Теңшеу түймесін, Continue (Жалғастыру) түймесін
басып, пайдалану шарттарын қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жаңартулар қолжетімді болған кезде, олар автоматты түрде жүктеледі және
орнатылады, содан соң принтер қайта іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен хабарласыңыз.
5. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
HP принтерінің бағдарламалық құралы арқылы веб-қызметтерді орнату (Windows)
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (20-бет) бөлімін қараңыз.
2. Көрсетілетін терезеде Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін екі рет басып, Print (Басып
шығару) бөліміндегі Connect Printer to the Web (Принтерді вебке қосу) тармағын таңдаңыз.
Принтердің басты беті (енгізілген веб-сервері) ашылады.
3. Веб-қызметтер қойындысында Continue (Жалғастыру) түймесін басып, пайдалану шарттарын
қабылдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Нұсқау берілсе, принтердің тексеруіне рұқсат етуді таңдап, принтер жаңартуларын орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жаңартулар қол жетімді болған кезде олар автоматты түрде жүктеледі және
орнатылады, содан соң принтер қайта іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Прокси-параметрлеріне нұсқау берілсе және желіңіз прокси-параметрлерді
пайдаланса, прокси-серверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін желі әкімшісімен немесе желіні орнатқан адаммен байланысыңыз.
5. Принтер серверге қосылған кезде, принтер мәліметтер бетін басып шығарады. Орнатуды аяқтау
үшін ақпараттық беттегі нұсқауларды орындаңыз.
HP ePrint құрылғысымен басып шығару
HP ePrint мүмкіндігін пайдалану үшін келесіні орындаңыз:
● Интернет- және элекстрондық поштаға кіретін компьютер не мобильді құрылғы болуы қажет.
● Принтердегі веб-қызметтерді қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату
(84-бет) бөлімін қараңыз.
KKWW HP ePrint құрылғысымен басып шығару 85