User's Guide
Арнайы қоңырау үшін қоңырауға жауап беру үлгісін өзгерту
1. Принтердің факс қоңырауларына автоматты түрде жауап берілетін етіп орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Жауап беру күйін (автоматты түрдегі жауап) орнату (53-бет) бөлімін
қараңыз.
2. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
3. Теңшеу түймесін, одан кейін Басымдықтар тармағын таңдаңыз.
4. Арнайы қоңырау басыңыз.
5. Бірдей телефон желісінде бірнеше нөмір болғандықтан бұл параметрлердің өзгертілмейтіндігі
туралы хабар көрсетіледі. Жалғастыру үшін Иә түймесін басыңыз.
6. Факс қоңыраулары үшін телефон компаниясы арқылы тағайындалған қоңырау үлгісін таңдаңыз.
Егер тағайындалған қоңырау үлгісін білмесеңіз немесе ол тізімде болмаса, Ring Pattern Detection
(Қоңырау үлгісін анықтау) түймесін түртіп, экрандық нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қоңырау үлгісін анықтау мүмкіндігі қоңырау үлгісін анықтамаса немесе ол аяқталмас
бұрын мүмкіндікті алып тастаған болсаңыз, қоңырау үлгісі автоматты түрде әдепкі күйге
орнатылады, ол Барлық қоңыраулар болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Ішкі және сыртқы қоңыраулар үшін әртүрлі қоңырау үлгілері бар жеке телефон
станциясы (PBX) телефон жүйесін қолданып жатқан болсаңыз, факс нөміріне сыртқы нөмірден
қоңырау шалу қажет.
Теру түрін орнату
Бұл іс рәсімін үндес теру немесе импульстік теру күйін орнату үшін пайдаланыңыз. Әдепкі зауытта
орнатылған күй — Тональный (Үндес). Телефон желісі үндес теруді қолдана алмайтындығын
анықтамайынша, параметрді өзгертпеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Импульстік теру барлық елдерде/аймақтарда қол жетімді болмайды.
Теру түрін орнату
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Реттеу түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз.
3. Теру түрі түйемсін түртіңіз.
4. Үндік немесе Импульстық параметрін таңдау үшін түртіңіз.
Қайта теру параметрін орнату
Қабылдаушы факс құрылғысы жауап бермегендіктен немесе бос болмағандықтан, принтер факсты
жібере алмаса, қайта теру опцияларының параметрлеріне байланысты принтер қайта теріп көреді.
Параметрді қосу немесе өшіру үшін келесі процедураны қолданыңыз.
KKWW Факс параметрлерін өзгерту 55