User's Guide
1 Телефон ұясы.
2 Параллель сплиттер.
3 DSL/ADSL сүзгісі.
Телефон сымының бір ұшын принтердің артындағы «1-LINE» портына жалғаңыз. Сымның
екінші ұшын DSL/ADSL сүзгісіне қосыңыз.
Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады.
4 Компьютердің DSL/ADSL модемі.
5 Компьютер.
ЕСКЕРТПЕ: Параллель сплиттерді сатып алу қажет. Параллель сплиттердің алдыңғы жағында бір
RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. 2 сымды телефон сплиттерді, сериялық
сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар параллель
сплиттерді қолданбаңыз.
Cурет 5-7 Параллель сплиттердің мысалы
Принтерді компьютердің DSL/ADSL модемімен реттеу
1. DSL провайдерінен DSL сүзгісін алыңыз.
2. Принтермен бірге берілген қораптағы телефон сымын пайдаланып бір ұшын DSL сүзгісіндегі
ашық портқа қосыңыз, одан кейін екінші ұшын принтердің артындағы таңбаланған 1-LINE
портына қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады.
3. DSL сүзгісін параллель сплиттерге қосыңыз.
4. DSL модемін параллель сплиттерге қосыңыз.
5. Параллель сплиттерді ұяға қосыңыз.
6. Факсті тексеруді қосу.
Принтерге қоңырау шалынғанда, принтер Жауап берілетін қоңыраулар параметрінде орнатылған
бірнеше қоңыраудан кейін автоматты түрде жауап береді. Принтер факсты қабылдау сигналдарын
жіберуші факс құрылғысына шығарып, факсты қабылдайды.
72 5-тарау Факс KKWW